Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Австриямен тең түсті — 0:0. Ойын өрнегі халыққа тағы сеніп ұялады. Жеңіске жетпесек те ойын өрнегі халыққа қуаныш сыйлады. Бізге жеңістің ауылы жақын еді. Бірақ Гридин, Мұжықов, Мұхтаров, Остапенколар тамаша мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады. Жеңіс біздің ауылда қалу керек еді. Жігіттерге дәлдік жетіспеді. Сонымен, біз үшін Еуропа біріншілігіне іріктеу сыны аяқталды. Бір жеңіс, бір тең ойын қоржынымызда. Нәтижені сараптау бапкерлер тобы мен федерацияға қалдырармыз. Бірақ бізде мүмкіндік көп еді. Мәселен, Түркиямен тең түсер сәтті уыстан шығарып алдық. Ал бүгін біз Австрияны ұтуға мүмкіндік мол еді. Болмады
Қайырлы түн, құрметті футбол жанкүйерлері!
Сіздермен еліміздің құрама командасының евроіріктеу бәсіндегі кезекті матчынан тікелей мәтіндік репортажымызды бастаймыз.
Бүгін Еуро-2012 іріктеу матчтары жалғасады. Біздің қарсыласымыз Бельгия құрамасы. Бұрын Бельгиямен олардың алаңында тең ойнағанымыз бар еді, бұл жолы қалай болатынын көреміз. Букмекерлердің айтуынша біз таза жеңілеміз:
Ресейдің екінші дивизионында ойнайтын Новосибирскінің МИТОС командасы мен Геленджиктің «Олимпия» командалары арасындағы ойында футбол тарихындағы ең жылдам гол тіркелді. Голды МИТОС ойыншысы Михаила Осинов ойынның басталғанын білдіретін ысқырықтан кейін бірден ортадан теуіп кіргізді. Матч 11 қыркүйекте болған.
Норвегияның «Одд Гренланд» командасының «Тромседен» 3-1 есебімен айла асырған матчы хавбек Самуельсонның өз «жартысынан» баспен соққан голымен тарих анналдарында қалайын деп тұр. Ойынның соңғы сәттерінде алаң иелері қараусыз қалған қақпаны дәл көздепті:
Манчестер Юнайтед әлемдегі ең қымбат спорттық бренд болып танылды. Brand Finance агенттігіне сүйенсек клубтың брендінің құны 2005-2011 жылдар аралығында 109 пайызға өсіп, 412 миллион фунт стерлингке жетіпті.