Қарқыраған аяз салдары – бұл ақыр заман болмаса, онда не?!

2012 жылдың 11-12 желтоқсан күндері еліміздің солтүстік пен шығыс өңірлерін жаппай 35-48 градус шамасындағы аяусыз аяздар кеңеттен басып алды. Көптеген адамдар үсік алып, ауруханаларға жеткізіле бастады. Ауылдық типтес қалашықтар мен кішігірм қалалар соғыс кезіндегі блокада секілді сырттағы өмірден тыс қалды. Трассалар мен қалаға баратын жолдар жабылып, көліктер мұз сияқты қатып, оталу қиындықа түсіп халық алғашқы қауіп қатерліктерге ұшыра бастады. Кейінгі кезекті үлкен қалалар да өз меңшігіне иемденді. ШҚО бойынша Семей мен оның қасындағы кішігірім қалашықтардың әкімшіліктері былтырғы жылдың жіберген қателіктерінен сабақ ала алмай, биыл тағы да халықты тондырып, әлеуметтік қажетіліктерден сырт қалдырды. Канализация, су құбырлары белгілі бір сценарий секілді кезек-кезек жарылып, халықтың жағдайын қиындатып жіберген секілді. Осы уақытта әрбір минут, әрбір сағат өте бағалы болып, жауапты органдар бұл апатарды дереу шешу керек еді. Бірақ өкінішке орай, үйлердің іші мұз басып, кейбір бала-бақшалар мен мектептер, ауруханалар мен халыққа әлеуметтік кызмет көрсететін орындар жұмыстарын тоқтата бастады. Көшелерде адам саны өте санаулы… Қарапайым халық үлкен ойға бөленді. Бұл қиындықтар, өкінішке орай әлі де кейбір жерлерде жалғасын тапты.
Әрі қарай

Өмірімнің ұмытылмас шағы...

Осы өмірде кез келген адамның өзіне ыстық, жақын жері, мекені (ғимарат, мекеме немесе т.с.с) баршылық. Соған сәйкес, көптеген естеліктер ойына түсіп, жүрегі мен жанның бір толғандырып жібереді. Сол жерге адамның сүйіспеншілігі белгілі бір өзінің өмірінің бөлігін өткізуімен сәйкестендіруге болады. Оның жанынан өткен кезде ғажайып бір толқынға түседі. Ол жерде көп уақыт болмаған жағдайда, сағынышқа түсіп, ой-толғауға батады. Кішігірім өзгеріс орын алғынмен, бірден тауып, әрбір ұсақ-ірі жайттар мәңгі есінде қалады. Бұл керемет бір сезім.
Әрі қарай

Г.Головкиннің қанды моншасы немесе алпауыт жұдырықтары

Алдымен Геннадий Головкиннің бокстағы қысқа тарихы, атап айтқанда өмірбаяны жайлы баяндағым келіп тұр.
1982 жылы, еліміздің көмірлі, кеңді астанасы – Қарағанды қаласында дүниеге келген. Жалпы бұл қаланың бокс мектебі сонау советттер кезеңінен бастап, мықты болып саналады. Елімізге талай мықты боксшыларды тәрбиелеп, қазақ батырларын әлемге паш етті. Соның бірі – Геннадий Головкин.
2003 жыл Әлем Чемпионы, 2004 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген бокс шебері, 7-дүркін ел Чемпионы. Сонымен қатар, өзге де халықаралық сайыстардың жеңімпазы мен чемпионы. Атап айтқанда, жастар арасындағы 2000 жылы Әлем Чемпионы, Қ.Р-ғы алғашқы І Спартакиаданың чемпионы, 2001 жылы мұңайлы мемлекеттер арасындағы Әлем Кубогының иегері, ІІІ Шығыс-Азиялық ойындардың чемпионы. Сонымен қатар, тізімдеп жетістіктерін жаза берсем, өте көп. Бұл менің ойымша ең негізгілері деп санаймын. 2006 жылдан бастап кәсіпқой боксқа өтеді.
Әрі қарай

Өлімге билет не, замаң талабы?!


Жалпы әлемде әуе көліктерін ойлап табуы, үлкен ғылыми прогресстің нәтижесі деп сөзсіз есептеуге болады. Адамның бір жерден екінші жерге тез мезетте жетуі өте ыңғайлы. Егер шұғыл шаруалар бола қойған жағдайда немесе алыс қашықтықты, уақытты үнемдеу үшін адам баласы осы көлік түріне жүгінеді екен. Оның әлемдегі түрлерінің сан алуандығы басты айналдыратыны түсінкті. Тік ұшақ та, ұшақтың көптеген басқа да түрлері баршылық… Адам баласы оны ойлап тауып қана қоймай, қауіпсіздігі жайлы да біраз ойланып жылдан-жылға жетілдіру әрекеттерін ендіруде. Дегенмен апта, ай сайын, кейде үлкен өкінішке орай күн сайын әлемнің түкпір-түкпірінен әуе көліктің апатқа ұшырауы туралы қайғылы хабарлар келуде. Біздің еліміз бұл қайғылы оқиғалардан шетте қалған жоқ.

Енді құрметті оқырмандар сіздердің назарларыңызға қазақстандық әуе көліктермен, не Қазақстан жерінде болған апаттарға қысқаша шолу өткізсем.
Әрі қарай

Жаңа ғасырдағы жаңа мамандықтарға сұраныс

ХХI — ғасыр адам өмірінің әртүрлі саласына жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. Адам баласы ХХ-ғасырда қажетсінбеген, тіпті естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда.

Ол негізінен, ақпараттық технологиялардың ұшқыр дамуына, қызмет көрсету және саладағы еңбекті жіктеу ережесінің түрленуіне байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын қолданыста болмаған, олардын атын естігенде қазіргі күннің өзінде «Сонда, ол маман немен шұғылданады?» деген сауал туындайды. Бірақ даму жолына түскен компаниялар бүгінде осындай мамандар үшін өз мекемесінде «орын әзірлеп» жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық:
Әрі қарай

Джекидің жаңа рекорды немесе нағыз жігіттердің аптасы

Жаңа «кино аптасы» Джеки Чанның «Қытай зодиагы» атты кезекті фильмімен ерекшеленеді деп отырмыз. Жалпы осы бейсенбі экшндық жанрға бай болып тұр – Стэтхэмнің «Паркері» де, үш мықты шал түскен «Нағыз жігіттер» де, комедия, мелодрама, атыс-шабыс элементтерін қатар жинаған «Ұста да қаш» та қым-қуыт кадрлар мен ию-қию көріністерді ұнататындар үшін киноға баруға жақсы себеп болмақ.

Қытай зодиагы / Доспехи Бога 3: Миссия Зодиак

Әрі қарай

Бір сәттік оқиғалар...

Ойын баласы кезіміз. Мектептен қайтқанымыздың өзі ойын. Жолай үйіне жеткен кластастарымыздың үйінен су ішеміз. Сонда байқағаным су толы ожауды тұтқасымен ұсынса да бес саусағын тарбитып түбінен ұстап сіміріп салатындар болушы еді.Ойын баласы болған соң не бір заттарды ұстайсың,өзіңнен кейін су ішетіндердің де жағдайын ойлау керек қой. Ержетіп оң-солымызды танығанда байқағаным: баяғы ожауды түбінен ұстап су ішетіндер әлі солай ұстайды екен.Бала кезден қалыптаспағансоң қиын шығар. Ата-ананың жіберіп алған қателігі.
Тағы бір осы тектес мысал. Бір үйде шай ішіп отырасың. Бәрі тамаша. Бір кезде сол үйдің мысығы құрығыр келіп мияулайды. Шай құйып отырған жеңгей сүт құйып отырған қасығымен (ауылда кей үйлер сүтті литр кесеге құйып, қасықпен шай кешеге құйып отырады) мысықты басынан бір ұрып, әрі қарай қасығын шаймастан сен ұсынған кесеге шайын құйып беріп отыра береді.
Басқа бір үйден ет жеп отырасың. Ет бабына келіп піскен. Бір кезде бөлмеге сол үйдің 3-4 жасар баласы кіреді. мұрнынан ақ боз аты мен көк боз аты қоса ағып тұр. Жеңгей жалаң қолымен әлгінің мұрнын бір қорс еткізіп сіңбіртіп алады. Қолын етегіне шала-шарпы сүрте салып «Жеңіздер, жеңіздер» деп табақтағы етті жұртарға ысыра бастайды.
Енді бір кісілер қонаққа барған үйін расымен де "өз үйі" екен деп қалады. Ет желінген соң, карта ойналған соң, сорпа бойына тарағанның әсері ме тершең қонақ терлей бастайды. Ваннаға кіріп, қонақтар беті-қолын сүртсін деп қойған таза орамалға қолтығына шейін сүртіп кетеді…
Суреткесілтеме
Әрі қарай

Нақыл.кз - мотиваторлар сайты


naqyl.kz

Жақында Қазнетке тағы бір сайт қосылды. Нақыл.кз — мотиваторлар сайты. Мотиватор жасағысы келетін, бірақ техбілімі жоқтар үшін өте жақсы қызмет. Керек суретіңді жүктеп, мәтінін жазсаң сайт өзі жасап береді.

Кеше мен де алғашқысын жасап көрдім. КерекИнфода да жақсы мотиватор жасайтындар (1,2) бар. Солар осы сайттың дамуына үлес қосса жақсы болады. Өйткені қазір Нақыл сайтындағы мотиваторлардың біразы мотиватор сипатына сай емес. Контенттің қазірден бастап сапалы болуына біз де ат салысайық.
Әрі қарай

Каспии банкінің интернет бөлімшесі

Каспии банкі интернет банкі Қазақстандағы жалғыз ешқандандай төлем қабылдауда комиссия ұстамайтын интернет банкинг.
интернет банкинг мынадай қызметтерге төлем қабылдай алады:
коммуналдық қызметтер
Ұялы телефонға төлемдер
телефон
және басқалар
Артықшылығы: Кез келген төлем комиссиясыз, біра шарты Каспии банкінің клинеті болуыңыз керек, тіркелу өте өңай, банкке көрсетккен ұялы байланыс нөмеріңізді енгізісізде пароль қойып қосыла бересіз болды еш қиындығы жоқ,
Кемшілігі Төлем қабылдаудың түрлерінің аздығы, электронды ақшаларға төлем жасай алмайсыз,

ешқандай комиссия болмаса банк сізге бұл қызметті тегін үсынып отыр ма деген сұрақ туындауы мүмкін, бұан мен өз тарапымнан былай деп жауап берейын, сіз банкке клиент ретінде тіркеліп ақша салып қоясыз, ол ақшаңыздан да комиссия ұстамайды, бірақ сол ақшаны сіз жұмсап болғанға дейін олар айналымға салады, сол кезде сіздің ақша банкке пайдасын алып келеді.
егер жазғандарым түсініксіз болып жатса онда мына бейне роликтер көмектесе алар
Әрі қарай