Фатмагүлдің кінәсі не? (2-маусым, 40-бөлім)
Түркияда Фатмагүлдің жаңа маусымы кеше басталды. Бұдан кейін әр апта жаңа бөлімдерді КерекИнфо сайтында шығарып тұратын боламыз. Өкінішке орай тек түрік тілінде. Бөлімнің қысқаша мазмұнын да жазатын боламыз.
40-бөлім:
Істемеген қылмысы бойынша Керим тұтқындалған күн Керим мен Фатмагүлдің өмірлерін толығымен өзгерткен келесі бір кезеңнің бастауы. Керим түрмеде сот күнін күтуде, кінәсіздігіне ең алдымен Фатмагүлді сендіргісі келеді. Бір жағынан Фатмагүлді сыртта Мустафа мен Яшарандарға қарсы қорғаныссыз тастап кетуі жанына қатты батады. Мустафаның көлеңкесін үнемі жанында сезіп жүрген Фатмагүл амалсыздан өмірлік жүйесін тағы да өзгертуге мәжбүр қалады. Мустафа осы сәтті жақсы пайдалануға тырысады. Яшарандар фирмасының жағдайы күннен күнге нашарлай түсуде, Эрдоған да амалсыздан Решат Яшаранның айтқандарына көнеді. Решаттан алған әр жеңілісі Эрдоғанның ішіндегі ызаны одан сайын өсіруде. Ал Селим болса отбасындағы мәселелерден алыста, оның бар ойы Мелтемнен кек алу. Фатмагүлдің жаңа үйлерінде алғаш рет өз бөлмесі бар, Керимге арнап та бір орын дайындап қояды. Мукаддес пен Фатмагүлдің арасындағы суық жел бұрынғыдан да қатая түскен. Кадир және Өмер Керимнің кінәсіз екенін дәлелдеу үшін тырысуда, бірақ барлық нәрсе Вуралды Керим өлтіргеніне әкелуде. Алайда сол түнгі оқиғаның сыр пердесін ашатын бір куә бар. Мустафа егер бұл адамға бәрінен бұрын жететін болса Керимнің тағдырын өзгерте алатынын біледі. Бірнеше күннен кейін Керимге алғаш рет кездесуге рұқсат беріледі. Керим мен Фатмагүлдің жүздерін көптен бері күлдірген осы сәт болады.
Айналаларындағы барлық келеңсіздіктерге қарамастан екеуінің махаббаты болашақ үшін үміт береді.
Мукаддес жүр, изоляцияда. Фатмагүл мен Мерием апа сыйыстыра қойғысы келмесе де, кәнігі әккі емес пе еді. Бұрынғы "әдетін" тастамаған: керек емес жерге қыстырылып, жасалуы керексіз қырсықтарға «бой алдыруда».
Асу болса Вуралдың соққыға жығылып жатқан эпизодтың жалғыз куәгері. Бірақ Мұстафаның қолынан қаза тапқанын білмейді. Мұстафаның арты қуыс боп келеді дегенмен: Вуралды өлтірген күні досынан сұрап алған кеме мәселесі бойынша сол досы іздестіріп жатыр. Бұның ақыр соңы «артын» ашып бермесе болғаны…
Әлі де болса Эрдоғаннан көп қауіп күту керек. Ызаға булыққаны сәт сайын ушығуда…
Ал Фатмагүл мен Керимнің екеуара жауапты махаббаты енді алда бірнеше сыннан төзе өтуі керегін жаңа маусымның беташаранынан анық аңғардық…
қай жердегі сілтеме арқылы келдіңіз осында?
Содан басынан бастап қарадым. Былай қарап отырсаң, біздің қоғамда да кездесетін оқиға.
Маған ұнағаны, көршілер бірігіп, қылмыскер саналған Керимнің үй ішінен теріс қарады. Қоғам тарапынан өте орынды санкция. Біздің ауылда дым болмағандай ауыз жаласып жүре береді. Қызды ертесіне беташарын жасап түсіре салады. Тура Фатмагүлдің күйін кешкен де бір қыз болған. Оны Керім сияқты алып, «арын тазалап», кейіннен 1 жылдан соң жүкті күйінде қуып жіберген.
Соңғы болған осындай жағдайда, қылмыскерлер емес, зорлыққа ұшыраған, 5 баланың анасы, бүкіл жанұясымен, бұл масқараға шыдамай, ауылдан көшіп кетті. Ал әлгі түрмеге түскен жігіт, шығамын да әлі көкесін көрсетем деп шіреніп отыр-мыс.
Осы жерден толығырақ… Толығырақ…
Нұрғиса, сен бұған қалай ғана салқын қарап отырсың?