Рэп-басқосу: MC Ali - Бір тудың астында (ft. Tarlan, Biko, G-HAD отбасы, MC ASA, BNN, Шоқан, Hazard, ШYNGYS)

Тағы да қазақша рэп-басқосу

ЕСКЕРТУ: ӘНДЕ БАЛАҒАТ СӨЗДЕР БАР, СОНДЫҚТАН ОНДАЙ СӨЗДЕРГЕ АЛЛЕРГИЯСЫ БАРЛАР ТЫҢДАУДАН БАС ТАРТҚАНЫ ЖӨН. АТА-АНАЛАРЫҢЫЗДЫҢ ЖАНЫНДА ӘННІҢ ДАУЫСЫН ҚАТТЫ ШЫҒАРЫП ТЫҢДАУҒА ДА КЕҢЕС БЕРІЛМЕЙДІ. ТЫҢДАП ҚОЙСАҢЫЗДАР, ЕСКЕРТПЕДІ ДЕМЕҢІЗДЕР!



Әрі қарай

Тупактың туған күні

Ойбууу, ұмытып барады екенмін. Бүгін — Тупак Амару Шакурдың туған күні. Тірі болса, 40 жасқа келер еді. Бірақ оған небәрі 25-ақ жыл өмір сүру бұйырған екен. Сонда да көп шығармаларын қалдырып кетті, дегенмен. Тірі кезінде жазып кеткен материалдарының негізінде дайындалған альбомдары әлі күнге дейін шығып жатыр.
Ары қарай клиптер сөйлесін:
2Pac — I Wonder If Heaven Got A Ghetto


Әрі қарай

Beef деген не?

Тақырып сиырдың еті туралы емес. Хип-хопта осындай бір ұғым бар. Рэпперлердің арасындағы дұшпандық, бәсекелестік деп түсінуге болады. Рэпшілер, жалпы тек рэпперлер ғана емес, әртүрлі тәсілдермен бір-бірін кемсітіп, мұқатып, мазақтап қалуға тырысады. Мұндай әрекеттер дисс (ағылшынша «disrespect» — «сыйламау» деген сөзден қысқартылған) деп аталады. Биф деген — екі тұлғаның (мейлі заңды болсын, мейлі жеке) арасындағы осындай дисстердің жиынтығы.
Әрі қарай

Рэп-басқосу: Младший жуз - Потенциал стиля (ft. Ультиматум, Теория семи дней, Смерч, Кича (Black Cost))

Шамамен 2006 жылдан бастап болса керек, қазақстандық репірлер Интернет арқылы бір-бірімен танысып, соның нәтижесінде басқосулар көп болып кеткен болатын. Басқосу дегеніміз — бірнеше рэпшінің бірігіп, репрезент тәрізді трек жазуы. Опшым, төменде сондай басқосулардың алғашқыларының бірі берілген. Тыңдап көріңдер:

Бұл тректе Атырау, Ақтау, Алматы, Шымкент қалаларының мықты деген рэпперлері жиналған.


Жүктеп алу Талқылау
Тректің алынған жері — Realmusic.ru*


Әрі қарай

Metis's ft. Antrax - Небо ("999" фильмінің саундтрегі)

Тағы да Black Cost тобының мүшесі ) Бұл жолы Antrax деген рэпші. Клиптегі тақырбас жігіт.


Бұл — өткен жолы Патик рецензиясын жазған «999» фильміне жасалған саундтрек. Өзіме ұнағандай болды, әйтеуір. Музыкасында Тупактың "California Love" деген өлеңінің минусын еске түсіретін жерлері бар.
Әрі қарай

KICHA - Это HIP-HOP

Salamalec Sound* лейблының тағы бір өкілін қарсы алыңдар. Бұл — Шымкенттік атақты Black Cost тобының мүшесі Kicha деген жігіт. Мынау — биыл шыққан клипі. Клиптен G-HAD тобының мүшелерін де байқауға болады

*Salamalec Sound лейблына, менің білуімше, қазір G-HAD, Black Cost, Б.К. (Братья Казахи) топтары кіреді.
Клиптің түсірілу тәсілдері де G-HAD тобының клиптерінің арқасында таныс болып қалған шығар ))
Әрі қарай

Баттлдар: Red Bull BC One 2010 жылғы финалы - Neguin vs. Just Do It

Өткен жолғы BOTY сияқты, Red Bull BC One да — брейкданстан әлем чемпионаттарының бірі. «Резеңке етіктен» айырмашылығы — мұнда командалар емес, жеке бишілер жарысқа түседі.
Алдарыңда — 2010 жылы Токиодан өткен чемпионаттың финалы.

Әрі қарай