Осы жаздың жаңалығы немесе қалайша қайтадан кітапқұмар атандым

Биылғы жылдың жазы кітап оқу тұрғысында мен үшін "Қайта туу дәуірін" әкелді.

Мектепте оқып жүргенде кітапсыз өткен күн болмайтын: бос уақыттың барлығы кітап оқумен өтетін, тіпті тамақ ішуге дастархан басына кітаппен баратынмын. Университетке келгенде жағдай түбегейлі өзгерді: бес жыл ішінде аяғына дейін жеткізіп оқыған бір ғана кітап есімде қалыпты — Ғабит Мүсіреповтің "Ұлпаны".
Әрі қарай

Мен ұсынатын кітап - «Американская трагедия»

Теодор Драйзердің «Американская трагедия» романын ұсынамын. Кітаптың электрондық нұсқасын мына жерден алуға болады. Бұл романды енді оқып бастадым. Қысқаша мазмұны мынандай: тәрбиелі жанұядан шыққан жас жігіттің өмірде көптеген қателіктерге ұрынып ақыр соңында өмірін электір орындықта аяқтайды.
Әрі қарай

3 кітап ұсынамын

Эстафетаны Өркеннен қабыл алдым.

Маргарет Митчелл «Желмен ғайып болғандар» («Унесенные ветром»).

«Ертең… Бәрін де ертең ойланамын!»
Скарлетт О’Хара

Бұл кітапты алғаш 17-18 жастарымда оқыдым ғой деймін. Сол кездері осы батыл қыздың мінезіне аса тәнті болған едім. Оның бойындағы батырлық, бірбеткейлік, қаталдық, махаббаты үшін дүниені төңкеріп жібере алатындай қасиеті – әрбір қыздың бойында жігерлік тудыртатыны сөзсіз. Америкадағы Азаматтық соғыс кезінде сүйікті әкесінен, анасынан, туған жерінен айрылып, кейін бәрін қайта қалпына келтіруге қолынан келгеннің бәрін жасайды. Көптеген істерге сүйіктісі Эшлиды қайтару үшін істегенімен оның бойында үлкен рух бар – жеріне, тіліне, қоғамына деген сүйіспеншілік. Менің ойымша дәл Скарлеттей емес, бірақ тым болмаса 20 пайыз осындай жігерлік әрбір арудың бойынан табылу керек деп ойлаймын. Екі томдық кітап. Кейін Маргарет Митчелл қайтыс болып, «Скарлетт» деген екі томдықты Александра Риплей деген жазушы жазған екен. Оны да оқыдым. Бірақ автор ауысқаннан кейін жанр да біраз өзгеріп кеткен сияқты болды.

Әрі қарай

Мен де ұсынайын 3 кітап

qisyq бастаған эстафетаны жалғастырайын.

1. Шибуми

Бұл романның авторы Треваниан. Қауіпсіздік қызметтері, терроризм, шантаж, үлкен оргазм арқылы адамды жазалау, қарапайым әдістер, құралдармен адам өлтіру, үңгірлерге түсу және тағы басқа қызық оқиғалар… Бас кейіпкер Николай Хел бірннеше тіл білетін, неше түрлі айла, әдіс білетін, бүкіл қауіпсіздік қызметтері қорқатын суперкиллер-философ. Бұл кітаптың бір ерекшелігі 1970-ші жылдары жазылған. Бірақ, болашақты керемет болжаған. Шибумиді түсіну үшін оқу керек. Сонда сіз де өз шибумиіңізге жетесіз.
Мына жерден түсіріп алуыңызға болады.
Әрі қарай

REWORK - Бизнес без предрассудков


Өткенде осы әдемі кітапты оқып бітіргенмін. Мықты жігіттер екен, западтағы 37signals деген компанияның жетекшілері.

Негізгі мақсаттары веб-сервиспен айналысу, яғни орта және кіші бизнес компанияларды эффективно управлять еткземіз дейді.
Әрі қарай

Қылмыс романын оқығандарың бар ма?

Алаш жұрты ауыр қазаға душар болды. Қытайдағы қазақ жазушысы, «қылмыскер» деп айыпталып, өмірінің қырық жылын тар қапаста, қалғанын үйқамақта өткізген Қажығұмар Шабданұлы 86 жасында бақиға аттанды.

Бір көңіл жұбатарлығы, ақсақал түрме ішінде жазған «Қылмыс» романының 6 кітап болып Қазақстанда жарық көргенін көріп кетті.
Әрі қарай

Бір жылда қанша кітап оқисыз?

ЮНЕСКО-ның өлшемдері бойынша адамдардың оқыған кітап санына қарай бөлген екен: Көп оқитын 1 жылда: 21 және одан көп кітап оқитын адам Орташа оқитын 1 жылда: 6-20 кітап оқитын адам Аз оқитын 1 жылда: 1-5 кітап оқитын адам Еш кітап оқымайтын адам, оқымайтын адам Сіз осы категорияның қайсысына жатасыз? Мысалы өткен жылы оқыған кітаптарыңызды бір санап шығыңызшы… Сосын шыныңызды бүкпей осы жерге жазыңыз… Бұл бір өтініш…
Әрі қарай

Кітаптар әлемі..

Кітаптар әлемі..ЮНЕСКО-ның өлшемдері бойынша адамдардың оқыған кітап санына қарай бөлген екен:
Көп оқитын 1 жылда: 21 және одан көп кітап оқитын адам
Орташа оқитын 1 жылда: 6-20 кітап оқитын адам
Аз оқитын 1 жылда: 1-5 кітап оқитын адам
Еш кітап оқымайтын адам, оқымайтын адам
Сіз осы категорияның қайсысына жатасыз? Мысалы өткен жылы оқыған кітаптарыңызды бір санап шығыңызшы… Сосын шыныңызды бүкпей осы жерге жазыңыз… Бұл бір өтініш… Мен мысалға жиырмаға жуық кітап оқыған шығармын деп ойлаймын… Сонда мен орташа оқитындар қатарына жатады екенмін..
Әрі қарай