Өз еркіммен жариялайын...

Мана агентпен Шуақпен сөйлестім. Біреу принтерден қағаз шығарып алам деп келіп, Инетке салып жібергенін күтпей-ақ, өз бетіммен шығара берсем деймін, ұят сияқты әйтпесе кейін біліп қалғандарың ше.

-Шуақ — дамбал жуад!
Әрі қарай

"Сайтымызға сіздің бағаңыз" атты сауалнама қорытындыланды


Қызынорда облысы Терекөзек ауданы әкімінің жылдық есебімен қатар аудан әкімдігі сайтында 2007 жылдан бері келе жатқан сауалнама да қортындыланды. Естеріңізге сала кетейік аудан әкімдігінің terekozekaudanakimat.ucoz.ru сайтында «Сайтымызға сіздің бағаңыз» атты сауалнама жүргізілген еді. Кеше аудандық Мәдениет үйінде өткен аудан әкімінің жылдық есебінде осы сауалнаманың да қорытындысы жасалды.
Әрі қарай

Гиперреалист мүсінші Айдос Есмағамбетов


Жақында бір жас мүсінші жігітпен таныстым. Аты Айдос, өзі Арқалықтан екен. Мүсін өнерінің қызық бір жанрымен айналысады екен. Гиперреализм деген жанр. Гиперреалистердің шығармалары бір қарағанда балауыздан жасалған мүсіндерге ұқсайды. Бірақ, бір ерекшелігі балауыз емес силиконнан жасалады және барлық кішкентай детальдарға мән беріледі.
Әрі қарай

Блиц-сұхбат: Esmeralda

1. Алматыда туғансың ба? Қай мектепке бардың? Қай универде оқып жатырсың?
Алматыда туып-өстім, қазақ гуманитарлық өнер гимназиясын бітірдім, қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде оқимын.
Әрі қарай

Мемлекеттік қызметкер қазақ тілін акцентпен сөйлеудің қыр-сырымен бөлісті

Астанада өткен Жастар форумының аясында өткен семинарлардың бірінде мемлекеттік салада бірнеше жылдан бері еңбек етіп жүрген маман Адиль Джалгасов қазақ тілін акцентпен сөйлеудің қыр-сырларын үйретті.



"Қазақ мектебін бітірдім. Қазақы отбасыдан шықтым. Әрине бастапқыда қиын болды. Ең алдымен Ң, Ә сияқты маңызды дыбыстардан құтылу керек. Одан кейін буындарға салынатын екпіндердің орындарын ауыстыруды меңгеру керек.
Әрі қарай

Көмескі өмір

Кеудемізде жан болғаннан кейін кебісімізді сүйретіп жұмысқа барамыз. Ұйқылы-ояу, басым қалтақ-қалтақ етіп автобуста отырмын машиналардың паенліндегі ойыншық күшік тәрізді. Көзімді бір ашқанымда көзіме «Коммеск-өмір» сақтандыру компаниясының бильбордына түсті. Коммеск деген не сөз екен? Осы сайттағылардың 90 пайызы менен білімді. Мүмкін көмескі өмір шығар?
Әрі қарай