Үздік білім беру мекемелері анықталды

Астана жаңалықтары: Үздік білім беру мекемелері анықталды

Қазанның бірінші жексенбісінде елімізде Мұғалімдер күні аталып өтеді. Осыған орай бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында ардагер ұстаздар, қалалық білім беру мекемелерінің басшылары және қоғамдық мекемелер өкілдерінің басын қосқан салтанатты жиын өтті.

Астана қаласының әкімдігі мұғалімдерді мерекелерімен құттықтап, дәстүр бойынша жыл сайынғы елорда әкімінің гранты табысталды. Үздік білім ордалары жеті аталым бойынша марапатталды.

Ең үздік балабақша: №35 «Ертегі» балабақшасы
Ең үздік мектеп: №40 орта мектеп
Ең үздік гимназия: №6 гимназия
Ең үздік колледж: Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі
Ең үздік қосымша білім беру мекемесі: «Шығыс» Балалар орталығы
Ең үздік арнайы білім беру мекемесі: №1 психология-медико-педагогикалық кеңес беру орталығы
Жыл ұстазы: №66 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі – Бастемова Светлана

Мұғалімдердің ішінде мерейі үстем болған «Жыл ұстазы – 2015» байқауының жеңімпазы Светлана Бастемоваға Астана қаласынан пәтерге ие болды.

Мұғалімдер күніне арналған мерекелік шарада қазақ эсрадасының жұлдыздары Роза Рымбаева, Күміс Базарбаева, Алмас Кішкенбаев, Тұрсынбек Қабатов, Мәдина Сәдуақасова, Бақыт Шадаева, Алматы қаласының «Театр теней» және Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымы өнер көрсетті.
Әрі қарай

Астана – үй құрылысы бойынша елімізде бірінші орында

Астана жаңалықтары: Астана – үй құрылысы бойынша елімізде бірінші орында

Астанада жыл басынан бері 10 мыңнан аса пәтер пайдалануға берілді. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун мәлімдеді.

– Шілде айынан бастап қаланың тұрғын үй қоры 300 мың шаршы метрге ұлғайған. Барлығы жыл басынан бері 1 миллион 198 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 10 895 пәтерді құрайды және өткен жылдың көрсеткіштерінен 75 пайызға артық. Бұл уақыт аралығында елордада апатты жағдайдағы үйлерді сүру бойынша пилотты жоба асында 28 тұрғын үй сүріліп, тұрғындар 328 қайтарымсыз пәтерге ие болды, — деді С. Хорошун.

Сондай-ақ, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері 228 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Астана үй құрылысы бойынша елімізде бірінші орында тұр. Қазіргі уақытта 210 көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жобада тағы 551 нысан бар.

Брифинг барысында Үлескерлік туралы заңды бұзған 20 құрылыс компаниясының нысандары бойынша да сөз қозғалды. Үлескерлік қатысу туралы заңды елемей, тұрғындардан пәтерге алдын ала қаражат жинаған құрылыс компанияларына қатысты құқық қорғау органдарының қатысуымен арнайы комиссия құрылды. Қазіргі уақытта 20 компанияның атсалысуымен, 44 нысан бойынша тергеу жүргізілуде. Оның 25-і жобалау үстінде болса, 19-ына құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

С. Хорошунның айтуынша, олардың басым бөлігі құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат та алмаған. Жыл басынан бері ешбір құжатсыз әрекет етіп келген құрылыс компаниялар саны 125-тен 13-ке дейін азайды. Жыл соңына дейін бұл мәселе түбегейлі шешіледі. Олардың қатарында «Азбука жилья», «Төленді», «Әл-Барақат», «Сезам стройсервис», «Шейx Казинвест» және «Тамыз инвестгрупп» компаниялары кіреді.
Әрі қарай

Астанада қала маңында қатынайтын маршруттар іске қосылады

Астана жаңалықтары: Астанада қала маңында қатынайтын маршруттар іске қосылады

3 қазаннан бастап, Астанада қала маңында қатынайтын 6 автобус бағдары іске қосылады. Аталмыш жоба модернизация Жоспары аясындағы Астана қаласы Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы мен «Астана ЛРТ» ЖШС бірлескен жобасы болып табылады.

