Джон Сноу туралы жеке сериал түсірілгенін қалайсыз ба?

Ал сол кезде...: Джон Сноу туралы жеке сериал түсірілгенін қалайсыз ба?
Күні кеше Daily Express порталы HBO телеарнасының Джон Сноу туралы жеке сериал түсіру жоспары бар екенін хабарлады. Онда «Тақтар ойыны» сериалының бас кейіпкері Джон Сноу туралы спин-офф түсіретіні айтылған. Алайда, EW порталы бұл ақпаратты терістеді. Дәлірегі, «Тақтар ойыны» сериалы өкілдерінің айтуынша, Джон Сноу туралы жеке сериал түсіру шындыққа жанаспайды.
Ал, сіз талай көрерменнің сүйікті кейіпкеріне айналған Джон Сноу туралы бөлек сериал түсірілгенін қалайсыз ба?

Джон Сноу туралы жеке сериал түсірілгенін қалайсыз ба?

Бөлісу:

2 пікір

zholantai
Иә. Өйткені, «Тақтар ойыны» сериалындағы әлем ұнайды. Сондықтан да түсірілгенін құп көремін. Еще спин-офф болғандықтан, «Тақтар ойынында» өліп қалған талай кейіпкерлер о кезде тірі жүреді. Оның ішінде Нед Старк та бар
asaubota
мынаның жанында қызық болмауы мүмкін. бірақ, иә, қалар едім