Осы жаздың жаңалығы немесе қалайша қайтадан кітапқұмар атандым

Биылғы жылдың жазы кітап оқу тұрғысында мен үшін "Қайта туу дәуірін" әкелді.

Мектепте оқып жүргенде кітапсыз өткен күн болмайтын: бос уақыттың барлығы кітап оқумен өтетін, тіпті тамақ ішуге дастархан басына кітаппен баратынмын. Университетке келгенде жағдай түбегейлі өзгерді: бес жыл ішінде аяғына дейін жеткізіп оқыған бір ғана кітап есімде қалыпты — Ғабит Мүсіреповтің "Ұлпаны".
"Қайта туу дәуірінің" тууына себеп — электронды кітап оқығыш құралымның пайда болуы. Бұған дейін ондай құралдар пайдаланбағасын, салыстырулар жасай алмаспын, бірақ «Амазон» компаниясының «Kindle»(Киндл) электронды кітабы көңілімнен шықты (wi-fi, 3G, mp3, тексті дауыстап оқу, ағылшынша түсіндірме сөздік сияқты қосымша «фишкалары» бар; бір қызығы, 3G арқылы ақысыз түрде байланыспен қамтылған кез келген жерде википедия мен Киндлдің өз сайтына кіруге болады).

Компьютердің түкпірлерінде «шаң басып» бірнеше бума е-кітаптар жатыр еді, шетінен жайлап кеміруді бастадым. Ең алғашқы оқығаным Аркадий және Борис Стругацкийлер болды (қанша уақыттан бері кітап оқымай қарайып қалған басымды терең ойлы ауыр кітаптармен бірден жүктемейін деп, өзім жақсы көретін ғылыми фантастикадан бастағаным). Рецензия жазудан аулақпын, бірақ қысқаша әсерімді жаза кетсем:

Біріншісі «Понедельник начинается в субботу». «Чародеи» фильмі осы шығарманың негізінде түсірілген екен, сценариі бірақ біршама өзгертілген. Жалпы повесть тартымды, қызықты болғанмен, соңына жеткенде алданып қалған баладай сезіндім. Аяқталмағандай көрінді оқиғасы.

Екіншісі «Пикник на обочине». Бұл шығарма «Сталкер» атты фильмге негіз болған екен, бірақ оны көру бақыты бұйырмапты бүгінге дейін. Кітабын оқып, фильмі бұдан қызығырақ болуы керек деген тұжырым жасадым. 

Жақында интернеттен бір пікірді оқыдым, «кім кітап оқыса, сол өзінің уақытын өзінен ұрлап жатыр, өз жеке ойымен жүрудің орнына, бөтен ойларды оқып» деген мағынада. Керісінше, сол «бөтен ойлардан» адамның өз жеке ойы туындайтынына сенемін. Әсіресе, қазір оқып жатқан Шыңғыс Айтматовтың шығармаларынан алған әсерлер оған дәлел. Бірақ «ол туралы толығырақ… толығырақ...» © бөлек жазбада айтармын.
Бөлісу:

21 пікір

KILYZAMAN
Оқыдыңба, тыңдадыңба соны түсінбей отырмын…
(wi-fi, 3G, mp3, тексті дауыстап оқу, ағылшынша түсіндірме сөздік сияқты қосымша «фишкалары» бар; ...)
Пікір түзетілген: 26 тамыз 2011, 12:05
Karakyz
Оқыдым. Құлақпен ақпаратты көзге қарағанда баяу қабылдаймын, сондықтан аудиокітаптармен дос емеспін.

Ал фишкасына келсек, дауыстап тек ағылшынша мәтінді оқи алады, орысша әріп танымайды)
e_zhalgas
ол игілік қанша түрады екен?
Karakyz
Ол игілік шатаспасам 189 доллар тұрады. + 30-40 доллар шамасында чехолы бар.
e_zhalgas
жақсы екен, қолжетімді, тек чехолсыз алу керек сияқты
meirzhan
Чехолды спицалармен тігіп алуға болады.
Karakyz
Қолөнермен дос емеспін.
Karakyz
Чехолсыз ыңғайсыз, онсыз ластануы мүмкін. Сосын ол чехолдың да фишкасы — жарық лампасы бар, қараңғыда сонымен оқуға болады, қуатты киндлдің өзінен алады.
e_zhalgas
демек, киндлдың экраны әдепкі көз үйренген экрандардан өзгеше ескі қолтелефондардыкіндей (черно-белый) деген қорытындыға еріксіз келе берсем болады ма? жоқ, одан да гуглдеуге кеттім…
Karakyz
төмендегі пікірді оқысаңыз, сұрамай-ақ білер едіңіз)
monti
189 доллар тұрады
инет магазинен алдын? әлде КЗда уже мындай ақшаға алуға болад па?
Pocketbook пен әзірге М-book бар,
Покеттің светі жогы ғана ұнамайд
ал М-буктің көзге әсері бар дегенді естіп қалдым
а так өмір рахат ғо ұзақ жолда болғанда покет пен м-буктан бас тартпас едім
Karakyz
АҚШқа барған таныстарыма алдырдым. М-бук тың да экраны подстветкасыз еді ғой, қандай әсері барын.

Айтпа, тіпті қаланың ішінде жүргенде де оқи беремін, автобусқа мінгенде. Сумкамнан тастамай алып жүрем қайда барсам да, сосын қолым қалт еткенде (жұмыста түскі ас кезінде) оқимын.
monti
супер кен, М-букта бар, мүмкін мендегісі кытай шығар бірақ рахат 10 сағат тоқтамай жұмыс істеу причем аудиосын қатар тыңдап отсаңда болад, ішіне мультидің бәрін саған очм не керек

автобуста оқуға бомайд  көз давленияге әсер етед((((дәрігердің нұсқауы) менде басында мән бермейтін қазір көзіме бомай жүр
meirzhan
Электронды кітапты оқығанда көз ауыра ма екен? қазақша кітаптардың электронды нұсқалары көп пе?
Karakyz
Көз ауырмайды, подсветкасы жоқ болғандықтан. Қараңғыда, мысалы, сотка, комп қарағандай оны оқи алмайсыз. Общым, әсері кәдімгі қағаз кітап оқығандай.

Қазақша кітаптар табу қиын шығар-ау, іздемеппін, әзірше орысша оқып жатырмын.
asaubota
соны сұрайын деп едім. подсветкасы бар ма деп. ұйқы алдында сотка шұқитындарданмын. осындай эбук алсам подсветкасы бар ма әлде ноут ыңғайлы ма деп сұрайын дегем.

бір кезері комптан djvu форматында көп оқитынмын, мықты ыңғайлы осы формат.
kmkz
Шангыс Айтматовтын китаптары туралы жазбаныз шыкты ма?
satibaldi
Ия, қаламгер атамыздың есімі осы уақытқа дейін қате жазылып келген екен дейді.