Рэп-басқосу: Младший жуз - Потенциал стиля (ft. Ультиматум, Теория семи дней, Смерч, Кича (Black Cost))

Шамамен 2006 жылдан бастап болса керек, қазақстандық репірлер Интернет арқылы бір-бірімен танысып, соның нәтижесінде басқосулар көп болып кеткен болатын. Басқосу дегеніміз — бірнеше рэпшінің бірігіп, репрезент тәрізді трек жазуы. Опшым, төменде сондай басқосулардың алғашқыларының бірі берілген. Тыңдап көріңдер:

Бұл тректе Атырау, Ақтау, Алматы, Шымкент қалаларының мықты деген рэпперлері жиналған.


Жүктеп алу Талқылау
Тректің алынған жері — Realmusic.ru*


Әрі қарай

Metis's ft. Antrax - Небо ("999" фильмінің саундтрегі)

Тағы да Black Cost тобының мүшесі ) Бұл жолы Antrax деген рэпші. Клиптегі тақырбас жігіт.


Бұл — өткен жолы Патик рецензиясын жазған «999» фильміне жасалған саундтрек. Өзіме ұнағандай болды, әйтеуір. Музыкасында Тупактың "California Love" деген өлеңінің минусын еске түсіретін жерлері бар.
Әрі қарай

KICHA - Это HIP-HOP

Salamalec Sound* лейблының тағы бір өкілін қарсы алыңдар. Бұл — Шымкенттік атақты Black Cost тобының мүшесі Kicha деген жігіт. Мынау — биыл шыққан клипі. Клиптен G-HAD тобының мүшелерін де байқауға болады

*Salamalec Sound лейблына, менің білуімше, қазір G-HAD, Black Cost, Б.К. (Братья Казахи) топтары кіреді.
Клиптің түсірілу тәсілдері де G-HAD тобының клиптерінің арқасында таныс болып қалған шығар ))
Әрі қарай