Шауып жүрмін мен, міне))))

Аллилуйя! Бүгін больничныйды жаптырдым, дүйсенбі жұмысқа шығам.
Ылғи өзімді тәуелсіз сезініп, ер-азаматқа бергісіз жігерлі де мықты қыз санаушы едім. Айналам да солай қабылдайтын. Балдақпен жүрген кезде өзімді кәдімгідей қорғансыз сезініп қалдым))) Көмектескіштер, демегіштер, көтергіштер көбейіп кетті. Ол да бір қызық кезең болды. Негізі жігіттерге әлсіз қыздар көбірек ұнайды ма деп қалдым, дачы.
1 ай «демалыста» Ақтөбеге 2 рет, Оралға ұзату тойына барып келдім. Гипспен девичникке барғаным өз алдына қызық болды. Құрбыларымның алғысы шексіз. Не айтайын))) Мынау менің ВКМ-ға ұқсайтын сұлу құрбым:

Ал мынау біздер:

З.Ы: қағазбасты бөлімдегі жұмысымды тастап, кафедраға кетіп жатырмын. Енді мен Әйгерім Кеулімжайқызы немесе Әйгерім апай боламын. Бұдан былай мені жаман сөздерге итермелемеулеріңді сұраймын, ық-ық.
Бөлісу:

75 пікір

meirzhan
Әйгерім, Кеулімжайқызы (ддұрыс жаздым ба), құттықтаймын жазылуыңмен!
Тойға барғанда, екінші суреттегідей гипссіз болдың ба?
Жаңа жұмысыңмен! Жас ұрпаққа білім жолында жолсерік болуыңда сәттілік!
AKY
Рахмет. Ия, пойызға мінетін күні шешкен. Әрине жай табан аяқ киіммен жүрдім. Тарсылдатып билемедім. Сонда да мәз болдым
meirzhan
Пойызға отыруға дейін үлгеріпсің әйтеуір.
AKY
Үлгермеуім де мүмкін еді Әрекет қылмағанда.
19852407
AKY, «тойғабаралмайтынболдым» деп майысып отыр едің, Оралдың бүкіл ағарағын бір өзің тауысып кетіпсің ғой, ә! Қу қыз!
AKY
Ретін таптық қҰә)))))
satibaldi
ынау менің ВКМ-ға ұқсайтын сұлу құрбым:
Кешірерсіздер, таза субъективті баға: бірақ мұндағы қыз(де-юре) әлде келіншек (де-факто) @VKM -нан әлдеқайда әдемілеу сияқты.
AKY
Сен ВКМды дұрыстап көрген жоқсың ғұә, просса.
19852407
Әр қыз өзінше әдемі ғо, асқабақ ағай, оны сіздің жүрек жақсыыы білу керек.
Негізі Оралдың қыздары сондай, әдддемііі! :-)

Эльвираның жолын берсін саған, AKY!
AKY
Негізі Оралдың қыздары сондай, әдддемііі! :-)
Оның рас)))
Эльвираның жолын берсін саған, AKY!
Осы тілекті айтушылар көбейіп кетті. Бұйырғанын көре жатармыз)))))
19852407
№38-дің жігіттері керімсал еді ғой, біреуіне ап қалу керек екен сені, хиххихи
AKY
№38-ден хечкім болмады ғо сол.
satibaldi
Әйгерім апай боламын.
Қаззақ ғылымына соңғы тегеурінді соққы…
AKY
Ля-ля-ля! Қазззақ ғылымы қашаннан бері қабырғаңды қайыстырып жүр еді))
satibaldi
1982 жылғы МИ-8 тікұшағын жөндеуге Киевке алып кетіп, әумин боп кеткелі.
Gastarbaiter
Біраз арықтапсың
AKY
Ық-ық. Арықтағаны осы болса деп бұттан кетвотқан шығар жұрт.
Әдейі жазасың, ия, шепетильный тақырыпты? Кек алып отырсың ба? 
Негізі, керісінше, аз қозғалған себепті, салмақ қостым тағы.
Gastarbaiter
Нем бар менің сенен кек алатындай атамның есесі кетіп пе еді?
Слишком подозрительный болған да жаман
asaubota
фотошоп қо  арқытамаған, арықтамаған.

