Тегін мұражай немесе уақыт машинасы

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы«Аяғына кірген тікен сүйкімді балақанның мазасын әбден алған сынды. Қабағы шытылып, аузы әнтек ашылып тікенді алып тастауға барынша тырысып отыр. Скульптураға қарап «сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма қадалсын» деп жанұшыратын қамқор анасы қайда екен» деген ой келеді. Бір жағынан, тікен мына өмірде ол жеңуі керек соңғы кедергі емес...»

Анатолий Рыбаковтың «Кроштың демалысы» атты шығармасы осыған ұқсас әфсанамен басталады. Бірақ ол жерде тәмсіл «Кітап ұстаған бала» атты нэцкэ (кішкентай скульптура, бастапқыда қытай, жапондарда қыстырғыш түйменің орнына пайдаланылып, кейін өнер туындысына айналған) туралы. Повестің мазмұны да мектеп оқушысы Кроштың осы бір уникал нэцкэнің соңына түскен коллекционермен жұмыс істеуінің айналасында өрбиді.

«Антиквар дүкені» дегеннің болатынын мен алғаш осы кітаптан білген болатынмын.

"Әр аулада бір мұражай"
Ондай дүкен өзімізде де бар екен. Мекен-жайы — Республика көшесі, 23.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Бір қарағанда сырты көзге қораштау дүкенге адамдар қызығушылық таныта қоймайтын сияқты.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Бірақ ішіне кірсең, құдды бір мұражай дерсің. Тұнған тарих.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Дүкен иесі Дмитрий Семеновтың айтуынша, бұл расында да кішігірім тегін мұражай. Үлкен кісілер немерелерімен келіп, көне заттарды тамашалап, олардың аңызын тыңдайды. «Еуропада қадам бассаң — мұражай, бізде де солай болса дұрыс болар еді» дейді ол.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Дмитрийдің әкесі Валерий ағай бала кезінен сіріңке қораптарын, пошта маркаларын жинаумен айналысқан. Кейін қызығушылығы артып, Гагаринге қатысты барлық бұйымдарды жинаған. 2011 жылы коллекциясының көрмесін өткізген.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
«Гагарин — XX ғасырдың ең танымал адамы».

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Әке мен баладан бөлек бұл дүкеннің штатында Виктор Акимович бар. Ол да тегін адам емес. Оның коллекциясының тақырыбы – Қытай. Нэцкэні ең алдымен жапондар емес, қытайлар ойлап тапқанын осы кісіден білдім.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Виктор Акимович мені 27 мамырда заманауи өнер мұражайында өтетін көрмесіне шақырды.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Антиквар дүкенінің музейден айырмашылығы – кез-келген экспонатты ұстап көруге болады. Қаласаң сатып та аласың. Әрине қомақты ақшаға.
Мысалы мына бір неміс радиоқабылдағышы (үстіңгісі) Ұлы Отан соғысына дейін шыққан. Атақты «Көктемнің 17 мезеті» фильміндегі эпизодтарда тура осындай радиоқабылдағыш бар. Бағасы шамамен 300 мың теңге.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Әйтсе де бұл дүкендегі ең қымбат зат – 1917 жылғы граммофон. Оның бағасы 600 мың теңгедей. Әрине мұндай бұйымдарды жинаушылар сирек. Дегенмен қандай да бір ретро-интерьер үшін таптырмас аксессуар бола алады. Оның үстіне әлі де жұмыс істеп тұр, пластинка ойнатып, ретро-әндерге елітуге әбден болады.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
«Астанада, жалпы, Қазақстанда коллекция жинаудан ең көп тарағаны – нумизматика, екінші орында графика, скульптура, сосын түрлі бұйымдар» дейді дүкен иелері.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Бұл дүкендегі тиындардың бағасы 500 теңгеден басталады.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
«Түпнұсқаны көшірмеден көпжылдық тәжірибе арқасында ажыратамыз» дейді Дмитрий. Дегенмен ерекше қымбат эксклюзив заттарды арнайы экспертизаға жібереді екен. Заттың бағасы – көнелігінен бөлек, сапасы мен тиражына байланысты.

