Silk Way-2016 би байқауына он мемлекет бишілері қатысады

10-12 маусымда Оқушылар сарайында Ресей, Беларусь, Израиль, Грузия, Корея, Украина, Өзбекстан, Әзербайжан мемлекеттерінің және еліміздің өңірлерінен келген бишілері бақ сынайды. Би фестивалі үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.

Астана жаңалықтары: Silk Way-2016 би байқауына он мемлекет бишілері қатысады

7-17 жастағы балалар кіші, орта және ересек топтарда ча-ча-ча, самба, вальс және т.б. танымал бағыттар бойынша өз өнерлерін ортаға салады.

— Бұл біздің ең үздік жобаларымыздың бірі. Біз балалардың өнерін, шығармашылығымыздың ерекшелігін және қонақтарымыздан не үйренетінімізді көрсетпекпіз. Қазылар алқасының мүшелері – тәжірибелі педагогтар – хореографиялық залдарда балалар мен бапкерлерге шеберлік сыныптарын өткізеді, — деді Оқушылар сарайы директорының орынбасары Қымбат Іргебаева.

Фестиваль аясында сондай-ақ, халық билерінен конкурс өтеді.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Елордалық полиция қызметкерлері Ақтөбедегі террорлық әрекеттен зардап шеккен әріптестерінің отбасыларына бір күндік жалақыларын аударды

Елордалық полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласында жасалған террорлық актінің нәтижесінде зардап шеккен полицейлердің отбасыларына алғашқылардың бірі болып бір күндік жалақыларын аударды, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметінен.

Астана қаласы Ішкі істер департаменті қызметкерлері қайғыға ортақтасып, көмек ретінде әріптестерінің отбасыларына және жарақат алған қызметкерлердің ем-домына бір күндік жалақыларын аударды.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері батылдық, патриоттық және антқа адалдық танытып террористерді тоқтатты,

Астана қаласы ІІД бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров: Өкінішке орай, Ақтөбеде болған қайғылы оқиғада зардап шеккендер бар. Біз қаза тапқан жандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, жараланған азаматтардың тез сауығып кетуін тілейміз. Біз полиция қызметкерлеріне және олардың отбасыларына жан-жақты көмекті әрі қарай да жалғастырамыз. Бүгінде елордалық ішкі істер департаментінің жеке құрамы қоғамдық тәртіпті және терроризмге қарсы күресуде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша күшейтілген режимде қызметтерін атқаруда», — деп мәлімдедіі.
Әрі қарай

Қазақстан террористік акті құрбандарын аза тұтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе қаласында жасалған террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жариялау туралы өкімге қол қойды.

«Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі

Ақтөбе қаласында жасалған террористік актінің салдарынан әскери қызметшілер мен азаматтардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 9 маусымда ұлттық аза тұту жариялансын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 8 маусым

№95
Әрі қарай

Астанада 35 аула аумағы абаттандырылады

Жыл сайын Астанада балаларға арналған алаңдар мен спорт алаңдарын кешенді абаттандыру, демалатын күркелер, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Биыл жыл соңына дейін «Алматы» ауданында 10, «Сарыарқа» ауданында — 19, «Есіл» ауданында – 6 аула абаттандырылады.

Қазіргі кезде Алматы ауданында 581 аула бар. Биыл 16 көп қабатты үйді қамтитын, 10 ауланы кешенді абаттандыру жоспарланған. Балаларға арналған 11 ойын және 3 спорт алаңы жасалады. Азаматтардың таза ауада жаттығуына да баса назар аударылады. Осы мақсатта бес гимнастикалық алаңда 56 тренажер орнатылады. Абаттандыру жұмыстары барысында 80 қоқыс жәшігі, 72 орындық, 8 күрке мен 8 кір жаятын алаң жасалады. Сонымен қатар, аданы 12 801 шаршы м жердің асфальтбетон жабыны жөнделіп, 4 465 шаршы м жерге жаңадан асфальт төселеді.

Астана жаңалықтары: Астанада 35 аула аумағы абаттандырылады

Былтыр 27 аула жаңартылды. Тұрғындарға қолайлы болуы үшін балаларға арналған 36 және 11 спорт алаңы жасалды, 419 қоқыс жәшігі, 389 орындық, 30 күрке, 38 кір жаятын алаң орнатылды. Сондай-ақ, жаңа тұрақ орындары пайда болды.

