Әйелдер және секс туралы айтылғандар

Әйелдердің секс қалаған кездерінде түрлері қандай болатынын білесіз бе? Мен де білмеймін.
Стив Мартин

Секс карта ойнау сияқты. Егер жұбыңыз нашар болса, қолыңыз жақсы болуы керек.
Вуди Аллен

90 жастағы секс таяқ орнына арқан бөлшегімен бильярд ойнаумен тең.
Камилла Палья

Секс қайтадан туу үшін 9 себептің бірі. Қалған сегізі маңызды емес.
Джордж Бернс
Әрі қарай

Грек құдайлары

Грек мифологиясы: Грек құдайлары

Гректер құдайлар Грекияның ең биік тауы Олимпте тұрады деп сенді. Оларды Олимп құдайлары деп атады (Зевс және негізгі құдайлар). Гректер Олимптегі құдайлар тұрмысын шонжарлардың тұрмысына ұқсатты. Шонжарлар тайпаларды қалай басқарса, Зевс бастаған «Олимпиялықтар» адамдар мен табиғатты солай басқарды. Құдайлар да мансапқор, қатал, кекшіл келеді-міс. Құдайлар біреуді бай әрі шонжар, енді біреуді кедей, тағы біреуді құл етіп жаратқан. Кімде-кім құдайлар орнатқан тәртіпке қарсы шықса, ол адам құдайлардың қаһары мен аяусыз жазаға ұшырайды-мыс.
Әрі қарай

Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті, деп хабарлады primeminister.kz.

Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, өңірлердегі ахуал туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов, Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов, сондай-ақ Қызылорда облысының әкімі Г. Әбдіқалықова, Жұмыспен қамтудың жол картасын іс жүзіне асыру шаралары туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев пен Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, аумақтық әскерлерді арнаулы жинақтау туралы қорғаныс министрі Н. Ермекбаев баяндады.

Мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында қызметі екі мегаполистің тіршілік әрекетін қамтамасыз етумен және тұрғындардың денсаулығымен байланысты ұйымдарды қоспағанда, барлық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында күшіне енген жұмыссыз режимді осы жылдың 13 сәуіріне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Мемлекеттік комиссия Шымкент қаласы әкімінің биылғы 4 сәуір күнгі сағат 21:00-ден бастап қалада карантин енгізу туралы ұсынысымен келісті.

Ауруханаішілік жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында Үкімет басшысы әкімдерге инфекциялық, провизорлық және карантиндік нысандардағы санитарлық талаптардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тез тұрғызылатын құрылымдардан үш жұқпалы аурулар ауруханаларын салу туралы шешім қабылданды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ТЖ кезеңінде жеке қорғаныш құралдарын шығаруға бақылауды қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдау, Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде қауіпсіздік пен жұмыс істеудің жекелеген алгоритмін әзірлеу тапсырылды.

Отырыс барысында Жұмыспен қамтудың жол картасын (ЖҚЖК) сапалы жүзеге асыру, оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен басқа да өңірлерде нақты жобаларды тез арада бастау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оған қоса Үкімет басшысы әкімдерге кем дегенде 240 мың жұмыс орнын құруды, отандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерінің кемінде 90%-ын пайдалануды қамтамасыз етуді, ЖҚЖК аясында жұмысқа орналастыру үшін мобильді рекрут пункттерін құруды, жұмыссыздарды жобаларға Электрондық еңбек биржасы арқылы тартуды тапсырды.

Премьер-Министр төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандардың төлем алуы (42 500 теңге) үшін азаматтарға есепшот ашу жұмыстарын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Мемлекеттік комиссия мектеп оқушыларының төртінші тоқсанда қашықтан оқу мәселесін қарастырды. «Білім және цифрлық даму министрліктеріне қашықтан оқыту процесіне мониторинг жүргізіп, әдістемелік қолдау көрсетуді тапсырамын», — деді А. Мамин.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскери міндеттілерді Қарулы күштердің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін арнаулы жиындарға шақыру мәселелері, сондай-ақ экономиканың секторларында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты аса зардап шеккендерді Қызмет түрлерінің тізіміне енгізу үшін қажетті ұсыныстар қаралды, олар 1 сәуірден 1 қазан аралығында еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуден босатылады.

Қазақша КВН ойындарының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында түлектер бас қосты

Қазақша КВН Ойындарының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «Түлектер кездесуі-2019» ойыны өтті. Жайдарманның ардагер ойыншыларына айналып, бүгінде әртүрлі салаларда қызмет етіп жүрген жайдарманшы түлектер Алматы қаласында бас қосып, Алатау дәстүрлі өнер театры сахнасында көпшілік көңілінен шығатын өнер көрсетті. «Түлектер кездесуі» Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында ұйымдастырылды.

Еліміздің әртүрлі өңірлерінен жиналып, ойынға бас-аяғы 9 команда қатысты:
1)"Өзіміздің жігіттер" Шымкент
2) «АЭСА» Шымкент
3) "Ұлттық құрама" Алматы
4) «Бауырсақтар» Тараз
5)«Альянс» Семей
6)«Арыс құрамасы» Түркістан облысы
7)«Жаснар» Алматы
8)«Аягөз құрамасы» ШҚО
9)«Номад» Алматы

Өнер көрсеткен командалардың әзіліне баға берген әділ қазылар алқасының құрамында Айқын Төлепберген, Жанатбек Байтеков, Ақылбек Досжанов, Абунасыр Серік, Ринат Заитовтар болды. Көрермен мен қазылар алқасының көңілінен шыққан шымкенттік «Өзіміздің жігіттер» командасы бірінші орынды қанжығалады. «Аягөз» командасы жүлделі екінші, «Жаснар» командасы» жүлделі үшінші орынды иеленді.

Ойын Қазақстан ұлттық арнасының эфирінен көпшілікке жол тартты.