Астанада бес мыңға жуық жұмыс орны ашылды

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтының мәлімдеуінше, елордада биылғы жыл ішінде 4 849 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 349-ы – өнеркәсіп, 1 103-і – сауда, авто және мотоциклдерді жөндеу, 238-і – көлік және қойма, 771-і – білім және денсаулық сақтау, 660-ы – құрылыс саласында, ал қалған 1 728-і – экономикалық қызметтің басқа түрлеріне жатады.

Жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы 1478 адамды жұмысқа орналастырған. Сондай-ақ, жастар тәжірибесінен өтуге 218 түлек жіберілсе, 39 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.
Астана жаңалықтары: Астанада бес мыңға жуық жұмыс орны ашылды
Әрі қарай

Премьер-министрдің орынбасары Астананың спорттық және мәдени нысандарын аралады

Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева бастаған делегация «Алау» мұзайдыны сарайын аралады. «Алау» мұзайдыны «жылдам мұз» дайындауға мүмкіндік береді. Сондықтан тек қала тұрғындарының ғана емес, спорттық қауымдастықтардың да көңілінен шығуда.
Астана жаңалықтары: Премьер-министрдің орынбасары Астананың спорттық және мәдени нысандарын аралады

Елорда әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың айтуынша, Астананы спорттық қала деп атауға болады. Қала халқының 30% жуығы дене шынықтырумен және спортпен айналысады. Бүгінгі таңда елордалық спортшылар Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына 11 лицензия жеңіп алған

– Біздің басым міндеттеріміздің бірі бұқаралық спортты дамыту болып табылады, бұл ретте жоғары жетістіктер спортына, балалар мен жасөспірімдер арасындағы спортқа да баса назар аударылады, – деді Е. Аманшаев.

Д. Назарбаеваның ойынша спорт нысандары коммерциаландырылып, өз шығындарын өздері көтеруге тиіс Бұл үшін қызмет көрсету саласын дамытып, қосымша табыс табу көздерін іздеу керек.

– Мектептер, секциялар ашу керек. Демеушілер тартудың басқа да көптеген жолдары бар. Шын мәнінде, бүгінде біз спорт саласында үлкен оптимизм танытып отырмыз. Жастар үшін бұл үздік нәтижелерге қол жеткізу, өз атын шығарып, қомақты қаржы табу мүмкіндігі. Бәріміз үшін бұл ұзақ өмір сүрудің жолы, ең бастысы, спорттық қызметтер қолжетімді болуы керек, бұл бюджетке түсетін салмақты азайтуға ықпал етеді. Егер нысан жақсы жұмыс істесе, бұл қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге мүмкіндік береді,- деді Д. Назарбаева.

Сонымен қатар, Д. Назарбаева осы сапар аясында № 81 Astana English School гимназиясында болып, бес күндік білім беру жүйесіне ауысу мәселесін көтерді. ҚР Премьер-министрінің орынбасары бес күн оқыған жағдайда, бірінші сынып оқушылары 1 маусымға дейін, тіпті, маусымның ортасына дейін оқуы мүмкін екендігін жеткізді.

— 1 қыркүйекте мектепке баратын бірінші сынып оқушылары 1 маусымға дейін оқиды. Біздің пайымдауымызша, ең көп дегенде оқу жылы маусым айының ортасына дейін созылады. Алтыншы күн жүктемені азайтуға арналған. Демек, баланың өз бетінше дайындалуына уақыт болады, бүгінде көптеген жеке меншікті мектептер солай істейді, — деп түсіндірді Д. Назарбаева.

Қалалық Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, елордалық мектептерде көптілді білім беру жүйесін енгізу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде Астанада 17 мектепте пәндердің жартысы үш тілде оқытылады.
Премьер-министр орынбасарының пайымдауынша балаларды үш тілде оқыту, олардың болашағына оң әсер етіп, білікті маман болып қалыптасуына ықпал етеді.
— Жаңадан білім алу керек, оның басым бөлігін ағылшын тілінде. Бүгінде халықаралық деңгейге сай жаңа кәсіптік стандарттар әзірленіп жатыр. Сондықтан мектептер, колледждер, университеттер бүгіннен бастап жұмыс істеуге дайын кәсіпқойларды оқытып шығаруы керек, біздің жастар күнделікті өмірде қажетті машықтарға ие болуға тиіс. Ағылшын тілін білу, компьютерді кәсіби меңгеру, ақпараттық технологиялар бойынша базалық білім – ең қажеттісі осы, — деді Д. Назарбаева.

Сапар «Жастар театрымен» аяқталып, қонақтардың назарына «Ревизор» спектаклі ұсынылды.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша дайындалды.
Әрі қарай

«Назар аударыңыз, жүргінші» акциясы басталды

Астанада «Назар аударыңыз, жүргінші!» атты аймақтық акция басталды. Жол қауіпсіздігі ережесін насихаттауға арналған акция 4 сәуірге дейін жалғасады.
Астана жаңалықтары: «Назар аударыңыз, жүргінші» акциясы басталды
Бүгін Астана қаласының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жас инспекторлармен ең жас жаяу жүргіншілерге шағылыстырғыш элементтері бар заттар таратты. Акция аясында жас инспекторлар жаяу жүргіншілерге шағылыстырғыш элементтері бар белдеулер, байламдардағы белгішелер, білезіктер таратты.
Арнайы зерттеулер нәтижесінде анықталғандай шағылыстырғыш элементтері бар жаяу жүргіншілерді жүргізушілер жақыннан 50 метр қашықтықта, алыстан 150 м қашықтықта көре алады.
Полицейлердің айтуынша, аталған акциялар балалар зардап шегетін апаттар санын азайтуға ықпал еткен.
– Өткен жылмен салыстырғанда биыл статистика бойынша «Назар аударыңыз, жүргінші», «Жаяу жүргінші, өткелмен жүр!» акцияларын өткізудің арқасында балалар зардап шегетін жол-көлік апаттар саны 18% төмендеген, – деді Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Айымгүл Валеева.
Астаналық полицейлер бүлдіршіндерге кішкентай бала кезден жол қауіпсіздігі ережесін үйретуге шақырады, ал жүргізушілерге жолдарда сақ болуға кеңес береді. Осыдан 148 жыл бұрын пайда болған бағдаршам принциптері әлі өзгермеген, жолда абай болыңыздар!
Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша дайындалды.
Әрі қарай

Жұмыссыздарға арналған қайта даярлау курстары

Астана — жаңа мүмкіндіктер, жарқын болашақ, табысты өмір деп елордаға ағылған адамдар саны еш толастайтын емес. Алайда олардың барлығы арманына бірден оңай жете қоймайды. Оған еңбек нарығындағы сұраныс пен жұмыс іздеген азаматтардың мамандығының үйлеспеуі, біліктілігінің төмен болуы да себепкер болады.
Астана жаңалықтары: Жұмыссыздарға арналған қайта даярлау курстары
Осыған байланысты Астана қаласында жұмыспен қамту бағдарламасы іске асырылуда. Енді мамандығына сұраныс жоқ жұмыссыздар қайта даярлау курстарына барып, жаңа мүмкіндікке ие болмақ.
Жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, Астананы дамыту бағдарламасын іске асыру аясында қалада тұрақты тіркеуі бар жұмыссыз жүрген азаматтарды тегін курстарға алдын ала жазу жүргізіліп жатыр. Елорданың жұмыссыз жүрген, кәсібі жоқ, бірақ мамандық меңгеруге ниетті тұрғындары маникюр мастері, шаштараз, электрогаздәнекерлеуші мамандықтары бойынша кәсіптік дайындықтан өте алады.
Кәсіби шеберліктерін жетілдіргісі келетіндер үшін бухгалтерия және салық бойынша біліктілікті арттыру курстары ашылады, аталған мамандықтар бойынша оқу үшін бухгалтерлік, экономикалық немесе қаржылық білім болуы керек. Техникалық білімі бар қала тұрғындары қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі инженерлерге арналған курстарға жазыла алады. Қайта даярлау курстары сұранысы жоқ мамандықтар бойынша жұмыссыз жүрген азаматтарға арналған. Бұл санаттағы жұмыссыз азаматтардың білімі туралы дипломы болуы тиіс.
Егер сіз де еңбек нарқында өз қалаған жұмысыңызды таппай жүрген болсаңыз, Бейбітшілік к-сі, 25, "Өркен" іскерлік орталығы 2-қабат, 208-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан жұмыспен қамту орталығына хабарласа аласыз.
Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша дайындалды.
Әрі қарай