«Есіл» ауданында 6 аула абаттандырылады. Жаңа ойын және спорт алаңдары қойылып, бұзылған элементтер қалпына келтіріледі. Айта кетейік, жөндеу жұмыстары барысында сапалы, қауіпсіз шағын сәулеттік пішіндер, тренажерлар пайдаланылады.

«Сарыарқа» ауданында 707 аула аумағы орналасқан. Үстіміздегі жылы 19 аула жаңартылатын болады. Абаттандыру бағдарламасы Көктал және Өндіріс тұрғын алабтарын да қамтиды. Атап айтқанда, 8 гимнастикалық алаңға 80 тренажер орнатылады, жасанды жабын төселген 7 жаңа спорт алаңы, резеңке жабын төселген 7 балалар алаңы, құмда ойнауға арналған 8 алаң және түрлі шағын архитектуралық пішіндер тұрғындардың қолданысына енгізіледі.

2015 жылы «Сарыарқа» ауданында 14 аула абаттандырылып, 214 әткеншек, сырғанақ, орындық пен қоқыс жәшігі қойылды. Спортпен шұғылданып, белсенді демалысқа арналған 3 гимнастикалық алаңға 33 тренажер орнатылды, заманауи экологиялық қауіпсіз материалдардан әзірленген жасанды жабын төселген 2 жаңа спорттық алаң жасалды.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

ҰБТ нәтижелері қорытындыланды

Астана қаласында ҰБТ бойынша орташа балл — 89,2 болды деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz.

2016 жылғы 2-6 маусымда елордада Бірыңғай ұлттық тестілеу өтті. Қала бойынша орташа балл 89,2 құрады, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,6 баллға өскен.

Биылғы жылы 4695 түлектің 3785-і тестілеуге қатысты, бұл түлектердің жалпы санының 80,6% құрайды. 887 оқушы (18,9%) дәстүрлі емтихан тапсырды, оның ішінде 262-сі — халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (жарыстардың) жеңімпазы, 625 – таяу және қиыр шетелдік ЖОО-ларға оқуға түсетін түлектер. 23 оқушы денсаулығына байланысты қорытынды аттестациядан босатылды.

Астана жаңалықтары: ҰБТ нәтижелері қорытындыланды

Ұлттық емтиханның қорытындысы бойынша № 72 мектеп-лицейінің түлегі Нұрасыл Ержанов 125 сұрақтың барлығына дұрыс жауап берген. 1460 (38,6%) түлек 100-125 балл жинады, 150 (5%) оқушы шекті балл ала алмаған.

«Алтын белгіге» үміткер 187 түлектің (Назарбаев университетіне түсетіндіктен біреуі емтихан тапсырудан бас тартты) 127-сі өз білімін растады, бұл 67,9% құрайды, 10 оқушыға 1 баллдан жетпей қалды, 3 оқушы қайта тапсыратын болды.

«Алтын белгі» иегерлеріне аттестаттар табыстау рәсімі 17 маусымда елорда әкімдігінің алдындағы қалалық алаңда өтеді.
Әрі қарай

Жазғы лагерь қызыққа толы

Оқу жылы бойы балалар жазғы демалысты күтеді. бірақ жаз келе сала мектептер бос қалмайды, қайта керісінше. Енді балалардың сыңғырлаған күлкісі мен қуанышты дауыстары одан да қаттырақ естіледі. Себебі 8 шілдеге дейін 73 мектептің жанынан төменгі сыныптың 45 мыңнан астам оқушысын қамтыған лагерьлер ашылды.

Кішкентай астаналықтар қаладан тыс және мектептердің жанынан ашылған лагерьлерде демалады. Елордалық Оқушылар сарайы да балаларға түрлі ойын-сауықтар ұсынады.

Астана жаңалықтары: Жазғы лагерь қызыққа толы

М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының жазғы шығармашылық мектебі 6-12 жастағы балаларды қабылдайды. Биылғы бағдарламаға брейк-данс, мүсіндеу, бейнелеу өнері, хореография, вокал, шахмат сияқты үйірмелер енді.

– Биыл балалар сабақтарға үлкен қызығушылық танытуда. Үш жыл бойы барлық маусымдарда келіп жүретін балалар да бар. Біз ойын квесттерін, шоу-бағдарламалар, театрландырылған және цирк қойылымдарын ұйымдастырамыз. Балалар «Спортландияны» ұнатады – эстафеталарды, мультфильмдердің кейіпкерлерімен өткізілетін бағдарламаларды, өздері костюм киіп, қатысады. Осылайша, балалар өздерін көрсетіп, таланттарын паш етеді, – дейді Оқушылар сарайы директорының орынбасары Алмагүл Жапарова.