Қала маңында қатынайтын жаңа автобустар Тайтөбе, Қосшы, Жібек жолы, Талапкер, Қоянды, Воздвиженка кенттеріне барады.

Жаңа маршруттар келесі бағдар бойынша қатынайды:

— Астана-Тайтөбе арасында нөмірі 302 автобус (жолақы мөлшері 150 теңге)

— Астана-Қосшы арасында 303 автобус (жолақы 130 теңге)

— Астана-Жібек жолы арасында 304 автобус (жолақы 160 теңге)

— Астана-Талапкер арасында 306 автобус (жолақы 120)

— Астана-Қоянды арасында 307 автобус (жолақы 100 теңге)

— Астана-Воздвиженка арасында 311 автобус (жолақы 140 теңге).

Атап өту керек, қала маңындағы автобустарда тек 15 жасқа дейінгі балалар жеңілдікпен жүреді жəне айлық жолақы билеті жарамсыз болып табылады.

Аталған бағдарларда жолақы мөлшері Инвестиция жəне даму министрлігімен бекітілген есептеу əдістемесіне сай белгіленді. Осы əдістемеге сай, бір шақырым жолға 6,6 теңге шақталып отыр. Қала маңында қатынайтын бағдарларда жеңілдікке ие азаматтардың жеңілдікпен жүруі қарастырылмаған. Сондай-ақ, айлық жолақы билеттері де жарамсыз. Тек, 15 жасқа толмаған оқушылар үшін 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған».

astana.gov.kz
Әрі қарай

Астаналық 58 мың зейнеткерге әлеуметтік көмек көрсетіледі

Астана жаңалықтары: Астаналық 58 мың зейнеткерге әлеуметтік көмек көрсетіледі

Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, Қарттар күніне орай, елорданың 58 мың зейнеткеріне жергілікті бюджет есебінен 5 мың теңге мөлшерінде бір реттік материалдық көмек көрсетіледі.

Ардагерлер ұйымының белсенділері Ұлы Отан соғысы қаһармандары мен зейнеткерлердің үйін араласа, Алматы ауданының әкімдігі ауданға қарасты 150 зейнеткерге арнап қайырымдылық ас береді. Ал, Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде 270 егде жастағыларға шипажайлық-курорттық емделу қызметі көрсетіледі. Сондай-ақ, шағын орталықтарда бірқатар спорттық шаралар ұйымдастырылып, Жастар сарайында елорданың ҰОС ардагерлері мен зейнеткерлеріне арналған мерекелік концерт өткізіледі.
Әрі қарай

Астанада «Қазақстан халқының шай дәстүрі» көрмесі өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Қазақстан халқының шай дәстүрі» атты көрме ұйымдастырды.

Елімізде аталып өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған көрме бұған дейін Ұлттық музейде өткен «Chitra by Newby коллекциясынан» атты халықаралық көрменің жалғасы болып табылады.

«Chitra by Newby» коллекциясы шай тарихымен байланысты жалғыз жеке антиквариаттар топтамасы. Бұл коллекцияны «N. Sethia Foundation» қайырымдылық қорының төрағасы Нирмал Кумар Сетхия қалыптастырған.

«Қазақстан халқының шай дәстүрі» атты көрме шай мәдениетімен, түрлі этностардың тарихымен және дәстүрімен таныстыру арқылы халықтың бірлігін бекемдеп, ынтымағын арттыруды көздеді.

«Елбасы 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп белгіледі. Бұл – бірліктің, тұрақтылықтың елдіктің жылы деген сөз. Осы жыл аясында талай айтулы шаралар өтті. Оның барлығы халықтың ынтымағы мен ырысын арттыруға бағытталды. Бүгін ұйымдастырылып отырған көрме де осы миссияны жүзеге асыруды мақсат тұтады», — деді көрмеде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов.

Басқосу барысында мәдени бірлестіктердің өкілдері қонақтарды шай ішу мәдениетінің қалыптасқан дәстүрлерімен және Қазақстанда тұратын түрлі этностардың әдет-ғұрпымен таныстырды.

Шара шеңберінде «Ұлттық натюрморт» атты көрме ашылып, келушілерге шай тарихына қатысты тың мәліметтер ұсынылды және жеке антиквариаттар топтамасын тамашалау мүмкіндігі берілді.

«Біз бүгін 3 бірдей шара ұйымдастырып отырмыз. Оның біріншісі – «Ұлттық натюрморт» деп аталатын отандық суретшілердің көрмесі. Сонымен қатар келушілердің назарына сонау Лондоннан келген «Chitra by Newby коллекциясынан» деп аталатын шайға қатысты аксесуарларға арналған көрме ұсынылып отыр. Ол көрмеде осыдан 10 ғасыр бұрын жасалған бағалы әшекей бұйымдардан бастап, қазіргі заманға дейінгі құнды заттар бар. Үшіншіден, біз бүгін жиналған жұртты елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің шай дастарханына шақырамыз. Мұның барлығы біздің халқымыздың бірлігінің белгісі. Ұлттық музейдің кез-келген залына кірсеңіздер Қазақстан халқының бірлігі мен ата бабаларымыздан жалғасып келе жатқан ұлтымыздың ақжарқын пейілін аңғара аласыздар», — деді Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай.

Көрме 30 қазанға дейін жалғасады.

Астана жаңалықтары: Астанада «Қазақстан халқының шай дәстүрі» көрмесі өтті

Астана жаңалықтары: Астанада «Қазақстан халқының шай дәстүрі» көрмесі өтті

Астана жаңалықтары: Астанада «Қазақстан халқының шай дәстүрі» көрмесі өтті

Астана жаңалықтары: Астанада «Қазақстан халқының шай дәстүрі» көрмесі өтті

Астана жаңалықтары: Астанада «Қазақстан халқының шай дәстүрі» көрмесі өтті

Астана жаңалықтары: Астанада «Қазақстан халқының шай дәстүрі» көрмесі өтті

Астана жаңалықтары: Астанада «Қазақстан халқының шай дәстүрі» көрмесі өтті

Астана жаңалықтары: Астанада «Қазақстан халқының шай дәстүрі» көрмесі өтті

Астана жаңалықтары: Астанада «Қазақстан халқының шай дәстүрі» көрмесі өтті

Астана жаңалықтары: Астанада «Қазақстан халқының шай дәстүрі» көрмесі өтті
Әрі қарай

«Мектепке жол» 8727 балаға көмек берді

Астана жаңалықтары: «Мектепке жол» 8727 балаға көмек берді

Биыл Астанада «Мектепке жол» акциясы аясында 3500 оқытушының қатысуымен 99 210 пәтерлер араланып, 8727 бала 92 млн 156 мың 549 теңге көлеміндегі қаражатқа көмек алды. Оның ішінде 6925 бала бюджеттен тыс 70 млн 289 мың 706 теңге сомасында демеушілердің есебінен мектепке дайындалды.

Қалалық Білім басқармасының мәлімдеуінше бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір артқан. Былтыр 1 қазандағы мәлімет бойынша 7667 бала 68 млн 506 мың 200 теңге көлемінде көмек алыпты.

Акция шеңберінде тамыз айының 21-22 күндері Білім басқармасының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірігіп ұйымдастырған мектеп жәрмеңкесіне 30-дан аса кәсіпкерлер мен Астана, Алматы, Қарағанды тауар өндірушілері қатысты. Жәрмеңкеде кеңсе тауарлары мен мектеп формалары 10-25 пайызға дейінгі төмендетілген бағамен сатылды. Онда 23 мыңға жуық ата-ана керек-жарағын арзандатылған бағада сатып алды.

«Бірінші рет, бірінші сынып» акциясы аясында 50 балаға мектеп сөмкелері үлестірілді.

Түркітілдес мемлекеттердің экономика министрлері Астанада бас қосты

Астана жаңалықтары: Түркітілдес мемлекеттердің экономика министрлері Астанада бас қостыТүркияның экономика министрі Нихат Зейбекджи еліміздегі «Нұрлы жол» бағдарламасы мен Ақтау теңіз портын жаңарту жобасына қызығушылық білдірді. Бұған дейін Түркия Қазақстанға 1,8 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция құйған еді. Ал біздің елдің қаржылай салымы 970 млн долларға жетіпті. Бұл туралы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі аясында өткен экономика министрлерінің бесінші кездесуінде мәлім болды. Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі: — Түркі кеңесі инвестициялар, кәсіпкерлік, көлік пен туризм сияқты экономиканың әр салаларында табысты еңбек етеді. Елдер арасындағы тұрақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін басты тұғырнама болып отыр. Айта кетейік, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі 2009 жылдың 3 қазанында Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Ол құрамына енген. Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан Республикасы және Түркия сынды тілі мен мәдениеті ұқсас елдер үшін тиімді экономикалық әріптестікті нығайтатын платформаға айналып отыр.

сілтеме
Әрі қарай

Елордалық полицейлер қалалық ЖОО-ның студенттерімен кездесті

Астана жаңалықтары: Елордалық полицейлер қалалық ЖОО-ның студенттерімен кездесті
Құқықбұзушылық пен қылмыс фактілеріне тосқауыл қою, жасөспірімдік нашақорлықтың алдын алу мақсатында, Астана қаласының жоғары оқу мекемелерінің бірінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университет студенттерінің арасында нашақорлыққа қарсы кең масштабты акциясы өтті.

Іс-шараның барысында елордалық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Денсаулық сақтау басқармасының наркология және психология, Астана қаласының прокуратурасының, үкіметтік емес ұйымдарының, «Сарыарқа» ауданының әкімдігі және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталық мамандарының қатысуымен интерактивті дәріс өткізді.

Астана жаңалықтары: Елордалық полицейлер қалалық ЖОО-ның студенттерімен кездесті
«Жасөспірімдік нашақорлықтың алдын алу», «Жасөспірімдердің СӨС қалыптастыру әдеттері, құқықбұзушылыққа, нашақорлыққа, ЖОО-ның және ОМОО-ның оқушыларының арасында зорлық-зомбылыққа тосқауыл қою», «Спайс», «JVH», «Соли» секілді синтетикалық есірткілердің қолдану салдары және осы сияқты аналогиялық есірткілерге Қазақстан Республикасында тыйым салынған» бірегей сұхбаттың негізгі тақырыптары болып қызмет атқарды.

Қонақтармен араласып, студенттер белсінді түрде дәріханалық нашақорлық, есірткі таратушылардың қылмыстық жауапкершілігі жөнінде сұрақтар қойып отырды.

Астана жаңалықтары: Елордалық полицейлер қалалық ЖОО-ның студенттерімен кездесті

Есірткі бизнесімен қарсы күресу тақырыбынан бөлек, қатысушыларға есірткінің адам ағзасына әсер етуі жөнінде фильм көрсетілді.

Дәрістің соңында барлық қатысушылар нашақорлыққа қарсы бағытталған бүктемелерді алып, таныс болды.
Әрі қарай

Астана әкімдігі тұрғындарды тұрғын үй сатып алуда мұқият болуға шақырады

Астана жаңалықтары: Астана әкімдігі тұрғындарды тұрғын үй сатып алуда мұқият болуға шақырадыЕлорда әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарының тіршілігін қамтамасыз ету мен ыңғайлы өмір сүру мәселелеріне ерекше көңіл бөлуде. Сонымен қатар, үнемі бақылауды қажет ететін кейбір сұрақтар бар, солардың бірі — тұрғын үй құрылысы саласы.
Қазіргі таңда қаланың тұрғын үй қоры 18,1 млн. шаршы метрді құрайды. Астананы көшірген кезден бастап тұрғын үй қоры 14,0 млн. шаршы метрге артты. 2005 жылдан бастап қалада жыл сайын 1 млн. шаршы метрден артық тұрғын үй пайдалануға беріледі. Алғашқы жарты жылдықта 942 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (былтырғы жылдың осы уақытына қарағанда 1,8 есе өскен). Бүгінде жалпы көлемі 9,0 млн. шаршы метр болатын 341 нысан салынуда, ал, 11,2 млн. шаршы метрлік 482 нысан жобалау үстінде.

