Үрей мен үміт

Қап-қара жалын тозақтан қорқам тозақтан
Сұп-суық хабар кеп жете ме деп сол жақтан
Шыжылдап майлар, сатырлап сүйек жанғанда
Лағнет айтып айтып бес күндік сынақ жалғанға
Ібілісті қарғап, түзу бір жолдан тайдырған
Азапқа ылайық мазаққа ғана сай қылған
Мың шақты емес миллион жылға айдалып
Қор болар ме екем қып-қызыл шоққа айналып
Адамның ұлы ем дүниеге мынау таралған
Дәрежемді айтсам періштеден артық жаралған
Бүгінде бірақ періште қайда мен қайда
Кім созар қолын мүшкілдеу біздің жағдайға
Бауырларым да, бала-шағам, дос, жекжатым
Шайқаспай беріліп шайтанға әскер боп жатыр
Бәріде дана бәріде көсем шетінен
Дәуірлеп дәурен сүруге мықтап бекінген
Ақырет қамын жасамай жүріп әлекпен
Алланың ұлы мейірімінен дәметкен
Сол оттан қорқам, тозақтан қорқам тозақтан
Көрмейді соны қазақтар біздің көзі аққан
Ағылған солай парақорлардын парады
Маскүнемің әне қолтығына қысқан арағы
Жемқорын анау отырған әрең тыныстап
Зинақорың жүр шоколад, шампан, гүл ұстап
Сопылар кетті Аллаға пірін серік қып
Зіркілдеп зікір салғандарыңнан зеріктік
Дымыңды білмес дүмшелер кетті молда боп
Құдайым оңда, әруағым өзің қолда деп
Сәуегей, балгер, тәуіптер кетті дес бермей
Құранның қатал ескертпелерінен сескенбей
Әр төмпешікті әулие санап асыға
Мәр-мәрдан өріп, кесене салдық басына
Қарасаң қайда ағыл да тегіл ысырап
Ысталды кеуде тәңір кәріне ұшырап
Өнерде жүрген сезімнің сансыз құлдары
Сендерде болдың тақ пенен даңқтың құрбаны
Ақын мен әнші серіліктен ептеп татса дәм
Оралың барда ойна-күл деп қақсаған
Жазушы қайтпек бауыры бүтін басы аман
Кейіпкерлердін тағдырын ойдан жасаған
Сан ғасыр бұрын бақилық болған кісінің
Қиялға еріп саламыз сурет мүсінін
Айтылған ғайбат сөздерге сөзсіз жауап бар
Саулайды тілден тірнектеп жиған сауаптар
Қалады ертен қарқ та қарқ, күлкі қалжының
Тозақта шөлдеп, ішкенді ыстық қанды ірің
Жегенің сонда тікенек тектес ас болса
Ата-анаңмен де алмайсын онда достаса
Шайтанға тозақ, жәннәттән оған үміт жоқ
Солқылдақтарды әкетіп жатыр үгіттеп
Сондықтан түскен төрт кітап, сансыз пайғамбар
Сақтаныңдар деп сайтани сауық сайраннан
Жаратушы өзі жөн сілтеп сені қорғаса
Азғырушыға қашқын келеді алдаса
Ғибадат түгел, құлшылық бүтін болмаса
Ниетім түзу жүрек таза деу далбаса
Раббына құл боп өмір сүргісі келмеген
Түсінбей қойдым тәкәппарсыған елге мен
Көз жұмып барып ел ішкен уды менде ішкем
Әдісі артық нәпсіні сонда жеңбестен
Сәл ерте білсем, сан соғып калмай оңбастан
Сәждеге мандай тигізбеспе едім он жастан
Құрышты судай қайнатқан пештен көп ыстық
Азаптан қорықпай әз-әзілдермен өбістік
Қимастай қызық хараммен жиған мал-мүлік
Сорлатар ма екен төзгісіз отта жандырып
Өртеніп жатып өлейін десем өле алмай
Өкірер ме екем өмірге екі келе алмай
Біз қайбір достар пайғамбар сынды асыл ек
Асығып аққан судаймыз, құмы, тасы көп
Шын мұсылман боп өте алмау сұмдық қасірет
Жәрдем бер Алла, жәнәтті бізге нәсіп ет. Әмин!

авторы СЕРІК ҚАЛИЕВ
Әрі қарай

"Ғашық жүрек" сериалының премьерасына барғың келе ма?