Астанада Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған гала-концерт өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған гала-концерт өтеді

Ертең, 1 сәуірде Конгресс-холлда қазақ елінің біртуар перзенті, халқымыздың мәдениеті, музыка өнерінде композитор, дирижер ретінде өшпес із қалдырған, күйші, Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған «Нұр аға» гала-концерті өтеді.

Нұрғиса Тілендиев көзінің тірісінде-ақ қазақ музыкасының сайыпқыраны атанған еді. Оның талай сазы тыңдарманның жүрегінен орын тауып, қазақ киносын әсем әуенмен әрлеген болатын. Ол 500-ден астам музыкалық төл туындының авторы. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Көш керуен», «Махамбет», «Саржайлау» сияқты әндері мен күйлері халқының сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған.

Нұрғиса Тілендиевке арналған концерттің ерекшелігі – автордың халық ұжымдарына арнап жазған шығармаларын Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрінің орындайтынында. Дирижері — Ернар Нұртазин және Берік Батырхан.

Ән-жыр кешіне КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, ҚР халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов пен Майра Мұхамедқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Үлкенбаева, Алтынай Жорабаева, Айгүл Қосанова, Азамат Жылтыркөзов, Бибігүл Жанұзақ, Қазақстанның жастар сыйлығының иегері Нұрғали Тұрлыбеков, сондай-ақ, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Айзада Капонова, Нұрбол Балапанов, Шахризада Тыныштық қатысады.

Гала-концерттің басталуы сағат 19.00.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10231
Әрі қарай

Астанада «Жастар жалыны - 2016» шығармашылық фестивалі өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада «Жастар жалыны - 2016» шығармашылық фестивалі өтеді
Астанада жыл сайын көктемде студенттер арасындағы «Жастар жалыны — 2016» фестивалі өтеді, биыл төртінші рет өткізілетін шара елордалық жігерлі әрі шығармашыл жастардың басын қоспақ.

Алғашқы «Жастар жалыны» фестивалі 2013 жылы ұйымдастырылған болатын. Оған Астанадағы барлық оқу орындарынан жүздеген дарынды студент қатысты. Сол сәттен бастап көктем мен достық мерекесін өткізу дәстүрге айналды.

Бүгінде қалалық ЖОО-лар мен колледждерде шығармашылық атмосфера орнады, креативті идеялар ұсынылып, номерлер мен қойылымдар әзірленуде, костюмдер тігіліп жатыр. «Жастар жалыны» фестивалінің ашылуы 8 сәуірде өтеді. Биыл шығармашылық фестиваль ерекше салтанатты форматта өтеді және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады.

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының жастар жобалары бөлімінің сарапшысы Зүлфира Арықбаеваның айтуынша, биыл шараға біраз жаңашылдықтар енгізілген. Бұрынғы алты номинацияға «Үздік волонтерлық жоба», «Авторлық оқу», «Что? Где? Когда?» интеллектуалды ойыны, сондай-ақ, «Квест» шытырман ойыны қосылды.

– Бұл жолы фестиваль кеңейді, жастар шығармашылық және зияткерлік бағыттардағы сайыстарға қатысады. Биыл шараға қатысушылар саны артады деп ойлаймыз, – деді З. Арықбаева.

«Жастар жалыны-2016» жастар фестивалі 8-12 сәуір аралығында қаланың түрлі алаңдарында өтеді.