«Адамдар-ай, адамдар»
Негізінен мұндай дүкеннің клиенттері — коллекционерлер, қала берді дизайнерлер. Жай сыйлық алу үшін бас сұғатындар да жоқ емес.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Алексей Николаевич механикалық сағаттар жинайды. Коллекциясы шамамен 1500 сағатты құрайды. Өзі зейнетке дейін тергеуші болып қызмет атқарған екен.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
«Бұл сағаттардың бәрі менде бар» дейді ол. Енді «сағаттың жаңа түрі келіп қалды ма екен» деген оймен дүкенге соғып тұрады.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
«Өткенде теледидардан америкалық Джон деген біреу «1500 сағат жинадым» деп жатыр, оның өзінің жартысы электрлік сағаттар екен, ал менікі — барлығы да механикалық» деп, телефонынан коллекциясын көрсетіп те қойды.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Ал Владимир Родионович ескі фотоаппараттар жинайды. Зейнетке дейінгі кәсібі – етікшілік.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Владимир Родионович дүкендегі фотоаппараттардың жылын, сипатын жатқа соғады. Мына фотоаппарат — алғашқы кеңестік фотоаппараттардың бірі.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Анатолий болса, Ұлы Отан соғысына дейінгі әскери формаларды жинайды. Өзінің қазіргі қызметі де сонымен тікелей байланысты.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Ол Ұлы Отан соғысының «белгісіз солдаттарын» іздеу топтарының әлі де жұмыс істейтінін айтты (охх, А. Рыбаковтың тағы бір шығармасы жылт ете қалды!).

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Жалпы 1 сағаттың ішінде дүкенге келім-кетім кісі аз болмады.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Қайыркен аға – ауған соғысының қатысушысы. Ол медалін жоғалтып алған екен. Осы дүкеннен ұқсасын тауып, сатып алды.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Әсел – мемлекеттік қызметкер. Дүкенге ағасы сыйлаған маркалар коллекциясын бағалату мақсатымен келіпті. Яғни бұл жерге адамдар тек сатып алу үшін емес, сату үшін де келеді. Көне затты лақтырмастан бұрын ойланып көр — мүмкін ол бір жәдігер?

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Бір әжей қаптаған фарфор бұйымдардың арасынан мына бір пластик скульптураны көріп қалып, балаша қуанды.
«18 жасыма дәл осындай бұйымды сыйлыққа алып едім. Жас кезде мән бермеппін, сақтамаппын» деді ол. 10 мың теңгені қымбатсынса да, жастық шағының жаршысындай болған «Тікен»-ді сатып алды.

Коллекция жинаудың бала тәрбиесіне ықпалы зор
Дүкен иелері клиенттерінің бәрін дерлік таниды және оларды жіті бақылап отырады.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Мақтан тұтып айтатын тағы бір қарлығаштары — 17 жасар нумизмат Уәлихан Бахретдинов. Дүниежүзі тарихы бойынша түрлі олимпиада-жарыстардың жеңімпазы бұл дүкенге алғаш рет 9 жасында келіпті. Баланың коллекция жинауға қызығушылығын байқаған бұлар оған барынша көмектесіп, бағыттап отырған. «Қазір Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетіне түсуге дайындалып жатыр» деп мейіріммен қосып қойды Валерий ағай.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
«Коллекция жинаушылар әлемі балаларды жоғалтты» дейді өкінішпен Валерий ағай.
"Қазір балалардың бірдеңе жинауы сирек құбылыс. Басты себеп – қаражат. Бұрын екі баланың бірі марка, сіріңке қорабын жинаумен айналысатын, және олар тиын-тебен тұратын. Коллекция жинау – баланың жан-жақты дамып, өресінің кеңеюіне септігін тигізеді. Әлденені жинайтын баланың мектеп бағдарламасын да меңгеруі оңай. Ең бастысы – бұзақылықтан, жаман әдеттен аулақ болады".

