Рэп-басқосу: Младший жуз - Потенциал стиля (ft. Ультиматум, Теория семи дней, Смерч, Кича (Black Cost))

Шамамен 2006 жылдан бастап болса керек, қазақстандық репірлер Интернет арқылы бір-бірімен танысып, соның нәтижесінде басқосулар көп болып кеткен болатын. Басқосу дегеніміз — бірнеше рэпшінің бірігіп, репрезент тәрізді трек жазуы. Опшым, төменде сондай басқосулардың алғашқыларының бірі берілген. Тыңдап көріңдер:

Бұл тректе Атырау, Ақтау, Алматы, Шымкент қалаларының мықты деген рэпперлері жиналған.


Жүктеп алу Талқылау
Тректің алынған жері — Realmusic.ru*


Тректегі рэп айтқан орындаушылардың реті мынадай:
1. Прапор (Младший жуз, Атырау)
2. Crazy MC (Ультиматум, Ақтау)
3. Лютр (Ультиматум, Ақтау)
4. Пирожок (Теория семи дней-Ультиматум, Ақтау-Алматы)
5. Стелс (Младший жуз, Атырау)
6. Fantom (Ультиматум, Ақтау)
7. Смерч (қазір Жақау, Жаңаөзен-Ақтау)
8. Mad Mickey (Младший жуз, Атырау)
9. Татарин (Ультиматум, Алматы)
10. Кича (Black Cost, Шымкент) (соңындағы дыбыс кесіндісі — осы жігіттің дауысы)

*Сілтеме берілген бетте «Младший жуз» («Кіші Жүз» деп те айтылады) тобының басқа да тректері бар.
Бөлісу:

24 пікір

omarbirat
Келесі жолы таза қазақшаларын шығарамын. Мынауы орысша аралас.
patick
Батыстың микстейпін тыңдап көрелік
omarbirat
Өзім оқу техникасына өте жоғары деңгейде деген баға берем. Фантомның даусы жынды енді
Dinara
біздің рэперлердің бәрі батыс жақтан ба деп жүрсем, Шымкенттен де бар екен
omarbirat
Бар. Бар болғанда қандай рэпперлер. Гуглдан Black Cost, Узники Свободы деп іздеп көр
Dinara
рахмет, кейде анда санда тыңдағаным болмаса  қазір мынаны тыңдап отырмын: www.youtube.com/watch?v=ohXI3po8hK0
кайфты бұзбай ақ қояйын
Beytanis
Шыңғыс деген бар.
omarbirat
Мына өлеңді қоймай тыңдушы едім бұрын:
))
Dinara
қазір жақсы жақсы қазақша рэптер шығып жүр ғой ия, сөздерінің мәні бар
omarbirat
Иә, шығып жүр. Шыға да бермек.
Beytanis
Осы рэпті дым тыңдай алмаймын. Сынап көрейін деп тыңдағаным бар, 1 минөтке жетпей басым ауырып кетіп қоя салдым. Әннің естісі бар, есері бар, тыңдаушы құлақты тесері бар демекші.
omarbirat
Мен де тыңдай алмаймын. Әсіресе, қаптаған Lil, Young деген репірлерді
Erlan
muzofon.com/search/УЛА%20и%20ЖАКО осы балдардын рептери унайды
omarbirat
Рақмет. Аттарын көріп жүрсем де тыңдамаппын осы жігіттерді. ДМХ-ның жігіттері деп ойлап жүріппін, неге екенін
Zilola
кеше таксиде бір ертегі болып басталатын реп тыңдадым. Типа «ерте, ерте ертеде» деп ертегі оқып отырады да, артынша «Кім кінәлі» (Бақай) стилінде реп оқиды. Батыстың реперлері деп ойладым
omarbirat
Осыған ұқсас басталатын біреуін білемін. Бірақ ол жолаушылардың қасында ұялмай тыңдап отыра беретін өлең емес еді
Zilola
у-шу трассада менде қатырып тыңдай алмадым сөздерін, сол ұятсыз болса сол шығар )) Әйтеуір Талғарға жеткенде «мен ұйықтап жатқан балаға ертегі оқығанмын ба» деген соңғы сөзін естіп үлгердім
omarbirat
Ааа, онда мен ойлаған өлең емес екен.
Dinara
французша рэптер сосын, сөзін түсінбесем де құлаққа жағымды естіледі
omarbirat
Иә, ағылшыншадан кейін француздардың рэпі мықты болып жатыр. Түрікше рэпті тыңдап көр. Әсіресе Ceza деген рэпперді
Dinara
ия, тыңдағам. жап жақсы
Dinara
анауысы да менмін, мынауысы да менмін дегені бар еді
omarbirat
Dinara
аха осы  
сөздерді қалай келістіріп алған