Еуро-2012 ойындарының чемпионы кім болады?

"Кім чемпион?" дегенге "аз-маз ақша тастап қойсам" деген едім? Басым қатып отыр, доп домалақ дейін десем, сол допты домалататын адам ғой. Немістер чемпион болады деп ойлаймын, бірақ француздардың жеңімпаз болғанын қалаймын.
Әрі қарай

Еуро-2012 сенсациясын қай құрама жасайды?



Сенсация және сюрприздерсіз ешқандай үлкен жарыс болмайды. Күтпеген жерден жоғары нәтиже көрсететіндер әрқашан табылады. Осы сұрақты Фейсбуктегі футболсүйер достарымнан сұрап көрген едім. Сауалнама нәтижесі бойынша көпшілік Польшадан (21% — 8 дауыс) сенсация күтетіндерін айтты. Одан кейінгі орында Ресей (18% — 7 дауыс), Хорватия (13%) мен Украинадан (13%) да сенсация күтушілер бар.
Әрі қарай

WilliamHill Еуро-2012 финалында Испания мен Германия кездеседі дейді



Танымал букмекер кеңсесі WilliamHill Еуро-2012 үшін линия ашқан екен. Берілген линия бойынша болжайтын болсақ Еуро финалында Испания мен Германия кездеседі. Бұл жұптың кездесу ықтималдығына 6 коэффициент беріліп тұр. Одан кейінгі кезекте Голландия — Германия (8), Испания — Голландия (9) жұптары.
Әрі қарай

Финал: Испания - Италия



Финалда соңғы жылдардағы әлемдегі және Еуропадағы фаворит Испания мен биылғы чемпионаттың флэш командасы Италия. Лайықты финал. Екеуі де мықты. Қайсысы жеңетінін бүгін көреміз. өз болжамдарыңызды жаза отырыңыздар.
Әрі қарай

Euro 2012 Fantasy Football ойыны басталды



Euro 2012 турнирінің басталуына 60 күн қалды. Еуропа Чемпионатын одан сайын қызықты қылу өз қолыңызда. Фэнтези ойынына қатысып, өз командаңызды құрып алсаңыз чемпионатты қарау қызықтырақ болады. УЕФА биыл да жанкүйерлерге Фэнтези ойынын ұсынуда. Ойын тәртібі бұрынғыдай, сізге берілген виртуал ақшаға футболшылар сатып алып, өз командаңызды құрасыз. Олардың ойын барысында жинаған ұпайлары сіздің командаңызға жазылады. Үздік командаларға бағалы сыйлықтар беріледі. Мысалы SHARP 3D-теледидары, Blue-ray плеері, adidas-тан Predator аяқкиімі, Canon PowerShot камерасы және т.б сыйлықтар.

КерекИнфо да осы ойын ішінде өз лигасын құрады. Өзара жарысатын боламыз.

Толық ақпарат: ru.euro2012fantasy.uefa.com/
Әрі қарай

Еуро-2012 тегін барғың келе ме? Байқауға қатыс!



Еуро-2012 негізгі демеушілерінің бірі Carlsberg журналист және блоггерлерге арналған байқау жариялайды. 4 номинация бойынша жүргізілетін байқау нәтижесі бойынша үздік 1 журналист және 1 блоггер Еуро-2012 ширекфинал матчтарының біріне тегін барып келеді.

Байқауға қазақ және орыс тіліндегі мақалалар қатыстырылады. Соңғы күн 15 мамыр.

Толық ақпарат: euro2012.exclusive.kz
Әрі қарай