"Антоним" мақалдар

  • TOP
Мен көп жағдайда, жаманға дайын болып жүремін. Шаруаның оң аяқталатынына көзім жетіп тұрса да, аяғына дейін анық белгілі болмайынша жеңісті тойламаймын)))
Бірде жұмыс бойынша мәселелер легін ақтарып, қара аспанды төндіре жөнелгенімде, әріптесім «жақсы сөз айту керек, жақсы сөз — жарым ырыс деген» деп ренжігенде, мен: «мен жаман айтпай, жақсы жоқ деген пессимистердің мақалын ұстанам» деп құтылып кеткенім бар етін)))
Шыны керек, қазағымда бір-біріне қарама-қайшы небір мақалдар бар. Әркім өз керегін пайдалана береді. Білгендеріңізбен бөлісе отырыңыздар, ағайын!
Бөлісу:

29 пікір

alisha
Жиен ел болмайды,
Желке ас болмайды. /// Жиен ел болар — малы болса,
Желке ас болар — майы болса.
Abilakim
Мысалы бір жерде тамақ ішіп отырдыңыз, алдыңыздағы асты тауыса алмай қалдыңыз. Сол кезде сізге "Ішсеңші, жаманнан жарты аяқ ас қалады" деген сөздер айтылады. Сіз ерніңіздің шетіне жұғып қалған тамақты асықпай сүртесізде, сәл жымиып «Жаманның көзі жақсыдан қалған жарты аяқ асқа түсер» дейсіз
alisha
меніңше қарама-қарсы мәндес мақалалар дәл осылай әңгіме барысында туындаған, яғни, сол мақалды айтушыға қарымта жауап ретінде…
alisha
мақала деппін ғой… мақалллллдддар
AKY
Хе-хе, есте сақтау керек екен))
Abilakim
езуіңізге жұққан
gunner
Мағынасы жағынан антинимдер емес бұл мақалдар.«Жаманның көзі жақсыдан қалған жарты аяқ асқа түсер» деген мақал тойымсыз, қанағатсыз, ашкөз адамға айтылады, меніңше
Abilakim
бірақ құтқарады әлгіндей жерлерде
alisha
"Қыздың жолы — жіңішке" деп жігіттер сызылып тұрғанда, біз: "Ұлдың жолы — Ұлы жол" дейміз…
gunner
Сыйласаң да балеге қаласың, сыйламасаң да балеге қаласың осындай қыздардан
Abilakim
Су ішкен құдығыңа түкірме-Түкірген құдығыңнан су ішпе
AKY
Қайта ашар есігіңді қатты жаппа — қатты жапқан есігіңді қайтып ашпа))))
AKY
дееееп, кете берсең…
Abilakim
кеңк-кеңк-кеңк))))
zhanar-seitmat
шынымен де, менің анам әкеме «жақсы сөз айтсаңшы, жақсы сөз — жарым ырыс» десе әкем «жаман айтпай, жақсы жоқ» дейді )))
Huan
аспанымыз асшык болсын деп жатамыз, көк аспан бейбітшілктің нышаны деп, жаңбыр жауса жер көгерер дегенде бар, ал жаңбыр аспан бұлтты кезде жауады! екеуіде халықтың қалауы
sammita
мақалдатып мазасын алып жібергенде «мақалыңа сақалым» дейді.
aktobe88
Осы, қазақ мақал-мәтелдеріндегі антинология жайлы біраз зерттеу жүргізген едім кезінде, қазір бәрі ұмыт қалды. Есімде қалғаны тек бір мақал: Түсі игіден түңілме — Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында.
Malimetter
Мақал сөздің көркі || Жаман адам мақалшыл

… Бір бала бар әкесінен асып туатын … || Әкесі қой баға білмегеннің, баласы қозы баға білмейді.
VKM
Осы тақырыпты жалғастырсаңыздар екен…
Мен мынандай сөздер естідім. Әкесі тұрып,ұлы сөйлемейді.Шешесі тұрып,қызы сөйлемейді.-Әкесі тұрып,ұлы сөйлесе-ержеткені. Шешесі тұрып,қызы сөйлесе-бойжеткені деген.
Бірақ 1-ші нұсқасы көбірек ұнайды!
qyzylordalyq_jigit
Бәсекеге қабілетті жастың ойы:
Елім дейтін ұлы болмаса, ұлым дейтін ел қайдан болсын.
Жалқау жастың ойы:
Ұлым дейтін елі болмаса, елім дейтін ұл қайдан болсын
asaubota
оқылу санын қараңдаршы. іздеу бойынша көп іздеп кіріп жатыр антоним мақалдар дегенге
Kuathan
Есебін тап та екі аса оған қарсы Көп асаймын деп боқ асап жүр ме
Kuathan
Әзілің жарасса атаңмен ойна дегенге Әзілің жараспаса денсаулығыңды ойла
Kuathan
Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар дегенге Інісі жақсы болса ағасының тынысы бар, інісі жаман болса, ағасына артып қояр жұмысы бар