Қазақша "Эль-Классико" немесе бұтбол туралы!
Білем, Қазақстан Республикасында футбол бар деп айту қиын, бірақ одан біздің премьер-лигамыз қызық болмай қалған жоқ. Бүкіл қызық енді басталайын деп жатыр, өйткені тізімде көш бастап тұрған командалар өте тығыз орналасқан және одан қалды ФК «Ақтөбе» Еуропа Лигасын соңғы болып аяқтағанына байланысты, өзінің қарсыластарымен салыстырғанда екі кездесуге кем ойнаған екен. Бүгін, яғни 2012-нші жылдың 15-нші қыркүйегінде футболдан Қазақстан премьер-лигасының 22-нші туры өтеді. Жергілікті клубымыз Көкшетаудың «Оқжетпес»-ін қабылдайд. Осы кездесу Астана уақытымен сағат 20:00-де (яғни бізше жетіде) басталады. Енді «Ақтөбе» футбол клубындағы негізгі қақпашыға келсек, өздеріңіз байқап жүрген шығарсыз, Қазақстан құрамасында да Сидельниковтың соңғы уақыттарда жолы болмай жүр. Мүмкін ол Мокинге қарағанда допты өз қақпасына әдемі жіберетін шығар, бірақ қайткенмен де сол баяғы сценарий. Білеміз, Андрей біздің командамызды бұрындары да талай құтқарып келді, мысалға: біздің көршіміз «Тобыл» командасымен болған «Алтын матч»-та пенальти сериясында өзін жақсы жағынан көрсетті. Алайда ол өткен шақ. Бізге қазіргі таңда жақсы қақпашы керек, өйткені "қақпашы — бұл жарты команда" демей ме?! Андрей Сидельниковтың футболдан ел біріншілігі аясында соңғы болған кездесуіндегі, яғни Қазақстан-Ирландия мен Швеция-Қазақстан ойындарына дейінгі қателіктерін мына бейнежазбадан тамашалай аламыз, өйткені осындағы мистейктерді ол Қазақстан құрамасының соңғы екі матчында да қайталад:(видео «Ақтөбе» футбол клубының fc-aktobe.kz/ ресми сайтынан алынды)


Адамның бетіне, денесіне орналасқан мең, қалға қарап отырып, білгірлер бірталай дүниені болжаған. Әрине, тағдырын, мінезін, денсаулығын. Мең, әсіресе, жазды күні күндіз туған адамдарда көбірек кездеседі екен. Түнде туған балаларға қарағанда күндіз туған бала әдемі болады, өйткені түн қараңғысы қара күштер мен жаман энергияны көбірек тартады да, оларға сиқыршы, көреген, болжағыштық қасиет көп қонады. Мұндай адамдардың денесінде ол міндетті түрде бір таңбасын қалдырады. Үнділердің ежелгі діни түсінігіндегі «карма» осы таңбалардан айқын білінеді деген пікір қалыптасқан. Сондықтан күндіз туса да, түнде туған бала болса да, денесінің әйтеуір бір бұрышында бармақтай болмаса да, тарыдай бір таңба-белгі сөзсіз болады екен. Мең – адамның бір бөлшегі. Алақанға қарап тағдыр болжайтын хироманттар секілді меңнің орналасуына қарап құпия-жұмбақтың сырын ашамын деу бекершілік көрінеді. Бірақ мең арқылы өзің туралы түсінік алып, мінез тануға немесе мінезді өзгертуге болатынын көріпкелдер бір ауыздан қоштайды. Сонымен, денедегі таңбаға қарап бірқатар түсінік алуға тырысып көрелік.
