Beef деген не?
Тақырып сиырдың еті туралы емес. Хип-хопта осындай бір ұғым бар. Рэпперлердің арасындағы дұшпандық, бәсекелестік деп түсінуге болады. Рэпшілер, жалпы тек рэпперлер ғана емес, әртүрлі тәсілдермен бір-бірін кемсітіп, мұқатып, мазақтап қалуға тырысады. Мұндай әрекеттер дисс (ағылшынша «disrespect» — «сыйламау» деген сөзден қысқартылған) деп аталады. Биф деген — екі тұлғаның (мейлі заңды болсын, мейлі жеке) арасындағы осындай дисстердің жиынтығы.
Рэпте бифтің ең жарқын мысалы ретінде 2Pac пен Notorious B.I.G. марқұмдардың арасындағы жағдайды келтіруге болады.
Сонымен, төменде — рэп тарихындағы ең жесткий дисстердің бірі. Өлеңде нормативтен тыс лексика бірліктері көптеп кездесетіндіктен, өздерін мәдениеттімін деп санайтын кісілердің тыңдамай-ақ қоюы рекоменделеді.
2Pac ft. Outlawz — Hit 'Em Up (Ноториусқа шығарған диссі)
Қауымдастықтағы тақырыптарды қадағалап тұрыңдар: алда қазақша рэптегі биф туралы тақырып болады

Мына ән мен клип естеріңде шығар:
Уооот, осы Bad B. Альянс құрамында Шeff пен Лигалайз екеуі келіспей қалып, бір-біріне дисс жазып кетті ақыр аяғында.
Мынау — Лигалайздың Шеффке жазғаны:
Ал мынау — Шеффтің жауабы. Лигалайз бен ДеЦлдің әкесіне: