"Орталық Азиядағы Интернет саласының дамуы InternetCA-2013" форумы төртінші рет өтеді

  • kazjur
Қадірлі достар, сіздерге Алматы қаласындағы «Орталық Азиядағы Интернет саласының дамуы InternetCA-2013» форумы өтетіндігін хабарлаймыз.
Интернет-форум Алматы қаласында 2013 жылдың 23-24 мамырында «Достық» қонақ үйінде (Құрманғазы к-сі 36, Қонаев к-сі қиылысы) өтеді.

Форумға Германия, Грузия, Ресей, Украина, Литва, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің сарапшылары қатысады.

Форумға онлайн-тіркелу жалғасуда. Шараға қатысу тегін. Егер сіз форумға қатысқыңыз немесе журналист, блогер ретінде тіркелгіңіз келсе, келесі үлгіні толтырыңыз.

Форумның алғашқы күні конференция түрінде өтсе, екінші күні сарапшылар екі қатарлы сессия айналасында мастер-кластар өткізеді. Бағдарламаны мына сілтеме арқылы көруіңізге болады.

Форумның негізгі тақырыптары «Интернет желісі аясындағы мемлекеттік саясат», «Ғаламтордағы сөз бостандығы мен жеке өмірді қорғау», «Желідегі ақпараттарға қол жеткізу», «Электронды үкіметтің дамуы», «Интернет журналистика», «Интернет-құралдардың тиімді коммуникациядағы рөлі», «SMM және блогинг», «Интернет-жобалардың монетизациялануы», «Интернет-сатылымдар» және т.б болмақ.

Шарадағы сарапшылар қатарында ЕҚЫҰ Өкілдігінің БАҚ бостандығы мәселелері бойынша бюросының директоры — Андрей Рихтер, журналистерге құқықтық тұрғыдан көмек көрсету орталығының құқықтық сарапшысы, РФ Қоғамдық палатасының консультанты — Борис Пантелеев, Литвадағы Журналистер Одағының төрағасы — Дайнюс Радзявичус, «Стоп цензуре» журналистік қозғалысының белсендісі Наталья Соколенко бар.

Сонымен қатар, «Айтабер» сайтының админі Садық Шерімбек, «AppleSinn» техникалық көмек көрсету және бағдарламалармен қамтамасыз ету орталығының Бас директоры-Нұрлан Құлымбетов және тағы да басқа танымал қазақ блогерлері баяндама оқитын болады.

Шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының, Сорос-Қазақстан және Қазақстандағы Конрад
Аденауэр атындағы қор Өкілдігінің демеушілігімен ұйымдастырылды.

Барлық сұрақтар бойынша MediaNet ХЖО жоба және PR үйлестірушілері Василина Ворковаға (vassilina.vorkova@gmail.com) және Дінмұхаммед Зиядинге (aliziyadin@gmail.com) сонымен қатар +7 727 261 66 69, 261 27 90 телефондарына хабарласыңыз.
Достар! Барлығыңызды форумда көремін деген үміттемін! Кездескенше
Әрі қарай

Журналистика мектебіне қабылдау аяқталып қалды. Асығыңыздар!

  • kazjur
Көптен бері жазба жазбағаныма кешірім сұрай отырып, жаңа бастап келе жатқан блогерлерге немесе болашақ журналистерге пайдалы болар деген ниетпен мына хабарландыруды жариялап отырмын.

Алғашқы қазақстандық тәуелсіз Журналистика мектебі журналистика курсына қабылдау қабылдау мерзімінің аяқталуға жақындағанын хабарлайды.

MediaSchool – еліміздің шынайы медианарығына бейімделген журналистика және PR Мектебі.
Журналистика мектебі журналистік шеберлікті меңгергісі келетіндерге, бірақ БАҚ саласына қажетті тәжірибесі жоқ адамдарға арналған. Оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Қарқынды практикалық оқыту бағдарламасы мынадай блоктардан тұрады:
• Баспасөз БАҚ-ы;
• Ақпараттық агенттіктер мен электронды БАҚ құралдары;
• Заманауи медиа;
• БАҚ және Құқық.
Оқу барысында студенттер Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары туралы жалпылама мәлімет алып, жарияланымдардың құрылымын зерттеп, әр түрлі форматта мақала жазуды, ақпарат көздерін тауып, телевизиялық жаңалықтар сюжетін жасауды үйренеді.

Сонымен қатар жаңа медиамен жұмыс жасаудың ерекшеліктерімен, мультимедиялық журналистиканың заманауи талаптарымен танысып, этикалық және заңдық нормаларды сақтай отырып мақала жазудың қыр-сырын меңгереді. Дәрістер тренинг түрінде өтеді. Оларды тәжірибелі мамандар – журналистер, блоггерлер, редакторлар, саясаттанушылар, сарапшылар, құқыққорғаушылар, инфографистер, заңгерлер өткізеді.

Журналистика Мектебіне қабылдау 2013 жылдың 1 сәуіріне дейін жалғасады. Сабақ 2013 жылдың 2 сәуірінде басталады. Оқу ақысы айына – 25 000 теңге.
Курстың оқу мерзімі – 4 ай (3 ай – оқу, 1 ай – тәжірибе). Дәріс сейсенбі және бейсенбі, жұма күндері кешкі уақытта жүреді.
Қосымша ақпаратты топ үйлестірушісінен ала аласыз: Рысгүл Рамазанова, +7 727 261 66 69, +7 778 907 16 08, rasti.comwashington@gmail.com

P.S: Журналистика немесе блогқа қызығатын адамдарға үлкен пайдасы тиетініне сенімдімін. Жаңа блог бастаушылар, студенттер осы жолғы курсқа үлгеруге тырысыңыздар!
Әрі қарай

10-12.02.2012. Астана. Startup Weekend.

  • kazjur
Жаңа aorda.kz сайтына жариялап едім, осындағыларға да пайдалы болар деп тағы да хабарлап отырмын.



Startup Weekend [стартап уикенд] – идеясын бизнеске айналдырғысы келетін жандарға арналған үлкен мүмкіндік. Ақпан айының 10-12 күндері Астанада ұйымдастырылып отырған шараға технологияға қатысты идеясын бизнеске айналдырғысы келетін кез-келген адам қатыса алады.
Әрі қарай

Samsung Galaxy SII видео өңдеуі

  • kazjur


Астанадағы «Мінбер» тренингіндегі бір сәт қой.

Samsung Galaxy SII телефоны қолыма тигеніне біраз болса да ішінде видео өңдейтін бағдарламасы барын таяуда білдім.
Әрі қарай