қой, ойын ғо, арықтағансың шынымен.
AKY
)))) Тағы жазыңдаршы осы тақырыпқа.
TERISKEY
Жазылуыңызбен!!! Маладес! Ауырған аяқмен Ақтөбе ары Орал асқан қыз жігерлі екен! Не ғо, ана екінші суреттегі қызыл көйлектіқұрбыңыз бірінші рөмкені туысып екіншісіне Чғыпты ғо
AKY
Рахмет. Ол (рюмкіні айтам) басқа біреудікі ғо, просса ұстап жүр десем тағы күлесің бе))))
19852407
сен келіп кеткесін әйдәә аспан бұттан кетіп тұр
qisyq
Ал құтты тасталған балдақ, лақтырылған гипс!
Abilakim
Балдақты тастап қызмет баспалдағына көтерілуіңмен!
Mansy
Аяктары тузу ме деп калдым гой…
madlen
Aigero, molodec!jana jumysta jana tabystar tileimin!
madlen
sen kandai apai blady ekensin? jaman katal bolatyn wygarsyn ))
AKY
Жандарын шығарып қоям)
Abilakim
Құрыш қалай шынықты
AKA
Ауырмаңыз енді  Осылай әдемі жымиып, аман жүріңіз, құттықтаймын Әйгерім апай!
Aizhantabyn
Ух ты! Құтты болсын, айттым ғой 18 күн шыдай тұр деп))))
қазір тойға көбісі коктейль көйлек киеді, а раньше, ұзыннан ұзын, кешкіліктерді киетін қызылды-жасылды.)))
Кстати, анау қызыл көйлекті қыз екі бокалдан бірден ішкен бе?))))
AKY
Ия, сол 18 күннің о жақ, бұ жағында жүрдім)
Қызыл көйлекті қызға тиісе бердіңдер ғой, негізі өзі общым ішімдікке жоқ қыз еді))) Енді әлгідей болып көрініп қалғанын қарашы, біреудің бокалын ұстайм деп)))))))))
Aizhantabyn
хваткасы жаман екен да))) а так, видно, именно по хватке, ішетін адам бережно ұстайды ғой)))))))))))))))
AKY
бережно ұстайды ғой)))
мен сияқты ма
Aizhantabyn
еще нежнее и бережнее)))
Aikona
Суретте байқалмайды аяғың . Жазылғаныңа қуаныштымын! Апайлар жаман сөз айтпайды деп кім айтты ? Әдемі боп кетіпсің ғой
Abilakim
Тіфә-тіфә! Аяғының ақауы байқалмайды екен. Әйтпесе аяғын теріс гипстеп берген дәрігерлерді де көргенбіз
AKY
Гипсті әдемілеп салып берген. Жас жігіт…
Nurgisa
Жас жігіт… әдемілеп салып берген… гипсті… Неткен әдемі жас жігіт! Мыңболғыр екен-ау, ә.
AKY
Айтпа
Nurgisa
Айтпа болғанда… Ана тұрмыс құрған құрбыларыңның жолын сендерге де берсін! Бір-бір үйдің түтінін түзу түтеткен әдепті келін болғандарыңды көрейік, құдай қаласа.
AKY
Ну, айтпа дейм да
Zilola
алакан жайып батанызга аумин дедiм
Abilakim
Салғанда сол шешкен де сол ма?
AKY
Жоқ. Жас қыз шешті гипсті
Nurgisa
"Өткенде әдемілеп салып берген жас жігІт қайда?" деген резонды сауалды сен де қойған шығарсың?!
AKY
Рахмет Жазылдым ғой енді)))
Жаман сөз айта берейін бе?
Gulistan
Жазылып шығуыңмен, Ай!
monti
той күчт бопт. қалыңдың шашы ұзын кен!!!
@AKY 2 суретте тойдан?
Nurgisa
Айналайын, ауырма, сырқама. Шауып жүр міне осылай, дігідік-дігідік

www.kerekinfo.kz/blog/narrator/3968.html
AKY
Ұмытпайды екенсіңдер осы