Кей кездегі ойлар

… Мен өзге түгіл өзімді танығым келеді. Білгім келеді. Көп ұққым келеді. Түбіне түсуге талпынғанмен шегі жоқ. Оқығандағы ойларым мен істеген істерімді сарапқа саламын. Дұрыс сияқты. Соның дұрыстығына көзімді жеткізу үшін де қайта ізденемін. Бұлай бара берсе түсініксіздікке тап болып қаламын ба деп қорқамын. Тереңге тартқым келмейді…
… Елді аузына қаратқан докторлығы мен кандидаттығын, жазушылығын, саясатшылығын, сарапшылығын былай қойғанда «Ғұламадай» адам деп «Пір» тұтқан адамның да бір сөздерін тыңдап «5 жасар баланың ойына» теңейтін де кездер болады. Санасыз деп өзің топшалаған адамның да сөзі «сан мәрте толғансаң да санаңа түспеген» ұлы ойдай кездер де болады…
… Ақырында толғандыратын түйіні бар қаншалықты маңызды болып тұрған «керектің» беттеріндегі посттарға бас ауыртпайтындай жеңіл ойдың жетегіне еріп /білмейм бір кездерде әйтеуір сол жаза саламын/ киімімді шешпей суға секірген баладай гүп… ете қаламын…
уфффффффф Жеңілдеп қалдым
/Шегіп алған деп қалмаңдар ей :)))
Діни айтыстар да қажытады расы…
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше