25 мамырда елордада 4593 түлек үшін соңғы қоңырау соғылады

25 мамыр күні сағат 13.00 «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда «Біз – ел болашағымыз» атты мерекелік шеру мен түлектерге арналған би кеші ұйымдастырылады.

Концерттік бағдарламаға қалалық ұжымдар қатысады. Атап айтқанда, VIVA шоу-балеті, Kazakh Percussion Group барабаншылар тобы, Z триосы, үздік брейк-данс ұжымдары мен М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының ұжымдары. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, интерактивті конкурстар өткізіліп, көкке шарлар ұшырылады, әндерден попурри орындалады және т.б.

Астана жаңалықтары: 25 мамырда елордада 4593 түлек үшін соңғы қоңырау соғылады

Сонымен қатар, 25 мамырда сағат 17.00 Оқушылар сарайында дарынды балаларға арналған «Триумф» балы өтеді, онда республикалық, халықаралық конкурстардың, ғылыми жобалардың және олимпиадалардың жеңімпаздарына құрмет көрсетіледі.

Айта кетерлігі 2015-2016 оқу жылында елордалық оқушылар АҚШ, Бразилия, Грузия, Ресей, Оңтүстік Корея елдерінде халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 268 медаль еншіледі. Республикалық олимпиада мен ғылыми жобалар конкурсында Астана қаласы оқушыларының командалары жалпыкомандалық есепте 1-ші орын алып, "Үздік команда" атанды. Сонымен қатар, өткен оқу жылында елордалықтар 97 жүлделі орын алды.

17 маусымда түлектерге аттестаттар табысталады. Осылайша кешегі оқушылар ересек өмірге аяқ басады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше