Ақпаратты тексеріп отырыңдар журналистер!

Журналист қателері және кемшіліктері туралы бұрыннан жазып жүрміз. Әсіресе олардың ізденбейтіндіктері туралы, ақпараттың бұрыс-дұрысын тексермейтіндіктері туралы. Осындай оқиғалардың бірі жақында республикалық бір газетте болыпты. Бұл туралы бізге konvict хабарлады. Бұл ақпаратты газетке кім шығарғанын біліп отырғасын, қай газет екенін жариялап ұялтпай-ақ қояйын. Тек осы жазбам оған және басқа журналистерге сабақ болсын.

Қысқасы былай болған:
Әрі қарай

Есе қайтты, ағааааееенннн!

Бүгін Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде бокстан «Төртеудің турнирі» аяқталды. Бұл турнирге Қазақстан, Ресей, Үндістан және Франция қатысқан. Басты мақсат — Олимпиада алдындағы дайындықты бір пысықтап алу. Бокс мен барсам басталып кетіпті. Аңдатпада бесте басталады деген. Қайта ертерек барғаным жақсы болыпты. Дәл, Серік Сәпиев пен Андрей Замковойдың жекпе жегіне тап болдым.
Әрі қарай

Махаббат, ғашықтық, сүйіспеншілік

Осы жұрт дегенді бір мағына деп айта беретін болды ғой. Соны екшелеп айыру керек секілді. Жалпы, ғашықтық деген бір жақты болады емес пе? Ол жігіттің немесе қыздың біржақты сезімі. Ал, махаббат деген екі жақты сезім. Бір бірін сүйген кезде ғана махаббат пайда болады. Ал сүйіспеншілік деген махаббаттың қазақшасы деуге де болады. Оны ғашықтықпен шатастыруға әсте де болмайды. «Менің саған деген махаббатым» деген басталатын өлең жолдары қате сөйлем меніңше. «Саған деген сезімім» десе дұрысырақ секілді, т.б.
Пы.сы Менің осы постты ілуіме себеп, қазіргі кезде осыларды сапырылыстырып айта беретін болыпты. Сосын білгенімді бөлісейін деген ой келді. Бұл ойлар менің жеке аз ғана зерттеуімніңссстен туған қорытындым еді. Сосын тағы айтарым, махаббат туралы өздеріңіздің нақыл сөзге ұқсаған пікірлеріңізді білдірсеңіздер екен. Тек өздеріңіздің
Әрі қарай

ККК (Керуен.Кездесу.Керекшілер)

АЛЛА деп жиналдық, тәтті шәй іштік, жаман және жақсы жаңалықтар естідік, көрістік, тілдестік, күлдік, тарқастық. Осының арасында мен біреуді ренжітім те үлгердім. Кешірім сұраймын!

Суреттер ғой керегі бастысы))))

Қарақыз бен Жамиляқыз)))
Әрі қарай

Бодибилдермен сұхбат. Дәурен Жансеитов: "Табиғатымнан арықпын"

Еліміздің ең үздік сомдалушыларының (бодибилдерлерінің) бірі Дәурен Жансеитов жайлы бұрыннан көбірек білгім келетін. Тек атлет ретінде ғана емес, жалпы тұлға ретінде де қандай екені маған қызық болатын. Өзімен танысып, әңгімелесіп, сұрақтарымның барлығына дерлік жауап алудың сәті жуырда ғана түсті. Уәде еткенімдей, жеті бетке созылған сұхбатымыздың қысқартылған версиясын назарларыңа ұсынамын.
Әрі қарай