Бүгін, 9-қазан күні Алматы қаласында "Ғашық жүрек" сериалын таныстыру кеші өтеді. Кеште киносериалдың алғашқы бөлімі көрсетіледі. Премьераға фильмнің шығармашылық ұжымы, актерлер мен режиссер қатысады.
Әрі қарай

Сейсенбі - балалардың дүниеге келетін күні

Зерттеушілердің айтуы бойынша Сейсенбі күні балалар басқа күндерге қарағанда жиірек туылдаы екен. Ал сенбі мен жексенбі күндері бала туу көрсеткішінің ең аз күндері.

Оcылай екен...: Сейсенбі - балалардың дүниеге келетін күні

Сіз қай күні тудыңыз? Егер білмесеңіз мына жерден қарап көріңіз.
Әрі қарай

Автонарықтағы тығырық: Отандық авто?


Өткен постымда Қазақстанда Кедендік Одақтың кесірінен автонарықта туындаған мәселелердің шет жағасына тоқталған едім.

Атап айтқанда, қазір сапалы, әрі арзан шетелдік машиналар көп әкелінбейді, есесіне бағасына сапасы сай емес Ресей машиналары қаптай бастады. Адамдарға, әсіресе қалада өмір сүріп/жұмыс істеп жатқандарға жеңіл, арзан, мүмкіндік болса — шыдамды, немесе қосалқы бөлшектері арзан авто керек.
Әрі қарай

Қазақстан - Австрия матчына барамыз



КерекИнфолықтар, 12 қазан күні Астана-Аренада өтетін Қазақстан — Австрия матчына бірге барайық.

Қай секторда жиналатынымызды кейін осында жазамыз. Бәріміз бірге жиналып, Ұлттық құрамамызға қолдау көрсетейік.
Әрі қарай

"ЕУРО-2012". Қытайлық көзқарас

Қытай экономикасы мықты дамыған, халқы көп ел болса да, футболы кенже қалған. Қаптаған қалың қытайдың арасынан допты дұрыс тебетін 11 ойыншының шықпауы қынжылтады. Аспан асты елінің футбол федерациясы футболды елде кеңінен насиахттау мақсатында, бірнеше адамға арнайы тапсырма беріпті. Тапсырмаға сәйкес арулар ЕУРО-2012 додасына қатысқан командалардың формаларын киіп, жұртқа таныстырған көрінеді. Сонымен қытайлықтардың ЕУРО-2012 додасына көзқарасы:


Мына жымиюдың Криситануға қатысы жоқ деп ойлаймын
Әрі қарай

Фляк-фляк бақыт

Кеше әкемнің үлкен апасының (әпкесі) үйіне бардық. Бұрындары өз үйім болмаған кезде сол үйде бір жылдай жатып жұмыс істегенмін. Әр ненің басын шалып отырып көкем (ол кісіні Көке деп атаймыз бала кезімізден) маған бір құттықтау қағазын (открытка) ұстатты. Ішінде мені туған күніммен құттықтаған текст бар екен.«Мына кісі жасына жетпей алжыған ба? Туған күніме әлі 2-3 ай бар ғой» деген арам ой сумаң ете қалды іште. сөйтсем бұны маған 2005-ші жылы ауылдас балалар сыйлаған екен. Ауылдың қыздарының, достарымның басын қосып туған күнімді тойлаған болатынмын.
Тілекте әлемдегі жақсылықтың барлығын, мол денсаулық, фляк-фляк бақыт, адал махаббат бәрін тілепті. Бұның бәрі дұрыс қой, айтқандары келсін!
Астында 50-60 мың теңге айлық, бірдеңе-бірдеңе байлық деген жолдары бар екен.
2005-ші жылы мен көп болса 20 мың алған болармын қолыма әлде 23-25 болар.
Ана тілеген айлықтары қазіргі менің айлығым. Тура 60 мың. Тбаймайттар 150-200 мың тілей салса несі кетеді?! қағазға жаза салу қиын ба?
Суреттің сілтемесі
Әрі қарай

Фотоконкурсқа қатыс, Түркияға жолдама ұтып ал!

Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы әуесқой фотоконкурсқа шақырады.



Конкурс тақырыбы: Түркиядағы демалысым.

Қатысушылар өздерінің Түркиядағы демалыстарынан суреттер жібере алады. Максимум 3 фото. Суреттер 40х60см көлемінде болуы шарт. Тек қана бұрын еш жерде жарияланбаған, ешқандай жарыста орын алмаған әуесқой фотолар қатыса алады.

Жүлделер:

1-орынға: Түркияға 1 апталық демалысқа жолдама
Әрі қарай