Мессидің "Барса" үшін ойнағанына сегіз жыл

2003 жылғы 16 қарашада, демек, бұдан тура сегіз жыл бүрын Франк Райкаард алаңға жаңа ойыншыны шығарады. Қарсылас — атақты Жозе Моуриньоның «Порту» командасы.

Екінші таймда алаңға шыққан 14 нөмірлі (айтпақшы, бұл Йохан Кройффтың нөмірі ғой, ә?) жап-жас кішкене бойлы жігіт бірнеше жылдан кейін клуб легендасына айналады. Барсаның «визитная карточкасы» деп айтуға келе ме екен?



Әрі қарай

Кубок Ордабасыда, Шымкент Еуропада!



Кубок финалында Ордабасы Тобылды 1-0 жеңіп, Кубок жеңімпазы атанды. Келесі жылы Ордабасы Еуропа лигасында ойнайтын болады.

Ордабасы футбол клубын және барлық шымкенттіктерді осы қуанышпен құттықтаймын!
Әрі қарай

Граунд-хоппинг - саяхаттың бір түрі

Биыл Қарағандыға футболға барғанымда 2 неміс жігітімен таныстық. Өздері келіп танысты. Ертеңіне Астанада кездесетін болып келістік. Граундд-хопперлер екен.



Граунд-хоппер деген кімдер?
Граунд-хоппинг (ground-hopping) — ағылшын тілінен тіке аударғанда «алаңнан алаңға секіру» деген сөз, яғни стадионнан стадионға. Бұл жігіттер әр түрлі елдерге барып, футбол қарайды. Сол елдің фанаттар мәдениетімен танысады және сол елдерді де аралар, тұрмыс-тіршіліктерімен танысады.
Әрі қарай

ҚАЗАҚСТАН – АВСТРИЯ 0:0. АВСТРИЯНЫ АЛЫП ҰРУҒА НЕ ЖЕТПЕДІ?


Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Австриямен тең түсті — 0:0. Ойын өрнегі халыққа тағы сеніп ұялады. Жеңіске жетпесек те ойын өрнегі халыққа қуаныш сыйлады. Бізге жеңістің ауылы жақын еді. Бірақ Гридин, Мұжықов, Мұхтаров, Остапенколар тамаша мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады. Жеңіс біздің ауылда қалу керек еді. Жігіттерге дәлдік жетіспеді. Сонымен, біз үшін Еуропа біріншілігіне іріктеу сыны аяқталды. Бір жеңіс, бір тең ойын қоржынымызда. Нәтижені сараптау бапкерлер тобы мен федерацияға қалдырармыз. Бірақ бізде мүмкіндік көп еді. Мәселен, Түркиямен тең түсер сәтті уыстан шығарып алдық. Ал бүгін біз Австрияны ұтуға мүмкіндік мол еді. Болмады
Әрі қарай

Бельгия - Қазақстан. Еуро-2012 іріктеу матчы



Бүгін Еуро-2012 іріктеу матчтары жалғасады. Біздің қарсыласымыз Бельгия құрамасы. Бұрын Бельгиямен олардың алаңында тең ойнағанымыз бар еді, бұл жолы қалай болатынын көреміз. Букмекерлердің айтуынша біз таза жеңілеміз:

П1 — 1.08 Х — 9.36 П2 — 24.63
Әрі қарай