Күн-Айдың кешіп тағдырын...

Шарқ ұрып іздеп Күн Айды
Бұлттардан күнде сұрайды
Дамылсыз жүріс шаршатып
Қызарып кешке құлайды
Ұясында жатып ап
Таң атқанша жылайды

Ортаға алып Ақ Айды
Жұлдыздар шашын тарайды
Көрісер шақты Күнменен
Жабылып бәрі санайды
Көздері талып, жол қарап
Таң ата бәрі тарайды

Күн-Айдың кешіп тағдырын
Іздеймін сені жан — құрбым
Көрмей мүмкін кетермін
Жазылса солай тағдырым
Жұбатамын өзімді
Авторы болып Ақ-Жырдың

ПыСы:Мына жердегі өлеңді оқып есіме түсіп кетті осы өлең)))
Әрі қарай

Жалт етіп өткен (Әсем)



Алау шақ өтеді-ау,
Сағынышым шекер-ау,
Біз аңсаған бақыт қайда екен?
Өткен күндер бекер-ау,
Оралмайды екен-ау,
Қиялыммен сені тербетем…
Жүректегі шырыным,
Құлағымда тұр үнің,
Көңілде солмай жүрген гүлім.
Аңса, мейлің, аңсама,
Сағынышпен қаншама,
Оралмайтын күндер екен ғой…
Әрі қарай

Балқаш көлі

Балқаш көлі — Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі атап келген.

Ақ теңіз деп көлдің батыс жағалауын мекендеген жұрт атаған. Оған себеп: негізгі өзендер Іле, Ақсу, Көксу, тентек және толып жатқан жер асты сулар көлге батыс жағынан құяды да, ондағы көл суының жартысы тұщы болып келді және сырт көрінісі мөлдір ақ түсті болды. Ал, көлдің оңтүстік-шығысын мекендеген ел «Жұмбақ көл» деп ат қойған. Бұл тұстан көлге Лепсі, Аягөз өзендері құяды, ал жер асты сулары бұл жағынан көлге қосылмайды. Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар.
Әрі қарай

Ауылым менің жүрегім және бесігім

Төлеби ауданында «Ауылым қазынам» бағдарламасы аясында өз қолымен жасалған өнерпаздық байқауы өз мәресіне жетуде. Төрт ауыл округы өзінің өнерпаздық шығармашылығын әділ қазылар алқасына бағалауға ұсынған болатын, әр байқаудың соңы жергілікті халықтар үшін мейраммен бітетін болды. «Ауылым — қазнам» бағдарламасы бұл тек қана таланттарды тауып қана қоймай, тұрғындардың басын салт дәстүрлерді қайта жаңғарту арқылы басын қосу болып табылады. Төлебиліктер мұндай жаналықты қуана қарсы алды, бұрын соңды ауыл клубы атанып жүрген ғиамараттарымызға жаппай жөндеу жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар, байқауға қатысатындар арасында тек қана жастарды немесе студенттерді ғана емес зейнеткерлерді, үй шаруасындағы әйелдерді де көруге болады. Ақпарат көзі: Южный Казахстан
Әрі қарай

Арулар асыл жандар (Роза Әлқожа)



Арулар — әрбір үйдің шаңырағы,
От болып әрбір үйге жағылады.
Таң болып әрбір үйге атты-дағы,
Сәуле боп әрбір үйге жамырады.

Қайырмасы:
Арулар — асыл жандар!
Шуақ боп шашылғандар,
Құшақ боп ашылғандар,
Арулар, арулар — асыл жандар!
Әрі қарай

МЕНІҢ АУЫЛЫМ

Авторы: Мадина Омарова
Тоқал тамның алдында тұрған кейуана әжім көмкеріп, тілім-тілімі шыққан алақанымен күннен көзін қалқалады. Саусақтары жуан, икемге көнбейтін тарамыс. Өмір бойы қара жұмыс істегені, аянбай істегені көрініп тұр. Суалған жанарымен қара жолға демін ішіне тартып телміреді. Бір нәрсе қараятын тәрізді. Мал ма, адам ба? Ажырата алар емес. Ернін жалады. Кезеріп тұр жарымағыр. Таң атқалы шайдан өзге нәр сызбағаны түсті есіне. Аяғы қақсап, орнынан тұра алмай қалды емес пе? Автобус келетін уақыт болғанда дәті шыдамады. Тұрды. Күн батып бара жатыр. Ол орамалын түзеп жол жаққа аяңдады. Қытайдың арзанқол орамалы құрғырда жылу да жоқ, сусылдап түсе де береді. Ол жолдың шетіне шығып көзін қайта көлегейледі.
Әрі қарай

Айт сырыңды ақ қайың (Сәкен Майғазиев)



Ақ қайың тұр жағада,
Сағыныш боп санада.
Жалғыз келіп тұрмын мен,
Жылдар салып араға.
Өмірдің сан жолдары,
Біз шешкендей болмады.
Мен сияқты мұң шағып,
Келіп жүр ме ол-дағы.

Қайырмасы:
Айт сырыңды ақ қайың,
Көңілімде сақтайын.
Шығарып сап тұрушы ең,
Бізге тілеп бақ дәйім.
Әрі қарай