Мода терминдер туралы

Тәуелсіздік алғалы бері жаманы бар жақсысы бар жиырма жылдық тарихты жазып тастаған екенбіз… Тәуелсіздік алған жылдан бұрынғы бір жиырма жылды алып қарасақ (яғни 1970 жылдар, бұл жиырма жылдық қазақтың халық ретінде алған белесі орасан зор, бұл туралы кейін тағы жазармын — автор), қырық жылдың ішіндегі қазақ халқының өзгерісін көруге болады..180 градусқа бір бұрылыс болғаны анық… Кеңестік үлкен идиологияның орнын, үлкен капиталистік идиология басты… Бір өкініштісі бұл жаңа дәуірдің идиологиясында, қазақтың құндылықтарына көңіл бөлетін, қазақтың басын біріктіріп, бір халық, жұмылған жұдырық ететін бір бастамаға орын берілмеген екен…

Баршамыз, Қазақстанда екі түрлі халықтың өмір сүріп келе жатқанын білеміз… Бұған етіміз үйреніп кетті..Өкініштісі, атқа мінер азаматтардың негізгі бөлігі, үкіметтік биліктің құрамын құраушылар, қазақтық құндылықтарға біраз алыс қалғандар болып шықты… Себебі қазақтың ең негізі құндылығы болып келетін – қазақ тілінде сөйлеуге, қазақ тілін үйренгу талпынып көрмеді… Көргендерде бар шығар… Олар бірең-сарңдардың қатарын құрайды…

Бұл мәселенің бір жағы…
Екінші жағы ол мемлекеттік ішкі саясаттағы тұрақсыздық… Басқа салаларға кірмей-ақ, экономикалық даму саясатын қолға алайын… Себебі бұл сала өзіме ең жақыны, мамандығым және қызметім бойынша…

Бұл салада көптеген мода болған терминдерді естіп біліп жаттық, бірақ олардың тағдары немен бітті, көп сұрастырып жатпадық… Неге болмады, неге жүзеге аспады деп сұрамадық…
Ең бірінші мода термин – жекешелендіру. Кеңестік меншікте болған дүние, жекеменшікке өтті… Бұның жалғасын бәріміз білеміз… Халыққа купон таратылды, сол купонмен бізде жекешелендіруге қатысып, жекешеленген компаниялардың акционерлері қатарына кіретін едік… Купон қалды қолда, компания кетті жолға…

Екіншісі мода термин – Еркін Экономикалық Аумақтар… Облыстарда әртүрлі салықтардан босатылған аумақтар пайда болды… оның жұмыс істеуіне арнайы мекеме құрылып оларға осы аумақтарды дамытуға қомақты сомалар бөлінді..Қолымызда тек қана жақсылап қоршалған жерлер қалды… Сырттан ешқандай инвестор келмеді…

Одан кейін кластерлер басталды… Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-мата кластері, Атырау облысында мұнай кластері, туризм кластері т.с.с. Бюджеттен ақша бөлінді, консалтинг компаниялары жалданды, облыстарда таныту – түсіндіру жұмыстары жүргізілді… Бітті..Қазір ол кластер туралы ешкім есіне де алмайды…

Сосын «СПК» дегендер басталды..Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациялар..Әрбір облыста осындай ӘКК ашылды… Ол жерге де қомақты ақша бөлінді, шуладық-шуладық қойдық… Жүргізе алмадық…
«Ел межесі — Елулікке ену» дедік… «30 көшбасшы корпорациялар» дедік…

Сосын «Қазынаны» құрдық, одан кейін «Самұрықты», одан кейін екеуін біріктірдік «Самұрық-Қазына» қылдық…

«Алматы өңірлік қаржы орталығын (РФЦА)» қолға алдық, Алматы осы аумақтың қаржы орталығына айналатын болды, былайша айтқанда осы аумақтың «Лондоны», «Уал Стриті» болатын болды..Қыруар ақша бөлінді, бірақ түк шықпады…
Енді үдемелі инновациялық-индустриялдық даму мемлекеттік бағдарламасын (ГПФИИР) қолға алдық..2020 жылға дейін инновциялық жолмен индустриалды дамимыз дедік… Инновациялық даму үшін, сол инновацияны іске қосатын жаңашыл, оқыған білікті мамандар керек екендігін ескермедік… Университтерімізде жастардың диплом алу үшін оқитынын ескермедік… Университеттерімізде интернет бар екенін, бірақ оны ешкімнің қолдана алмайтынын ескермедік… Мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін өлшеу халықаралық бағдарламасы (PISA) бойыша Қазақстанның 15 жастағы мектеп оқушыларының 65 мемлекеттің ішінде, оқу және сол оқығанын түсіну бойынша 58-ші орын алғанын ескермедік…

Келесіде енді қандай мода термин күтіп тұр бізді? Біз бұндай бағдарламалардың шаршаған жоқпыз ба дейсің… Негізі барлық бағдарламалардың бастамасы жақсы, идея тамаша, тек өкініштісі сол идеяны бүкіл халық болып қабылдап, бүкіл халық болып ат салыса алмадық… Себі бұл бағдарламалар халықтық емес… халыққа жат бағдарламалар болып шықты…
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше