Қазақстан және АҚШ ғалымдарының қатысуымен кездесу өтеді
ҚР Ұлттық музейінде наурыздың 30-ы күні сағат 12.00-де «National Geographic Қазақстан» журналының жарық көруіне орай Қазақстан және АҚШ ғалымдарының қатысуымен кездесу өтеді, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.Кездесуге екі дүркін Пулицер сыйлығының иегері Пол Салопек пен танымал АҚШ ғалымы Александр Моен қатысады. П.Салопек — бүкіл әлемді жеті жыл ішінде жаяу шарлап өтуді мақсат етіп келе жатқан зерттеуші, жиһангез-жазушы. Сол сапары аясында ол қазір Қазақстанға келіп жетті. Ал, А.Моен «Out of Eden Walk», яғни «Эденнен басталған саяхат» немесе «Әлемдік серуен» және «Genography» жобаларына жетекшілік етіп келе жатқан ғалым. Сондай-ақ, шараға антропология, археология саласындағы белгілі қазақстандық ғалымдар, жазушылар мен фотографтар қатысады.
Күн тәртібіндегі басты мәселе — «National Geographic Қазақстан» журналының тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көруі және беделді басылым қозғайтын тақырыптар. Сонымен қатар, география, археология, антропология салаларындағы соңғы жаңалықтар сөз етілмек.
Айта кетейік, «National Geographic» — әлемдегі ең беделді қоғамдық ұйымдардың бірі. Негізі ХІХ ғасырда қаланған ұйымның меншігіне бірқатар телеарна, журнал, баспа үйлері кіреді. «National Geographic-тің» бүгінде 700 миллион аудиториясы бар. 128 жылда қоғамдық ұйым 11 000 грант бөліп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Басылым бетіндегі мақалалар шынайы әрі түбегейлі ғылыми зерттеулерге негізделген. Бүгінде дүниежүзі бойынша журнал әлемнің 38 тілінде шығарылып, 80-нен астам елге тарайды. «National Geographic» Орталық Азияда бірінші болып Қазақстанда жарық көріп отыр.
ҚазАқпарат

Астанада «Өнеркәсіпқұрылыс — Астана» және «ЭкспоЖылжымайтын мүлік — 2016» атты құрылыс саласындағы екі халықаралық көрме ашылды. Көрмеге қатысу үшін Қазақстанға 10 елдің компаниялары келді.
Елорда әкімдігінде апта сайынғы аппарат отырысы ҚР Парламенті Мәжілісі мен Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауды ұйымдастыру жұмыстарының, сондай-ақ, Наурыз мейрамына арналған іс-шараларды өткізудің қорытындысын шығарудан басталды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
2015 жылы Астана қаласына 130 мың мигрант келген. Бұлардың 70-80 пайызы заңсыз жұмыс істеген. Яғни, елордамызға қонақ ретінде немесе турист ретінде тіркеліп, заңсыз еңбек еткен. Бұл туралы бүгін Астанада еңбек миграциясы жəне адам саудасына қарсы мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өзара əрекеті тақырыбында өтіп жатқан жиын барысында Астана қаласы бойынша еңбек мигранттарын оқыту жəне қолдау орталығының жетекшісі Қанат Мырқайдаров мəлім етті.
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Астана әуежайында «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағына қатысты оқиғаға байланысты кеңес өткізді, деп хабарлады ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметінен.
Елорда әкімдігінде апта сайынғы аппарат отырысында қаланы абаттандыру және санитарлық тазарту мәселелері де қаралды. Астана аудандарының әкімдері жол төсемінің жағдайы туралы толық фото-есеп ұсынды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Бүгін 31 наурызда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы әрі көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жасқа толған мерейтойына байланысты «Әлихан Бөкейханов және ұлт руханияты» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.


