Барселона мен Шахтер ширекфиналда (видео)

Фото: REUTERS/Gustau Nacarino
Фото: REUTERS/Gustau Nacarino

Кеше түнде Чемпиондар Лигасы 1/8 финалының реванш матчтары ойналды. Камп Ноуда Барселона Арсеналды 3-1 есебімен ұтып, алғашқы ойындағы 2-1 есебінің қарымтасын қайтарды. Донецкінің Шахтеры Романы өз алаңында да жеңді, есеп 3-0. Осылайша ширекфиналға өткен алғашқы командалар белгілі болды. 1/8 финал матчтары бүгін жалғасады, Шальке өз алаңында Валенсияны, ал Тоттенхем Миланды қабылдайды.
Әрі қарай

Алтынтоптың сыйлығын Сидельников берді (видео)



Сидельников ФИФАның жыл қортындысында бізді ұятқа қалдырды деп Аламан сайты елді шулатып еді. Жігіттер аудармасында сәл қате жіберген сияқты. Аламанда былай делінген еді:

”Алтынтоп менің сенен өтінерім енді біздің қақпаға мұндай доп соқпашы”

Жоғарыдағы видеоны қарайтын болсаңыз, Андрейдің олай демегенін көресіз. Қазақстан Құрамасы және Ақтөбенің қақпашысы алдымен Хамит Алтынтопты құттықтады, сосын голдың шынымен керемет екенін мойындай отырып, алдағы уақытта мұндай гол жібермеу үшін қолымнан келген бәрін істеймін деді.
Әрі қарай

ҚПЛ-дағы ұқсастықтар. # 1 бөлім

Бүгінгі ақ тер-көк тер болған «Шахтер» және мүлде хайфаланбаған, ой, қапаланбаған «Маккаби» матчын тамашалап отырып, осы жазбаны орналастыру туралы ой сап ете қалғаны. Неге екені белгісіз. Жәй ғана ермек болсын деп ойладым. Сонымен...ұқсастықтар болса, санаңызға түртіп алуға болады.
Негізі, Тарасовтың да екі қасының ортасында қал бар. Мынау суретте оны "Фотошоппен" алып тастапты.
Футбол, тек қана футбол!: ҚПЛ-дағы ұқсастықтар. # 1 бөлім

Футбол, тек қана футбол!: ҚПЛ-дағы ұқсастықтар. # 1 бөлім
Сіздерді білмедім. Бірақ, маған литвалық легионер атақты "Интерны" жұлдызына ұқсайтындай болып көрінді.


Футбол, тек қана футбол!: ҚПЛ-дағы ұқсастықтар. # 1 бөлім
Қаны грузиндік өзбек Темірінің құлағы белгілі фильмнің кейіпкері Йоданың құлағын көз алдыма елестетеді.


Ойларыңызды пікірлемеге жазыңыздар. Ұқсас ойыншыларды бірге табайық. Бұндағы мақсат — қазақ футболы үшін тер төгіп жүрген азаматтарды көзбен шалып (визуалды) жадымызда сақтау шығар. Әсіресе, отандық футбол жайын дұрыс білмейтіндер үшін…
Жалғасы бар…
Әрі қарай

"Селтик" - "Шахтер" 3:0. "Шахтер" Еуропа Лигасында!

Чемпиондар Лигасы плей-офф матчында «Селтиктен» 3:0 жеңілген «Шахтер» қос ойынның нәтижесі бойынша 3:2 жеңіліп, Еуропа Лигасына жолдама алды. Жарысты «Шахтер» енді Еуропа лигасында жалғастырады.


«Селтик» — «Шахтер» 3:0 (1:0)
Голдар:
Коммонс 45 (1:0), Самарас 48 (2:0), Форрест 90 (3:0)
Ескертулер: Лэдли 68, Браун 90 — Симчевич 18, Каньяс 36, Вичюс 40, Зенькович 85
«Селтик»: Форстер, Мэтьюз, Эмброуз, Малгрю, Лустиг, Браун, Коммонс (Бурригтер 79), Лэдли, Самарас, Стоукс, Форрест (ван Дейк 90)
«Шахтер»: Мокин, Василевич, Порываев, Джидич, Малый, Симчевич, Вичюс, Казарян, Каньяс, Финонченко (Зенькович 83), Хижниченко
Төреші: Свейн Моэн (Норвегия)
28 тамыз. Глазго. «Селтик Парк».
Алғашқы матч: 0:2.
Әрі қарай

Ақтөбеде алып стадион салынады!



Ақтөбеде Мәскеудегі "Олимпийский" спорт кешені секілді алып құрылыс қолға алынды. 2015 жылы аяқталатын спор кешенінің құрамына жаңа футбол стадионы, хоккей алаңы, шаңғы базасы, спорт интернаты, жүзу бассейні, теннис орталығы, т.б. орындар кіреді. Олимпиялық алып кешеннің аумағы 50 гектарды құрайды. Соның ішінде 7 мың халық сиятын хоккей алаңы, 300 орынға арналған интернат, ал ең бастысы 25 мың көрерменге арналған футбол стадионы бар! Футболдың шатыры Ацсотонодағыдай ашылып-жабылатын болады деп отыр жергілікті БАҚ өкілдері. Кешенде сондай-ақ жазғы-қысқы спорт түрлерінің басым бөлігімен айналысуға мүмкіндік болады.
Әрі қарай