13 сәуірде сағат 18.00 Конгресс-холлда өтетін гала-концертте 10 номинация бойынша жеңімпаздардың есімдері белгілі болады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10230
Әрі қарай

Елордада «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы өтеді

Астана жаңалықтары: Елордада «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы өтеді

Биыл «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы үшінші рет өткізіледі, оған еңбек, спорт, шығармашылық, интеллектуалдық және ғылым салаларында жоғары жетістіктерге қол жеткізген отбасылар қатыса алады. Ертеңнен бастап ұлттық конкурсты дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру комиссиясы қатысушылардан өтінімдерді қабылдай бастайды.

«Мерейлі отбасы» конкурс 3 кезеңмен өткізіледі: бірінші кезең – аудандық (қалалық); екінші кезең – облыстық; үшінші кезең – республикалық.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша аудандық әкімдіктердің ішкі саясат бөлімдері мен Астана қаласының Ішкі саясат басқармасында 2016 жылғы сәуірдің 1-нен 30-на дейін қабылданады.

Айта кетейік, өтінімдерді қарау барысында комиссия өкілдері отбасы мүшелерінің жетістіктерінің маңыздылығы мен санына, отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлерге, рухани-адамгершілік құндылақтарға, арғы тектерін білуіне және т.б. назар аударатын болады.

Өткен жылы шығармашыл Жүгінісовтар мен спортшы Елеусіновтер әулеті «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының елордалық кезеңінің жеңімпаздары атанған болатын.

Еске салайық, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін жоғарылатуға бағытталған.

Конкурстың мақсаты отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты, отбасыларды, ата-аналардың балаларға күтім жасауын дәріптеу және кеңінен насихаттау болып табылады.

Толық ақпаратты 556708, 556701 телефондары арқылы алуға болады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10229
Әрі қарай

Пенза облысының делегациясы Астанаға сапармен келді

Астана жаңалықтары: Пенза облысының делегациясы Астанаға сапармен келді

РФ Пенза облысының губернаторы Иван Белозерцев бастаған делегация Астанаға үш күндік ресми сапармен келді. Сапардың басты мақсаты – экономикалық және гуманитарлық екіжақты қарым-қатынасты нығайту.

Бүгін, 29 наурызда ресейлік делегация Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековпен кездесті. Елорда басшысы аймақтар арасындағы сауда-экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзара қарым-қатынастың негізі дәстүрлі тарихи байланыстар ғана емес, сондай-ақ, нақты практикалық байланыстар болып табылатынын атап өтті.

«Біз Пенза облысымен серіктестік қарым-қатынасты тереңдетуге және жүйелі түрде кеңейтуге көп мән береміз», — деді Ә. Жақсыбеков. Елорда әкімі аймақ басшысының сапары көрші мемлекеттердің аймақтары арасындағы достықты нығайтуға және оны одан әрі дамытуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.

Төрт жылдан бері Астана мен Пенза облысының арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы екі жақты келісім әрекет етуде. Атап айтқанда, аймақтар арасында азық-түліктік және ауыл шаруашылық салаларда белсенді сауда жүргізіледі. Осы сапар аясында тараптар туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоймақ.

Пенза облысының губернаторыАстана қаласының әкіміне қонақжайлылығы мен Қазақстанның жас астанасының дамуымен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

«Бүгінде Астана жетістікке қол жеткізді. Қазіргі заманғы тұрғын үй, мәдениет және спорт нысандары құрылысының қарқыны таң қалдырады. Бұған кеше қаланы аралаған кезде тағы да көз жеткіздік. Бұл қонақжай жер, адам капиталын тартатын орталық, қарқынды экономикалық даму аумағы болып табылатыны сөзсіз», — деді И. Белозерцев. Губернатор Пенза облысы үшін аймақтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту маңызды екендігін атап өтті.

Пенза облысы делегациясының құрамына облыстық Заң шығарушылық жиналыстың төрағасы Валерий Лидин, министрліктер мен ведомстволардың басшылары, бизнес-қоғамдастықтардың, сауда-өнеркәсіптік палата өкілдері, кәсіпорындардың, облыстық қаржылық және білім беру мекемелерінің басшылары енген.

Бүгін Астана әкімдігі мен Пенза облысы Үкіметінің денсаулық сақтау, білім, мәдениет және туризм салаларындағы профильді құрылымдарының өкілдері жұмыс кезедсулерін өткізеді. Сонымен қатар, делегация EXPO-2017 көрме кешенінің аумағында болады.

