Айгүл Қосанова мен Клара Төленбаева

Қазақта әнші қыздар көп қой. Солардың ішінде сырнайлатып жүрген Клара апамыз бен батыстың екпінді әндерін төгілте орындап жүрген Айгүл апамыздың орындауындағы әндерді тыңдай отырыңыздар

Әрі қарай

Қамқор шайтан

Бір қария мешітке намаз оқу үшін келе жатады. Әбден қартайған, әлі жоқ. Жолда екі рет құлап қалады. Сонда да қайтпай, қайткенде де намазға үлгеріп, Алланың разылығын алу үшін жүріп келеді. Бір кезде, қайдан сап ете қалғаны белгісіз бір бала кеп, қолтығынан демеп:
— Мен сізге көмектесейін. Жүріңіз, — деп жетектей жөнеледі.
Қарияның жүрісі өніп, жағдайы түзеліп, жаны кіріп қалады.
— Рахмет, балам! Өркенің өссін! Алла сауаптан жазсын саған. Кімнің баласысын, шырағым?! – деп мейірлене әңгімеге тартады.
— Мен шайтанмын, — дейді бала.
Қария шошып кетеді. Сосын таң қалып:
— Онда, неге маған көмектесіп келесің, — дейді.
— Сенің Аллаға жан жүрегіңмен беріліп, осынша ауыр хәлде болсаң да мешітке барсам деген ниетің үшін Алла саған жәннат сыйламақ. Сен жолда екі рет оңбай құладың. Енді сүрінсең — өліп кетуің мүмкін. Өлсең – жәннатқа кетесің. Сондықтан мен сенің бұл күйіңде өлуіңе қарсымын. Жер басып, жүре тұрғаның жақсы. Әйтеуір бір қате қадам жасап, күнәлермен былғансаң – тозаққа лайық болып қаласың. Сол үшін мен бұрынғыдан да қатты жұмыс жасауым керек. Абайла! Құлап қалма! – депті.
Әрі қарай

Шауып жүрмін мен, міне))))

Аллилуйя! Бүгін больничныйды жаптырдым, дүйсенбі жұмысқа шығам.
Ылғи өзімді тәуелсіз сезініп, ер-азаматқа бергісіз жігерлі де мықты қыз санаушы едім. Айналам да солай қабылдайтын. Балдақпен жүрген кезде өзімді кәдімгідей қорғансыз сезініп қалдым))) Көмектескіштер, демегіштер, көтергіштер көбейіп кетті.
Әрі қарай

УЕФА Чемпиондар және Еуропа лигасы!!!

2011 жылы, 13 қыркүйекте:

Челси — Байер
Порту — Шахтер
Генк — Валенсия
Боруссия Д — Арсенал
Барселона — Милан
Виктория Пльзень — БАТЭ
Олимпиакос — Олимпик
АПОЕЛ — Зенит

14 қыркүйекте:

Манчестер Сити — Наполи
Бенфика — МЮ
Вильяреал — Бавария
Лилль — ЦСКА
Интер — Трабзонспор
Базель — Оцелул
Динамо Загреб — Реал
Аякс — Лион

~~~
Еуропа лигасы. 15 қыркүйекте:
Шэмрок Роверс — Рубин
Ганновер — Стандард
Копенгаген — Ворскла
ПСВ — Легия
Цюрих — Спортинг
Лацио — Васлуй
Слован Братислава — Атлетик
ПСЖ — Зальцбург
ПАОК — Тоттенхэм
Хапоэль Т-А — Рапид Бухарест
Динамо Киев — Сток Сити
Бешикташ — Маккаби Тель-Авив
Атлетико — Селтик
Висла Краков — Оденсе
Штурм — Локомотив
Андерлехт — АЕК
Маккаби Хайфа — АЕК Ларнака
Стяуа — Шальке
Фулхэм — Твенте
Бирмингем — Брага
Алкмаар — Мальме
Аустрия Вена — Металлист
Брюгге — Марибор
Удинезе — Ренн

Дереккөзі: Мына жерде
Әрі қарай

Фатмагүлдің кінәсі не? (2-маусым, 40-бөлім)



Түркияда Фатмагүлдің жаңа маусымы кеше басталды. Бұдан кейін әр апта жаңа бөлімдерді КерекИнфо сайтында шығарып тұратын боламыз. Өкінішке орай тек түрік тілінде. Бөлімнің қысқаша мазмұнын да жазатын боламыз.

40-бөлім:

Істемеген қылмысы бойынша Керим тұтқындалған күн Керим мен Фатмагүлдің өмірлерін толығымен өзгерткен келесі бір кезеңнің бастауы. Керим түрмеде сот күнін күтуде, кінәсіздігіне ең алдымен Фатмагүлді сендіргісі келеді. Бір жағынан Фатмагүлді сыртта Мустафа мен Яшарандарға қарсы қорғаныссыз тастап кетуі жанына қатты батады.
Әрі қарай