Манчестер Юнайтед әлемдегі ең қымбат спорттық бренд болып танылды


Манчестер Юнайтед әлемдегі ең қымбат спорттық бренд болып танылды. Brand Finance агенттігіне сүйенсек клубтың брендінің құны 2005-2011 жылдар аралығында 109 пайызға өсіп, 412 миллион фунт стерлингке жетіпті.

2011 жылы аталмыш клубтың кірісі рекордтық соманы — 110 миллион фунтты құраған. Клубтың әлемдегі танымал Nike, Aon, Audi және DHL сияқты брендтермен 20 шақты келісім шарттары бар.

2010-2011 жылғы АПЛ чемпионы болғаннан кейін Манчестер Юнайтед ағылшынның ең сәтті клубы болып танылды. Манкуниандықтар Англияның 19 дүркін чемпионы атанып, бұл орайда Ливерпульды артқа қалдырды.
Бөлісу:

6 пікір

socrates
Тіл шыққаннан осы клубқа жанкүйерлік етемін. МЮ, алға!!!
Onlasyn
Иә, Фергюсонның арқасы шығар, клубтың осындай мәртебеге жеткені
socrates
АБрамович сияқты байы бар шығар. Естімеппін бірақ.
Onlasyn
Нені естімепсің?
socrates
Авраамның ұлы сияқты қаржыландыратын біреудің барын.
asaubota
Against Modern Football деген ұғым бар қазіргі фанаттарда. Футбол бұрын футбол еді. қазір футбол ақша, саясат, жарнама, мода. МЮ осындай командалардың бірі. МЮдың нағыз шын фанаттары осыдан бірнеше жыл бұрын өздері бөлек команда құрды өз ақшаларына. ең төменгі лигадан бастап, жыл сайын көтеріліп келеді жоғарыға. аты Юнайтед оф Манчестер.

дәл осындай себеппен Зальцбург командасының фанаттары да кетті, өздері жаңадан команда құрды.