Келіспеске болмайды. Эйнштейннің өзі «Марка жинаңыз, ол жұмыстан кейін ойларыңызды жүйелеуге ықпал етеді» деген екен.

P.S.: Антиквариат дүниелерді алып-сату пайдасы жағынан алмаз бен мұнай бизнесінен кейін үшінші орын алады.
Әрі қарай

Дивани "хикмет" немесе жәдігердің жаңаруы

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Дивани хикмет немесе жәдігердің жаңаруы

Есенбісің, достым!

Міне, көзді ашып жұмғанша, тағы бір апта зу етіп, менің 28 күндік жұмыс кезегім де келді. Өзің аңғарып үлгергендей, менің фотореп жанрындағы әңгімемнің кейіпкері басқа емес, бұл жолы кәдімгі көне диван болмақ.

Бәлкім, сен дереу мені «мына ауған неме жамбасын жайғастырып, жантаятын жиһазын да жыр қылды ғой!» деп жазғырарсың. Ендеше, дат, тақсыр!
Әрі қарай

Маңғыстаудағы Домбыра Party-дың маусымашары!

2014 жылдың сәуір айының 21-інші жұлдызында Маңғыстауда Домбыра Патидың биылғы маусымы ашылды! Ашылуы керемет өтті.Қаламыздың тұрғындары, патидың тұрақты көрермендері риза болды. Соңғы рет Домбыра Пати 2013-тің 30 тамызында өткен болатын.Алдағы уақытта аптаның әр бейсенбі күні 14ш/а теңіз жағалауында, сағ 20:00 де кездесетін боламыз! Жалпы әдемі маусымашар болды!
Жиналған көрермендер де көп болды..

Маңғыстаудағы Домбыра Party-дың  маусымашары!
Маңғыстаудағы Домбыра Party-дың  маусымашары!
Маңғыстаудағы Домбыра Party-дың  маусымашары!
Бауырсақтан алыңыздар!
Маңғыстаудағы Домбыра Party-дың  маусымашары!
Жанар Айлашова апамыз
Маңғыстаудағы Домбыра Party-дың  маусымашары!
Жарху Ардақ
Маңғыстаудағы Домбыра Party-дың  маусымашары!
Маңғыстаудағы Домбыра Party-дың  маусымашары!
Маңғыстаудағы Домбыра Party-дың  маусымашары!

Маңғыстаудағы Домбыра Party-дың  маусымашары!
Уайс Ерсайынұлы ағамыз
Маңғыстаудағы Домбыра Party-дың  маусымашары!
Маңғыстаудағы Домбыра Party-дың  маусымашары!
Суреттерді түсірген Талант Құсайын ағамыз!
Маңғыстаудағы Домбыра Party-дың  маусымашары!
Жалпы видео, суреттер толықтай ФБ-дағы Домбыра Party тобында бар!
Маусымашарда дастархан жайып, шұбат, бауырсақ әкеліп демеушілік еткен Ақтау қалалық жастар орталығына алғысымыз шексіз!



Әрі қарай

Шапқан аттай зулаған өмір...

«Фотореп дегеніміз бүгін немесе кеше түсірген суреттер топтамасымен репортаж жасау» деген қағида болмағандықтан мына бір дүниемді көрген жандар «Фотореп емес» дей қоймас.
Қазақта «Ат жалын тартып мінгелі» деген жақсы бір сөз тіркесі бар. Өкінішке орай бұл тіркесті көп қолдана бермейді екенбіз. Өмірімнің өсу сатылары бойынша көрсетіп отырған түрім осы.
Көп сөйлеп созбай суреттерді сөйлетіп көрейік (Өзім жоқ суреттердің барлығын өзім түсіргенмін)…
Әрі қарай

