Еуропа лигасының жеребесі өтті



Өткен дүйсенбі күні Еуропа Лигасының жеребесі өтіпті. Біздің командалар «Ақтөбе», «Жетісу», «Ордабасының» қарсыластары анықталды.

«Ақтөбе алғашқы турда Грузияның Торпедосымен кездеседі. Егер жеңсе келесі турда Молдавияның Милсами командасымен ойнайды. „Жетісудың“ алғашқы қарсыласы Польшаның „Лехы“, мұны өтсе „Хазар“ (Әзірбайжан) / „Нымме-Калью“ (Эстония)жұбының жеңімпазымен кездеседі. „Ордабасы“ Сербияның „Ягодинасын“ өте алса келесі турда Норвегияның танымал клубы „Русенборгпен“ ойнайды.

Бірінші раунд 5 және 12 шілдеде ойналады. Екінші раунд ойындары 19 және 26 шілдеде.
Әрі қарай

Қыздар танитын футболистер ондығы

Жігіттеріміз де енді «андай» күндері болып жатқан соң, бізге көп көңіл бөлінбей қалып жатыр ғой. Біз, қыздар, жалпы футбол қарамаймыз . Мысалы, көп қыздар, енді барлығы дерлік қарамайды. Футбол қарайтын қыздар көбіне жігіттері мен ортақ «тақырып» болу үшін қарайды немесе жарнамадан не журналдан әдемі жігіт көріп қалса кім екен, немен айналысады екен деп интерес тудыруы мүмкін. Интерестің ішіне: әйелі бар жоқтығы, қай елдікі екені, қанша қаржысы, қандай үй машинасы, футболдан басқа қандай бизнесі бар жоқтығы ғана қызықтырады. Оның қандай құрамада, құрамада кім екені қызықтырмайды.
Сонымен жігіттерінің, жарнамалардың арқасында қыздар таниды- ау деген 10 танымал футболист:
Әрі қарай

Футболға барайық: Қазақстан-Қырғызстан


Ертең, 1 маусым күні Алматының орталық стадионында Қазақстан-Қырғызстан жолдастық кездесуі өтеді. Басталуы 19-00. Кіру тегін екен.

Футбол сүйер қауым болып қарап қайтпаймыз ба? Кімдер барады, қай жерге жиналамыз, соларды талқылайық?

Сурет: sports.kz
Әрі қарай

Футбол ойнасақ қайтеді

Пролог
Құрметті КерекИнфо жамағаты! Өткен айда бірнеше мәрте футбол ойнап салауатты өмір салтын бастаған едік. Соңғы кездері жақсы үрдіс жалғасын таппай қалды. Кінәлі кім? Себебі не?
Бірінші тарау
Осы жұма футбол ойнауға қалай қарайсыңдар? Баяғы орында. Келетіндер мен келгісі келетіндер пікір ретінде жазса болады. Төменде келуі мүмкін адамдар тізімі:
1. asaubota
2. Nurgisa
3. Marco
4. aza
5. Bekjan
6. AKY
7. huanysh
8. TERISKEY
9. Janasil
10. AL-ASTER
11. konvict
12. Aldeken
13. ???

Очм, келемін деушілерге есігіміз ашық. Нұржол допты ұмыпта!
Әрі қарай

Голды Hollywood эффектілерімен тойлау

Гол салу немесе жеңіске жету кезінде әрбір ойыншының жан дүниесінде, сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезімдер тулайды. Сондай қуанышты сәттердің hollywood стильіндегі өңдеуден өткен топтамасы
Әрі қарай

Шалдар және балдар юнайтед

Очм, жұма күні кешкісін Астаналық керекшілер жиналып салауатты өмір салтын қолдау мақсатында футбол жарысын ұйымдастырды. Аталмыш іс-шараға Астана қаласының белді деген қызмет орындарының өкілі, әрі КерекИнфо сайтының қолданушылары келді. Ең алқаш сөз кезегін ешкім айтпады. Себебі, ашылу рәсімінсіз-ақ футбол ойыны басталып кетті.

Жарысқа екі команда, атап айтар болсақ «шалдар юнайтед»(asaubota , Nurgisa , Marco , huanysh , Bekjan ) және
Әрі қарай

Павел Недвед

Павелдің ең алғашқы жоғары деңгейдегі клубы — «Дукла» болды. Оның сапында жартылай қорғаушы 1991-1992 жылғы маусызда 19 ойын өткізіп, 3 доп соқты. Сосын «Спартаға» ауысты. Бұл клуб Недвед үшін Еуропаның мықты клубтарына өтуіне көпір болды. «Спартада» 4 маусым ойнап (98 ойын, 23 гол) ол Италияның «Лациосына» ауысады. Римдік Клубтың белді ойыншысына айналған — Недвед, Лациода 5 маусым өткізеді.
Әрі қарай

Көбіне ұтып, кейде ғана ұтылатын экспресс

Кім орынында оытрып ақша тапқысы келмейді дейсіз? Артық ақша қалтаны тесіп шықпас. Сондықтан қазір интернетте ақша табудың неше түрлі жолдары бар. Соның бірі бәс тігу(ставка қою).
Футболдың фанаты болғандықтан кейін оны құр көргеннен бәс тігіп көрген әлдеқайда әсерлірек болады. Бірақ бұл жерде азартқа кетіп қалмау керек. Егер бүгін тәуекелге барып, ақшаңды ұтылып қалсаң, ертең оны қайтарып алудың жолын ойлау керек.
Оны қалай істеуге болады? Бірде «Футбол бәсінде ұтылмаудың жолы» туралы ақпаратты оқыдым. Тәжірбие жүзінде тексеріп те үлгердім. 4 бәстің үшеуінде ұтып, тек біреуінде ғана ұтылдым.

сурет
Бұл жерде аса тәуекелге бармайсың. Егер көп ақша қоймасаң әрине, және азартта болмайды. Оның жолы мынадай:
Әрі қарай