Пенза облысының губернаторыАстана қаласы әкімінің келер жылы кеңейтілген делегациямен Астанаға келуге шақыруын қабыл алды. И.Белозерцев аймақ тұрғындарының алдағы жылы өтетін көрмеге қуана келетінін жеткізді. Сондай-ақ, тараптар ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі барысында Пенза облысының Астанадағы күндерін өткізу туралы уағдаласты.

Астана жаңалықтары: Пенза облысының делегациясы Астанаға сапармен келді

Астана жаңалықтары: Пенза облысының делегациясы Астанаға сапармен келді

Астана жаңалықтары: Пенза облысының делегациясы Астанаға сапармен келді

Астана жаңалықтары: Пенза облысының делегациясы Астанаға сапармен келді

Астана жаңалықтары: Пенза облысының делегациясы Астанаға сапармен келді
Әрі қарай

Астананың халықаралық әуежайына монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 16 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Астана жаңалықтары: Астананың халықаралық әуежайына монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 16 млн теңгеден астам айыппұл салындыАстана қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзушылықтарына тергеу жүргізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

«Жүргізілген тергеу нәтижесі бойынша монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық фактісі анықталды, атап айтқанда, такси қызметін көрсету үшін әуежайдың вокзал маңындағы алаңына, атап айтқанда, бірінші желіге қолжетімділік шектелген, жекелеген тұтынушыларға, таксидің диспетчерлік қызметін орналастыруда, әуежай сайтында ақпарат орналастыру үшін ұшыру алаңынан алаң беру арқылы тұтынушыларға әртүрлі артықшылық жағдайлар жасалған», — делінген хабарламада.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-ға монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыстың 5 пайызы көлемінде сомасы 16 млн. теңгеден астам айыппұл салынды.

ҚазАқпарат
Әрі қарай

Қазақстан және АҚШ ғалымдарының қатысуымен кездесу өтеді

Астана жаңалықтары: Қазақстан және АҚШ ғалымдарының қатысуымен кездесу өтедіҚР Ұлттық музейінде наурыздың 30-ы күні сағат 12.00-де «National Geographic Қазақстан» журналының жарық көруіне орай Қазақстан және АҚШ ғалымдарының қатысуымен кездесу өтеді, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.

Кездесуге екі дүркін Пулицер сыйлығының иегері Пол Салопек пен танымал АҚШ ғалымы Александр Моен қатысады. П.Салопек — бүкіл әлемді жеті жыл ішінде жаяу шарлап өтуді мақсат етіп келе жатқан зерттеуші, жиһангез-жазушы. Сол сапары аясында ол қазір Қазақстанға келіп жетті. Ал, А.Моен «Out of Eden Walk», яғни «Эденнен басталған саяхат» немесе «Әлемдік серуен» және «Genography» жобаларына жетекшілік етіп келе жатқан ғалым. Сондай-ақ, шараға антропология, археология саласындағы белгілі қазақстандық ғалымдар, жазушылар мен фотографтар қатысады.

Күн тәртібіндегі басты мәселе — «National Geographic Қазақстан» журналының тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көруі және беделді басылым қозғайтын тақырыптар. Сонымен қатар, география, археология, антропология салаларындағы соңғы жаңалықтар сөз етілмек.

Айта кетейік, «National Geographic» — әлемдегі ең беделді қоғамдық ұйымдардың бірі. Негізі ХІХ ғасырда қаланған ұйымның меншігіне бірқатар телеарна, журнал, баспа үйлері кіреді. «National Geographic-тің» бүгінде 700 миллион аудиториясы бар. 128 жылда қоғамдық ұйым 11 000 грант бөліп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Басылым бетіндегі мақалалар шынайы әрі түбегейлі ғылыми зерттеулерге негізделген. Бүгінде дүниежүзі бойынша журнал әлемнің 38 тілінде шығарылып, 80-нен астам елге тарайды. «National Geographic» Орталық Азияда бірінші болып Қазақстанда жарық көріп отыр.

ҚазАқпарат
Әрі қарай