Таңғажайп вельвичия немесе ерекше вельвичия (Welwitschia mirabilis) бұрынғы заманнан келе жатқан өсімдік, қазіргі кезде ол тек ғана Атлантық мұхиттің жағасында, Намибияда, Анголаның оңтүстігінде шектелген аумақтың шөлінде өседі. Ол бір қарағанда
… Мен өзге түгіл өзімді танығым келеді. Білгім келеді. Көп ұққым келеді. Түбіне түсуге талпынғанмен шегі жоқ. Оқығандағы ойларым мен істеген істерімді сарапқа саламын. Дұрыс сияқты. Соның дұрыстығына көзімді жеткізу үшін де қайта ізденемін. Бұлай
Парижден Римге ұшып бара жатқан итальяндық Alitalia компаниясының ұшағын 48 жасар Валерий Толмачев Ливияға бұрғысы келген. Стюардессаның мойнына тырнақ егеуін тақаған ол ұшақтың экипажы отырған жерге барғысы келмеген басында. Бірақ, ұшақ пилоттары дер кезінде оның қолын қайырып үлгерген деп хабарлайды BBC.
Ұшақ Рим әуежайына аман-есен қонып, қайғы террорист тәртіп сақшыларына тапсырылған. Әзірге расталмаған ақпарат бойынша Толмачев ЮНЕСКО-ның Қазақстан өкілдігінің кеңесшісі қызметін атқарған екен.
Бұл жазып отырғаным хадис пе, хадис болса сахих па білмеймін. Сондықтан мысал әңгіме деп айта берейін. Сіздердің кейбіріңіз басқаша (дұрысырақ) нұсқасын білулеріңіз де мүмкін.
Бір қария аулада отырып адамдарды бақылап отырады екен. Бір көршісінің үнемі Жаратушыға жалбарынып күнәсін кешуді сұрап отыратынын байқапты. Өтіп бара жатқан басқа көршісінен осының мән-жайын сұрапты. Ол «Бұ кісінің жасаған күнәсі ауыр, сондықтан да осылай кешірім сұрап отырады» деп жауап беріпті. Қария «Сенің күнәң жоқ па?» деп сұрағанда әлгі «Менікі ұсақ -түйек күнәлар ғой» деп жауап береді. Содан екі көршісін қасына шақырып алған қария «Сен екеуің маған өз күнәларың қандай деп есептесеңдер, сондай көлемді тас әкеліңдерші» депті. ана екеуі шамалыдан соң айтылған тастарды әкеледі. Алладан кешірім сұрап отыратын көршісі дәу қара тас әкелсе, екіншісі ұсақ тастарды етегіне салып әкеліпті. Қария:«Енді осы тастарды орындарына қойыңдар»
Сонда ұсақ-тас әкелген көршісі «ақсақал, мен бұл тастарды орындарына қоя алмаймын,қайсын қай жерден алғанымды білмеймін» деп жауап беріпті. Қария: «Балам, сенің ірілі-ұсақты күнәларың да сондай көп. Қайсын қай жерде жасағаныңды білмейсің.Әсілі күнәнің үлкен кішісі болмайды. сондықтан да Алладан кешірім сұраудың артықшылығы жоқ» деп жауап беріпті.
Түркия Супер лигасында бүгін жиырма тоғызыншы аптаның ойындары ойналып жатыр. Кеше Бешікташ Анкаракүшімен тең ойнады. Бүгін Фенербахче Газиантеппен ойнайды. Газиантеп қазір төртінші орында. Галатасарайды Кубоктан айырғаны бар, дәлірегі ширек финалға жеткізбегені, осал команда емес. ИншАлла Фенерді де чемпиондықтан алыстатады деген үміттеміз. Ертең Бурсаспор мен Трабзонспор. Трабзонның Бурса мойнын иеді-ау деген таудай үміті бар еді, Бурса жақтан әзірге ондай ишарат келмеді. Өткен жылы Бурсаның чемпион болуында осы Трабзонның үлкееен пайы бар екенін айтқанбыз. Сондықтан осы жолы ағымдағы чемпион жақсылыққа-жақсылық қыла ма десек, футболшылары: Біз Трабзонспорға борыштар емеспіз, болсақ та оны Фенермен матчта өтеп тастағанбыз, — дейді. Рас, Фенердің екінші жартыдағы жеңіс сериясына жалғыз Бурса ғана өзгеріс енгізе алған болатын. Жеңбесе де тең ойнап.
Сонымен, қазір сағат жетіде Фенер-Газиантеп, ертең жетіде Бурсаспор-Трабзонспор матчы. Ал Галатасарай Манисаспормен дүйсенбі күні ойнайды.
Білесің жаныма ыстықсың өрттей,
Жүректі шарпыдың айықпас дерттей.
Бір өзің жаралап, бір өзің емдейсің неге?
Жаным,
Қасымда қалшы кетпей.
Қайырмасы:
Жанымнан жырақтамашы,
Көзіңмен сыр ақтарғансың,
Сен сөйтіп ұнап қалғансың
Жаным.
Келдің ғой кетем демеші,
Бәрі де бекер демеші
Жүректе мекендегенсің
Жаным.
Жолыңа қараймын жанарым талмай,
Бірге өткен сәттерге ынтығып балдай.
Қасыңда болсам да аңсатып сағындырған
Жаным,
Япырау, жансың қандай
“ Уважайте труд технички”
“ Блогтар әкелетін және әкеліп жатқан қауіптердің бірі – біреудің атын жамылған блогтардың болу мүмкіндігі” деп Ерлан Оспан “ Алтын Орда” сайтындағы мақаласында айтып өткендей, ғаламторда өзіңнің қауіпсіздігіңді қамтамасыз ету оңай емес.
Қазіргі кезде блогымыздағы жазбамыздың да өзімізге тиесілі болмай, басқа бір ақпарат құралында өзге біреудің атынан шығып жатқанының куәсі болдық.