Алайда, заңды негізі жоқ бола тұра азаматтардан тұрғын үйлер салуға қаржы жинайтын жекелеген құрылыс және басқа да ұйымдардың қызмет істеу фактілері кездеседі. Жылжымайтын мүлікке қаржы салған адамдар нысан құрылысы жүргізілмеген немесе құрылыс қарқыны төмен фактілерге тап болады. Осы орайда бірқатар компаниялар бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Осындай жағдайдың әр бірін қала әкімдігі ерекше бақылауға алып, құрылыс салушылар мен азаматтардан құрылған бастамашыл топтармен күнделікті жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың басынан бері 611 құрылыс компаниясының басшыларынан кепілдік хаттар алынды, сонымен қатар, 48 тұрғын үй құрылыс кооперативтері төрағаларының қатысуымен жиналыс өтті. Осы тұрғыдан алғанда тұрғындардың кейбірі тұрғын үйдің уақытылы салынбауына байланысты наразылық білдіріп жатады.

Өкінішке орай, бүгінгі таңда азаматтар бастама жасап, құзіретті органдармен келісілмеген шаралар қолданатын жағдайлар да кездеседі. Қазақстан Республикасының «Бейбіт жиындар, шерулер, пикеттер өткізу және ұйымдастыру тәртібі туралы» Заңында аталған шараларды жергілікті атқарушы органдармен келісу тәртібі қарастырылған. Аталған Заң талаптарын орындамау сәйкесінше әкімшілік және қылмыстық жауапкешілікке әкеліп соғады. Сонымен бірге жалған ақпарат таратқаны үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.

Осыған байланысты, елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын ойланбай қабылданған шешімдер мен Қазақстан Республикасының заңнамасына қарсы әрекеттерге бармауды ескертеді.
Әрі қарай

Астанада той кортежімен жол ережесін өрескел бұзғандар жауапқа тартылды

Астана жаңалықтары: Астанада той кортежімен жол ережесін өрескел бұзғандар жауапқа тартылдыОларға салынған айыппұл көлемі жарты миллион теңгеден асады. Естеріңізге сала кетейік, таяуда ғаламтор беттерінде Қонаев көшесі бойында қымбат көліктердің шоуы көрсетілген бейнежазба жарияланған еді. Жүргізушілер өзінше өнер шығарып, көлікті теріс қарап отырып басқарып, бірнеше мәрте көлік апаты қаупін тудырған. Тіпті, жол ортасындағы жолақтарды қиып өтіп, қарсы бағытқа шыққан. Тәртіп сақшылары бұзақыларды қолға түсіріп, қазір 9 адам жауапқа тартылып жатыр. Оның төртеуі көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сабыр Жүсіпбеков, қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары: — Барлық жүргізушілер бейнебақылау камералары арқылы анықталып, ұсталды. 9 жүргізушіге 21 әкімшілік хаттама толтырылды. Жолдың қарсы бағытына шығу, қозғалыс қатарларын бұзу, артқа жүру, автокөліктерге стробоскоптар орнату, дыбыс сигналдарын пайдалану, жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзу сияқты өрескел қателіктер жасалды. Сондай-ақ Алматының Әл-Фараби даңғылында «дрифт-шоу» ұйымдастырған екі жүргізуші де жауапкершілікке тартылды. Өзге көліктердің қозғалысын тоқтатып, кедергі келтірген азаматтардың әрекеті ғаламтор пайдаланушыларының наразылығын тудырды. «Дрифт-шоу» кезінде даңғылдың бойында кептеліс қалыптасты.

сілтеме
Әрі қарай