"Сайтымызға сіздің бағаңыз" атты сауалнама қорытындыланды
Қызынорда облысы Терекөзек ауданы әкімінің жылдық есебімен қатар аудан әкімдігі сайтында 2007 жылдан бері келе жатқан сауалнама да қортындыланды. Естеріңізге сала кетейік аудан әкімдігінің terekozekaudanakimat.ucoz.ru сайтында «Сайтымызға сіздің бағаңыз» атты сауалнама жүргізілген еді. Кеше аудандық Мәдениет үйінде өткен аудан әкімінің жылдық есебінде осы сауалнаманың да қорытындысы жасалды.
4 жылдан астам уақыт ішінде 92 қолданушы өз дауысын берген бұл сауалнамада бірінші орынды 37 дауыспен «керемет» алды. 2-ші орынды «жақсы» варианты 36 дауыспен еншілеген болса, одан кейінгі орынды 16 дауыспен «орташа» алды. Ал, 2 адам «жаман» десе, 1 адам «нашар» депті.
Аудан әкімі Әділет Байжан бұдан кейін де сайтта мемлекеттік сатып алулармен қатар осындай тәлімдік-танымдық сауалнамалар жүргізілетінін атап өтіп, алғашқы сауалнаманы жүргізуге ат салысқан «ИП Жанибеков» өкілдеріне алғысхат тапсырып, келесі сауалнаманы өткізуді ішкі саясат бөліміне тапсырды.
Кештің соңы мерекелік концертпен жалғасты. Аудан халқы Мәдениет үйі көркемөнерпаздарының концертін тамашалады.
менің сүйікті сауалнамам
Жөндеп қояйық, жалпы есім емес, білдей бір қала мен ауданның атын...