Пряма пайдош...

Мен таза қазақы ауылда өстім.Өзге ұлтың бір өкілі жоқ еді біздің ауылда. Бірен-саран адамдардың үйіндегі жұмысшыларын есептемегенде. Мектепке бармаған кезім. Бірақ шатып-бұтып бірдеңе айтқан болам орысша.Бұның бәрі әріпті ерте танығанымның арқасы.Өзімнен үлкен әпкелерімнің кітаптарын оқи беретінмін. Бірдекөліктері құртылып қалды ма,әлде басқа себептері болды ма екі орыс біздің үйдің жанына тоқтады. Түскі ас кезінде мамам (әжемнің бауырында өсіп ол кісіні мама деп атап кеткенмін) «аналарды асқа шақыр» деді. Мен де қалай шақырамын деместен тұра жүгірдім. Екеуінің жанына барып, «Эй, русский, кушай рожки» дедім. Түскі асқа тіптен «рожкида „емес қой ең құрығанда…
Біздің ауылдан әрі Қарағаш деген орманды ауыл бар.ол жақта саңырауқұлақ түр-түрімен өседі. Күзге салым орыстар ағылады сол ауылға қарай. Шамасы бірінші класс оқимын. Мектепке бара жатқан менің жаныма бір жигули тоқтады.Ішінен түскен орыс жаңағы ауылды сұрады менің пайымдауымша.“Пряма пайдош, Карағаш найдош» дедім мен саспастан.
Әрі қарай

Күй тыңдағыңыз келсе - www.kui.kz



www.kui.kz — Күй және күйшілерге арналған сайт. Онлайн күй тыңдап және күйлердің шығу тарихын оқи аласыздар. Сондай-ақ сайт авторы Нұржау Көшербайдың авторлық бағдарламасы «Күй Дарияны» таңдай аласыздар. Күй ұнататын достарыңызға жібере отырыңыздар.

www.kui.kz
Әрі қарай

Мода терминдер туралы

Тәуелсіздік алғалы бері жаманы бар жақсысы бар жиырма жылдық тарихты жазып тастаған екенбіз… Тәуелсіздік алған жылдан бұрынғы бір жиырма жылды алып қарасақ (яғни 1970 жылдар, бұл жиырма жылдық қазақтың халық ретінде алған белесі орасан зор, бұл туралы кейін тағы жазармын — автор), қырық жылдың ішіндегі қазақ халқының өзгерісін көруге болады..180 градусқа бір бұрылыс болғаны анық… Кеңестік үлкен идиологияның орнын, үлкен капиталистік идиология басты… Бір өкініштісі бұл жаңа дәуірдің идиологиясында, қазақтың құндылықтарына көңіл бөлетін, қазақтың басын біріктіріп, бір халық, жұмылған жұдырық ететін бір бастамаға орын берілмеген екен…

Баршамыз, Қазақстанда екі түрлі халықтың өмір сүріп келе жатқанын білеміз… Бұған етіміз үйреніп кетті..Өкініштісі, атқа мінер азаматтардың негізгі бөлігі, үкіметтік биліктің құрамын құраушылар, қазақтық құндылықтарға біраз алыс қалғандар болып шықты… Себебі қазақтың ең негізі құндылығы болып келетін – қазақ тілінде сөйлеуге, қазақ тілін үйренгу талпынып көрмеді… Көргендерде бар шығар… Олар бірең-сарңдардың қатарын құрайды…

Бұл мәселенің бір жағы…
Әрі қарай

Аманат. Өсиет

Аманат
Жасы келіп өлейін деп жатқан шал балаларын жанына шақырып алыпты. 1 ұлы және 1 қызы болса керек.
-Мен өлген соң сары сандыққа өзің ие бол ұлыммм…
Осы жерде кемпірі шыдай алмай кетіп,-Сандықты ұлына бергенді кімнен көрдің? Қызыңа бер-десе керек. сонда шал соңғы күшін жиып:
-Әй, кемпір өлейін деп жатқан мен бе, сен бе?-деген екен.

Өсиет
Әкесі өлейін деп жатып баласын шақырып алып соңғы сөзінде,:«Балам менің бір тілегім бар, орындайсың ба?»-депті. ажал аузындағы әке тілегін орындамайтын бала кемде-кем.
-Орындаймын әке!
-Ендеше менің аяғымдағы нәскиімді шешпей жерлет және мына қағазды жерлеп болған соң оқы, оған дейін оқыма- депті.
Шал өлді. Жерлеу рәсімі басталғанда баласы,"Әкемнің соңғы сөзі еді, нәскиімен жерлейік«деп өтінеді.Бірақ шариғат заңы бойынша қалай дүниеге келді, солай жерленеді ақыры.Әкесін жер қойнына тапсырған жігіт, оңаша жерге барып қағаздағы жазуды оқиды.
»Балам, өзің көргендегідей мен о дүниеге жыртық нәскиде алып кете алмадым. Дүниеге көп құныға берме" деген жазу бар екен әлгі қағазда.
Әрі қарай

Жаңа өткен қоян...

Біздің Ескене ауылы екіге бөлініп жатыр. Таудың (өзімізге тау, қырат негізінде) шеткері мүйісінде Талдыбұлақ атты шағын ауылымыз бар. 15 үйлі. Осы Талдыбұлақтан Ескенеге мектепке барамыз. Екі ортаның қашықтығы 2 шақырымнан аса болар. көрші және ағайын болып келетін Ербол екеуміз көбіне бірге барамыз (Кеңес Одағы ыдырағанша бізді аранйы көлікпен тасымалдайтын). Жарты сағаттық жол. Екеуміз таудың етегіндегі жолмен әңгімелесіп келе жатқанбыз. Кенет Ербол тоқтай қалды. алдымызды кесіп өткен қоян ізі жатыр екен. Ербол қолғабын (биялай деп те атайды) шешіп ізді ұстап көріп, «жып-жылы екен, жаңа ғана өткен қоян екен» демесі бар ма))) Шамасы сол кезде мен 5, ол 3-ші класта оқимыз-ау деймін.
ПыСы.Класс сөзін мен көп жерде қолданамын.Мүмкін біздің мектептегі соңғы жылдарымызда кірген «сынып» сөзіне бойым үйренбеген болар.Тегі әр сөзді аудара бергеніміз де дұрыс емес секілді.
Әрі қарай

Менің әпкем

Бұрынырақта жазып жеке блогыма ілген жазбам екен.Сіздермен бөліссем деп едім.

Бұны әңгіме дейсіз бе, әлде шағын естелік дейсіз бе оны өзіңіз біліңіз. Анық білетінім, қолыма қалам алғызып отырған сағыныш. Балалық шаққа деген, қазіргі уақытта Балқаш қаласында ұстаздық қызмет атқаратын әпкеме деген сағыныш. Біздің Қарағанды төңірегнінде өзінен үлкен қыз баланы апа деп те айта береді. Жалпыға түсінікті болу үшін жазып жатқаным ғой. Әпкем екеуміздің қызығымыз көп.
Алғаш әріп үйретіп, есеп амалдарын шығару жолдарын үйреткенінде мен 5 жастамын. Газеттерді судыратып оқитын дәрежеге жеткізді. Үйге келген қонақтарға көлдей «Лениншіл жасты» оқып берем. Не жазылғанын түсініп жатқан мен жоқ, мақтауға марқайып жүре беремін. Әріп үйренгенім өзіме сор болды. Әпкем енді «Жарты сағатта қыс туралы өлең шығар, жаз туралы өлең шығар»деп қинайтын болды. Аңда-санда қалам алып, қағазға өлең жолдарын түсіріп жататынымыз да сол әпкеміздің арқасы.
Әпкем бала кезінен ұйымдастырушылық қырынан таныла білді. Біздің шағын Талдыбұлақ ауылының шеткері үш үйінің балаларын жиып, мереке сайын концерттік бағдарлама дайындайтын. Үй арасындағы бағаналарға жарнама ілгенді мен сол кезде әпкемнен көргем.
Таудың бауырын жанамалап тас жол өтетін. Сол тас жолға қызық үшін әпкем біздерге тас төсеткізеді. Жүргізушілердің тоқтап, тасты тазартқаны, ашуланып боқтағаны өзіне қызық шығар. Бірақ маған қорқынышты еді.Ши арасында жасырынып жатқан біздер, боқтықтан соң қашпақ болсақ әпкем жұдырығын көрсететін. Әпкемнің жұдырығы өзіме мәлім, одан да жүргізушіге ұсталған жеңілірек.
Жаз келді дегенше поход басталды дей бер. Походымыз тауға шығып, үйден дайындап алып шыққан тамақтарды жеп қайту. Көрші Ербол деген бала екеуміздің міндетіміз жол жиегіндегі белгілерді алып (дорожный знак), тау басына стол дайындау. Қанша жол белгі апарғанымызды бір Алла білер.
Әпкем әйтеуір жаңалық тапқыш. Кімнен естігенін қайдам, бір күні жатарда басына домбыра және нан қойып жатты. Себебін сұрасақ түсіне нан кірсе нан соғар болады-мыс, домбыра кірсе теңдессіз домбырашы болмақ. Анығы әпкеміздің түсіне екеуіде кірмегені.
Әпкемнің ұйқысы қатты. Кеңестік ұйқыдан оятқыш сағаттарға ояна қоймайтын. Адамнан айла артылған ба, оның да емі табылды.Өзінің аяғына жіп байлап, бір ұшын менің аяғыма байлады. Ондағысы әпкем аунағанда мен ұйқыдан оянып сағатты қарауым керек. Құдайға тәуба сабақтан қалып көрмедік.
Әпкемнің жатарда айтатын тақпағы да өзгеше:

Жаттым, жаттым жан Алла

Тұрғыза көр Иншалла

Тұрғызбасаң Иншалла

Лә илләһа Иллалла.

Жел тұрса күзге салым ауылдық жерде қаңбақ домалайды. Қораның артында үлкен қазан шұңқыр бар болатын. Сол жылы шұңқырды қаңбаққа толтырдық. Әпкем жиналған қаңбақтармен аспанға ұшпақ болған еді. Алыстан қаңбақ көрінсе, түлкіге ит қосқандай қосып жіберед. әкелген қаңбағың бүтін болмаса еңбегіңнің еш кеткені. Әйтеуір аспан әлеміне сапар шектіретіндей қатты жел тұрмай жанымыз қалды ғой.
Ауылдық жерде тірлік жермен тікелей байланысты. Жауын жаумаса шөп, егін шықпайды. Әпкем оның да оңай жолын тапты. Жаңбыр жаудыру үшін бақа өлтірсеңіз болды, кешке я болмаса ертеңіне жауын жауып береді-ай бір. Әлде бұл жай ғана сәйкестік пе екен? Әйтеуір сол жылы жаз жаңбырлы болды.
Кесіртке атты бауырымен жорғалаушылар класына жататын жәндік бар. Менің білетінім олардың түсі қара-қоңыр және жасыл (шөп түстес) болады. Сол кесірткелер де екіге бөлінеді екен. Оны әпкем болмаса мен сорлы білмей өтер ме едім.Олардың да мұсылманы мен кәпірі болады екен. Анықтау да онша қатты қиын шаруа емес. Көзіңізге көрінген кесірткеге «Мұсылмансың ба, кәпірсің бе?» деп айқайлайсыз, қаша жөнелсе кәпір болғаны. Оған жер бетінде орын жоқ. Әпкем айтты бітті, өлтіру парыз және сауапты іс. Кеңестік-атеисттік жүйенің әсері ме екен, сол кездерде мұсылман кесірткелер көп кездесе бермеуші еді.Қазір ойлап қарасам қашпай қалғандарының аяғы біздің айғайымыздан қарысып қалған болар.
Әрі қарай

ИМХО - қазақша қалай болады?

Админнің бөлмесі: ИМХО - қазақша қалай болады?Осы көп жерде пікір жазғанда «менің ойымша», «жеке пікірім» деп жатамыз. ал интернетте адамдар бұрыннан бері мұндай жағдай үшін ИМХОны қолданады ғой.
Басында ағылшынша In My Humble Opinion (IMHO) болған, кейін орыстар түрлендіріп кетті бұл сөзді:

  • Имею Мнение, Хоть и Ошибочное
  • Имею/Индивидуальное/Истинное Мнение — Хрен Оспоришь/Откажусь
  • Индивидуальное Мнение Хозяина Ответа
  • Имею Мнение, Хочу Озвучить/Отметить/Ответить

Осыған қазақша сөйлем жазып көрейік. Болмаса осыған ұқсас басқа аббревиатура. Сосын соны мем қылып қалыптастырып кетеміз.
Әрі қарай

Азиада талисманы Ирбидің шығу тегі туралы..

www.voxpopuli.kz сайтында Азиада талисманы Ирби туралы мақала шықты… Оның авторы және Ирбидің басынан өткен оқиғалары..Қысқаша баяндап өтейін…

Бірінші әртүрлі аңдар ұсынылған екен:



Сосын комиссия барысты таңдаған екен… Дизайнерлер тарапынан барыстың суреттері ұсыныла бастаған екен, мысалға:



Бұл сурет өте толық және спортқа икемсіз делінген екен.
Әрі қарай