Астана гүл қала болмақ

Астананың көркін келтіріп, реңін ашу үшін гүлзарларды безендіру маңызды шара. Биыл 162 288 шаршы м жерге гүл отырғызу жоспарланған, соның ішінде бір және көп жылдық өсімдіктер де бар, 25 мыңға жуық француз раушангүлінің көшеті егіледі.

Гүл отырғызу жұмыстары мамыр айында басталып, жалғасын тауып келеді. Жазда 147 мың шаршы м астам жерге гүлзар жасалады, соның ішінде «Алматы» ауданында — 50 436 шаршы м, «Есіл» ауданында — 80 999 шаршы м, «Сарыарқа» ауданында — 16 155 шаршы м. Гүлбақтарын, аспалы және стационарлық құмыраларды, кашполарды безендіру үшін 7 млн. 700 мыңнан астам бір жылдық гүл отырғызылады.

Астана жаңалықтары: Астана гүл қала болмақ

Сапалы гүлдермен қамтамасыз ету үшін «Астана-Зеленстрой» АҚ екі жылыжайда бір жылдық гүлдер мен төселмелі өсімдіктер көшеттерін өсіреді. Оның үстіне, № 1 жылыжай шаруашылығында кілем тәрізді өсімдіктердің түр-түрі бар. Атап айтқанда, альтернантердің екі түрі, седумның тоғыз түрі, цинерарий, эхеверия, қамыс, ирезине, сантолина, сенецио, бозот және т.б. Піл, керік, тасбақа, хоккейшілер, «Табиғатты аялайық» композициясы, жер шары, түйелер, құмыралар, футбол добы және т.б. тік жасыл фигураларды нақ осы гүлдермен безендірілген. Жалпы, 19 сәндік фигураға 643 мыңға жуық төселмелі кілем тәріздес өсімдік өсірілген.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астана көшелерінде қоғамдық көліктерге арналған жолақтар енгізіледі

Астана көшелерінде қоғамдық көліктерге арнайы жолақтар енгізілетіні жөнінде бүгін Астана қалалық жолаушылар көлігі басқармасының бастығы Еділ Сүлейменов мəлім етті.

"Қоғамдық көліктерге арнайы жолақ белгілеу жобасы өткен жылы қолға алынған болатын. Бұл жоба өз тиімділігін көрсетіп отыр. Жүргізілген сараптама жылжымалы қоғамдық көлік құрамының жылдамдығы 12-15 пайызға артқанын көрсетті", — деді Е. Сүлейменов.

Астана жаңалықтары: Астана көшелерінде қоғамдық көліктерге арналған жолақтар енгізіледі

Оның айтуынша, осыған орай бұл жобаны одан әрі жалғастыру туралы шешім қабылданған. Ол үш кезеңмен жүзеге асырылады.

«Бірінші кезең 5 маусымда қолға алынып, Алаш тас жолы бойында „Магнум“ сауда орталығынан Уəлиханов көшесіне дейін, Қорғалжың тас жолы бойында Бейсековадан Тұран даңғылына дейін арнайы жолақтар енгізіледі. Екінші кезең 15 маусымынан бастап қолға алынып, бұл жобалар Абай мен Кенесары көшелерінде бір бағыттағы көлік қозғалысы жобасымен бірге жүргізіледі», — деді ол.

Ал үшінші кезеңде Жеңіс даңғылы бойында Есенберлиннен Кенесары көшесіне дейін, Бараев бойында Қорғалжын тас жолынан Уəлиханов көшесіне дейін қоғамдық көліктерге арнайы жолақтар болады.

Сонымен қатар, Астана қалалық жолаушылар көлігі басқармасының бастығы Еділ Сүлейменов Астананың 2 көшесінде бір бағыттағы көлік қозғалысы енгізілетіні жөнінде хабарлады.

Оның айтуынша, бұл жұмыс екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезең 28 мамырдан бастап жүзеге асырылып, Əуезов көшесі бойында Республика даңғылынан Молдағұлова көшесіне дейін, Желтоқсан көшесінде Мəскеу көшесінен Кенесары көшесіне дейін бір бағыттағы көлік қозғалысы енгізіледі. «Екінші кезең 2016 жылдың 10 маусымынан басталады. Бір бағыттағы көлік қозғалысы үш көшеге енгізіледі. Олар Абай, Кенесары жəне Янушкевич көшелері. Абайда Сарыарқадан Пушкинге дейін, Кенесарыда Пушкиннен Сарыарқаға дейін, Янушкевичте Абайдан Иманов көшесіне дейін»,- деді Е. Сүлейменов.
Әрі қарай

Ауылшаруашылық өнімдер жәрмеңкесінде 500 астам тауарлар сатылады

Апта сайын жұма- жексенбі күндері Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның (Кенесары к-сі, 14) және «Думан» оайын-сауық орталығының тұрақтарында Астана қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстарының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жәрмеңкелерге жиі барады, өйткені ондағы бағалар базардағыдан 10-15% төмен. Бүгінгі таңда 336 тонна өнім сатылды.

Астана жаңалықтары: Ауылшаруашылық өнімдер жәрмеңкесінде 500 астам тауарлар сатылады

Жәрмеңкеге 150 жабдықтаушы мен өндіруші қатысады. Жәрмеңкеде «Капитал Натур продукт» ЖШС, «Нәтиже» ЖШС, «Милк прожект» ЖШС, «Дәмді ет» ЖШС, «Қазгер-Құс» ЖШС, «Жас қанат» ЖШС және т.б. кәсіпорындар өз өнімдерін ұсынады.

Елордалықтар 500 астам тауар түрін сатып ала алады, соның ішінде ет, балық, сүт, шұжық өнімдері, жемістер мен көкөністер, ұн, жарма, май және т.б.

Материал Астана қаласы әкімдгінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.

«Жас қанат – 2016» жеңімпазы анықталды

Осымен 25-рет өткізілген жас орындаушылар фестивалі ақтық мәресіне жетті. Финалда 6 өнерпаз бақ сынасып, нәтиесінде жеңіс тұғырына семейлік Парасат Отан көөтерілді.
Астанада жас орындаушылардың «Жас қанат – 2016» байқауының қорытындысы шығарылды. 25-ші рет өткізілген фестивальдің бас жүлдесін алты финалист сарапқа салды. Нәтижесінде семейлік Парасат Отан жеңімпаз атанды.

Байқау қорытындысы бойынша «күміс қанат» қарағандылық «Үш жүз» тобына бұйырды, ал оралдық Айбек Дәулетқалиев «қола қанатты» қанағат тұтты. Астаналық Жалғас Сұлтанов, Шымкенттік Айзада Әлімбекова және ақтөбелік Нұржан Оразов дипломант атанды.

Астана жаңалықтары: «Жас қанат – 2016» жеңімпазы анықталды

Байқау финалы мен гала-концертте Қазақстан Республикасының белгілі әртістері Бақыт Шадаева, Мәдина Сәдуақасова, Маржан Арапбаева, Майра Дәулетбак, Нұрлан Абдуллин, Медеу Арынбаев, Жанар Дұғалова, Нұржамал Үсембаева, Ерлан Көкеев және «К7» тобы өнер көрсетті.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.

25 мамырда елордада 4593 түлек үшін соңғы қоңырау соғылады

25 мамыр күні сағат 13.00 «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда «Біз – ел болашағымыз» атты мерекелік шеру мен түлектерге арналған би кеші ұйымдастырылады.

Концерттік бағдарламаға қалалық ұжымдар қатысады. Атап айтқанда, VIVA шоу-балеті, Kazakh Percussion Group барабаншылар тобы, Z триосы, үздік брейк-данс ұжымдары мен М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының ұжымдары. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, интерактивті конкурстар өткізіліп, көкке шарлар ұшырылады, әндерден попурри орындалады және т.б.

Астана жаңалықтары: 25 мамырда елордада 4593 түлек үшін соңғы қоңырау соғылады

Сонымен қатар, 25 мамырда сағат 17.00 Оқушылар сарайында дарынды балаларға арналған «Триумф» балы өтеді, онда республикалық, халықаралық конкурстардың, ғылыми жобалардың және олимпиадалардың жеңімпаздарына құрмет көрсетіледі.

Айта кетерлігі 2015-2016 оқу жылында елордалық оқушылар АҚШ, Бразилия, Грузия, Ресей, Оңтүстік Корея елдерінде халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 268 медаль еншіледі. Республикалық олимпиада мен ғылыми жобалар конкурсында Астана қаласы оқушыларының командалары жалпыкомандалық есепте 1-ші орын алып, "Үздік команда" атанды. Сонымен қатар, өткен оқу жылында елордалықтар 97 жүлделі орын алды.

17 маусымда түлектерге аттестаттар табысталады. Осылайша кешегі оқушылар ересек өмірге аяқ басады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Джон Сноу туралы жеке сериал түсірілгенін қалайсыз ба?

Ал сол кезде...: Джон Сноу туралы жеке сериал түсірілгенін қалайсыз ба?
Күні кеше Daily Express порталы HBO телеарнасының Джон Сноу туралы жеке сериал түсіру жоспары бар екенін хабарлады. Онда «Тақтар ойыны» сериалының бас кейіпкері Джон Сноу туралы спин-офф түсіретіні айтылған. Алайда, EW порталы бұл ақпаратты терістеді. Дәлірегі, «Тақтар ойыны» сериалы өкілдерінің айтуынша, Джон Сноу туралы жеке сериал түсіру шындыққа жанаспайды.
Ал, сіз талай көрерменнің сүйікті кейіпкеріне айналған Джон Сноу туралы бөлек сериал түсірілгенін қалайсыз ба?
Әрі қарай

Астанада халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі өтеді

Төртінші халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі — бұл бірінші кезекте озық қару-жарақ пен техниканың жеткізілуі мен шығарылуына миллиондаған келісімшарттар жасалатын іскерлік алаңы. Қазақстанның Қарулы күштері шет елдерінің жетекші қорғаныс кәсіпорындарымен бірқатар құжаттардың қол қойылуына үміттеніп отыр, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Биылғы жылы «KADEX-2016» көрмесінде 35 елден 200-ден аса шетелдік компания қатысатынын айта кеткен жөн.

Астана жаңалықтары: Астанада халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі өтеді

ТМД елдері «KADEX-2016» халықаралық көрмесіне белсенді түрде өздерінің қызығушылықтарын білдірді. Беларусь Республикасының «Пеленг» ААҚ компаниясы броньды техникаға арналған оптикалық-электрондық приборлар мен көздеуіш кешендерін, сондай-ақ бірқатар аэроғарыштық фотоаппаратураларды, криминалистикалық және метеорологиялық жабдықты ұсынады.

Ресей әскери техниканың ауқымды нұсқаларын ұсынады. Көрмеге қатысушылардың бірі — «Орал вагон зауыт» Ғылыми-өндірістік корпорациясы» АҚ. Көрме шеңберінде зауыт қашықтықтан басқарылатын әмбебап жауынгерлік модульмен жабдықталған «Армада» шынжыртабанды тұғырда жаяу әскердің ұрыс машинасын көрсетеді. Зауыт броньды машиналарының ерекшелігі жауынгерлік жағдайда экипажды қорғап тұратын корпустардың минаға қарсы конструкциясы. Сонымен қатар ресейлік «МиГ» ұшақ құрастыру корпорациясы МиГ-29К, МиГ-29КУБ, МиГ-29М/М2 көп функционалдық жойғыштарды ұсынады. Зауыт жауынгерлік тікұшақтарды жобалауды, өндіру мен техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.

Украиналық компаниялар да бірнеше стендтерде әскери өнімдерін көрсетеді. «АНТОНОВ» МК — көліктік, өңірлік жолаушылар ұшағы мен арнайы мақсаттағы ұшақтарды құру бойынша жетекші кәсіпорындардың бірі.

«KADEX-2016» көрмесінде «АНТОНОВ» әртүрлі мақсаттағы Ан-148 және Ан-158 өңірлік ұшақтарды, Ан-178 және Ан-132 жаңа көліктік ұшақтарды ұсынады.

«KADEX-2016» көрмесі еліміздің қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамытуға, Қазақстан Қарулы күштерінің қорғаныс әлеуетін қамтамасыз ету мен өрістетуге бағытталған әскери мақсаттағы отандық және шетелдік тауар өндірушілерге нәтижелі бірлескен жұмыс әкеледі деп жоспарлануда.
Әрі қарай

Астанада «Саябақтар маршы» акциясы басталды

Астанада елордалық саябақтарды тазалау мен көгалдандыруға бағытталған жыл сайын өткізілетін «Саябақтар маршы» акциясы басталды. Акция барысында белсенді жастар Алматы ауданындағы саябақтарды тазалайды, демалыс аймақтарын көріктендіріп, көгалдандырады. Шараны Астана қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырды.

Астана жаңалықтары: Астанада «Саябақтар маршы» акциясы басталды

«Саябақтар маршы» акциясы еліміздің барлық аймақтарында жыл сайын өткізіледі және акцияға қатысып, саябақ қызметкерлеріне ағаш егу, тазалық жұмыстарын жүргізу және қоршаған ортаны жақсартуға көмектесуге ниет білдіруші жандардың қатары жылдан жылға артуда.

«Саябақтар — қала адамдары үшін табиғат құшағына батып, демалып, ой сергітетін бірден-бір орын. Сол себепті баршамыз саябақ аймақтарын сақтауға және де көбейтуге ат салысып, тазалық және көгалдандыру жұмыстарын жүргізуіміз қажет», — деп атап өтті «Жас Отан» жастар қанаты хатшылығының басшысы Аян Сакошев.

Астана жаңалықтары: Астанада «Саябақтар маршы» акциясы басталды

Шараның басты мақсаты — жас ұрпақты патриотизм және еңбекті қадірлеу бағытында тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және де Отанға сүйіспеншілік негізінде азаматтық сана-сезімді дамыту.

Астана жаңалықтары: Астанада «Саябақтар маршы» акциясы басталды
Әрі қарай

Алғашқы күн электр стансасы салынады

Астанаға жақын жерден қуатты 100 мегаватт болатын алғашқы күн электр стансасы бой көтереді, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы. Бүгін құрылыс орнына барған компания басшылары мен облыс әкімі стансаның іргетасын қалады.

Құны шамамен 150 миллион еуроға жуықтайтын станса бас қалада өтетін EXPO көрмесі қарсаңында ашылады. 300 гектар аумағы бар станция маңына 31 мыңнан астам күн панельдері қойылмақ. Ол толық іске қосылса, энергия өндіру қуаты жылына 288 мың мегаватқа дейін жетеді.

Мамандар баламалы қуат көзі Астана қаласы тұтынатын энергияның 10%-ын және еліміздің барлық аймағын түгел қамтамасыз ете алады дейді. Ал құрылысы аяқталса, 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Мамандардың барлығы біліктілік қабілетін шыңдап, арнайы курстан өтеді.

Астана жаңалықтары: Алғашқы күн электр стансасы салынады

— Стансаның баламасы Орталық Азияда жоқ. Болашақта әлемдегі ірі баламалы қуат көзін өндіретін стансалар қатарына енуі мүмкін. Осыдан үш жыл бұрын дәл осы жерде жобаны жүзеге асыру жайлы шешім қабылдаған едік. Болашақта қазақ жерінде тағы 4 ірі жобаны қолға алмақ ойымыз бар. Нақтырақ айтсам, алдымен Оңтүстік Қазақстанда. Кейін Қарағанды мен Қызылорда облыстарында станция ашуды жоспарлап отырмыз, дейді «KB Enterprises» компаниясының бас директоры Тайлан Караманли.