"Канададан келген" сүт

Бала кезімде әр көктем сайын үйдегі сиырдың бұзаулауы ерекше оқиға еді. Ол туралы ең бірінші, әлбетте, анам біліп қоятын. Таңғы сағат алты-жетілерде шырт ұйқыда жатқан біз анамның «Сиыр бұзаулапты!» деген даусынан ұйқымыз шайдай ашылып, ұшып түрегелетінбіз.
Әрі қарай

Лотерея

Әйелі үйге кешігіңкіреп келіпті. Мойнында жаңа алқа бар.
Күйеуі: Алқаны қайдан алдың?
Әйелі: Лотереядан ұтып алдым.
Күндер өтеді. Әйелі үйге норкыбый тонмен келеді.
Әбіләкімнің  ауылы: ЛотереяКүйеуі: Тонды қайдан алдың?
Әйелі: Лотереядан ұтып алдым.
Осылайша үйде жаңа машина пайда болады. Екі бөлмелі пәтерлері 4 бөлмелі пәтерге ауысады.
Бір күні әйелі екі адамға курортқа жолдама алып келеді. Күйеуі екеуі теңіздің жағасында демалып жатса керек. Әйелі судан, шықпай қояды. Сонда күйеуі:
Болды, шық! Лотереяға суық тигізесің.- деген екен…
Суретке сілтеме
Әрі қарай

Иттің жүні, ешкінің сүті...

Ұмытпасам бұл оқиға 2009-шы жылдың қысының аяғында не көктем мезгілінің бас жағында болды. Әйтеуір үстімізде қалың киімнің бары рас. Отбасылық өмірге ептеп болса да төселіп қалған кезіміз. Ұлымыз Ринаттың алты-жеті айлық кезі. Бір күні баламыздың мазасы қаша бастады. Дәрігерге көрсетіп едік «Қызуы көтеріліп тұр, бірер күнде қайтады» дегендей бірдеңелер айтып шығарып салды. Айтылған бірер күні өткен кезде Ринаттың көзі кіртиіп, еңбегі түсіп кетті. «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» деген рас екен. Бала ауырғаннан бергі үшінші күні ауылдан жеңгем келе қалды. Ринатқа қарады да «Мынаған ит тиген» деген диагноз қойып берді.
«Ит тию» деген аурудың барын бала кезімізден білеміз. Баланың тілі итке өз еркімен «Кет» дейтін жасқа жеткенше ауыратын ауруы. Барлық бала ауыра бермейді әрине. Оған түрлі себеп бар. Иттен қаймығу, баланың кәкәсін ит жеп қойса да ауырып қалады деген сенім бар. Ауылдық жерде шешелеріміз «Ит тиген» баланы өлген иттің бас сүйегімен жуындырып, иттің өлексесінің орнына аунатып, ем-дом жасап жататын. Қасқырдың өтін іздестіріп жатқан үлкендерді де көргенбіз. Қалада ондай мүмкіншілік жоқ.
Әбіләкімнің  ауылы: Иттің жүні, ешкінің сүті...Жеңгем, «Маған иттің бір уыс жүнін әкеліп бер. Мен сонымен ұшықтап жіберейін» деді. Есіме бірден түскен адам әлде ит көрші подъездегі сабалақ жүнді иті бар жалбыр шаш орыс болды. Салып ұрып жетіп барып, соның есігін қақтым. Жаман орысшаммен итінің бір уыс жүнін қиып беруін өтіндім. «Не, дружище, не могу. Я с этим другом уже 15 лет живу, не могу» дейд әлгі атаңа нәлет. Ол кезде әскери қызметтемін. Бір басыма жететін орысша-қазақша боқтықтың багажы әжептеуір болып қалған. Боқтап-боқтап шығып кеттім. Иттің жүнін іздеген бірінші күнім осылайша сәтсіздікпен аяқталды.
Әрі қарай