Астана жаңалықтары: Жазғы лагерь қызыққа толы

Биыл жазғы мектепке Ақтөбе, Қарағанды, Алматы қалаларынан келген және Астананың өзінде тұратын балалар келеді. Қазіргі кезде лагерьге 100 адам қабылданды.

– Бізге бұл жер өте ұнайды, күнде түрлі үйірмелерге барамыз, бассейнде жүземіз, эстафеталарға қатысамыз. Күніміз жақсы өтеді, далада серуендейміз, — дейді Дарина мен Жасмин.

Б. Момышұлы даңғылында орналасқан Оқушылар сарайында да жазғы демалыс академиясы ашылды. Жоба бірнеше бағытты қамтиды. «Балалар қаласы» лагеріне 150 балғын жазылған. Мұнда мұз айдыны, бассейн, жеңіл атлетикалық манеж, сурет салу, вокал, хореография, театр өнері, көңілді старт және т.б. үйірмелер жұмыс істейді. Ең белсенді балалар «Дидарлы жаз» спорттық, ойын-сауық алаңдарына барады. 8–10 сынып оқушылары үшін мектептердің жанынан «Айбынды маусым» әскери-спорттық алаңдар жұмыс істейді, бағдарламаға әскери далалық жиындар, ойындар, экскурсиялар, мұражайларға бару, саяхатқа шығу кіреді.

Астана жаңалықтары: Жазғы лагерь қызыққа толы

– Академия аясында мектеп жанындағы лагерьлерге баратын балаларға арналған «Көңілді калейдоскоп» ашылды. Күн сайын барлық мектептерден 600–700 баланы қабылдаймыз. Олар планетарийді тамашалап, хореография үйірмесіне қатысады, театрландырылған қойылымдар көреді, флешмоб билеуді үйретеміз. Жазда оқығысы келетін баалларға арналған профильді бағыт та бар. Олар сабақ оқып, демалады. Жас спортшылар үшін «Чемпиондар лигасы» ашылды. Хоккейшілер, мәнерлеп сырғанаушылар, гимнасттар спортпен айналысып, біруақытта демалады — планетарийді, интерактивті паркті, «Менің мамандығым» виртуалды зертханасын көреді, – дейді Оқушылар сарайы директорының орынбасары Қымбат Іргебаева.

Астана жаңалықтары: Жазғы лагерь қызыққа толы

Балалар тек Оқушылар сарайына ғана емес, басқа да орталықтарға бара алады, мысалы қаладан тыс орналасқан «Арман» спорттық-сауықтыру лагері мен «Батыр» палаталы лагері де балаларды демалуға шақырады.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері – 160 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала «Боровичок» демалыс аймағында демалады.

Астана жаңалықтары: Жазғы лагерь қызыққа толы

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.

Дос Көшімнің Жер комиссиясының көшпелі отырысында айтқан сөзі

Жер реформасы жөніндегі комиссияның Көкшетауда өткен алғашқы көшпелі отырысында "Ұлт тағдыры" қоғамдық ұйымының жетекшісі, комиссия мүшесі Дос Көшімнің айтқаны

Әрі қарай

Достық көшесі уақытша жабылады

7-10 маусым аралығында Достық көшесінің Тұран даңғылынан Орынбор көшесіне дейінгі бөлігінде асфальтбетон жабынын профилактикалық қорғау шараларын жүргізу мақсатында көлік қозғалысы тоқтатылады.

Астана жаңалықтары: Достық көшесі уақытша жабылады

Материал Астана қаласы әкімдігінің сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астанада AULA CLUB-тар жұмыс жасайды

Астанадағы ең үлкен «Жас қанат» аула клубы жаңаша жұмыс істейтін болады. Енді клубтың өзіндік стилі бар, келушілерді есепке алатын онлайн-бағдарлама әзірленіп, жаңа секциялар мен бағыттар ашылды. Жыл соңына дейін елордалық 11 аула клубының барлығы жаңартылып, бірыңғай AULA CLUB брендімен жұмыс істейтін болады.

– Аула клубтары дегенде Кеңес заманы көз алдыңа елестейді. Ал біз болсақ, жаңа заманауи AULA CLUB брендін жасап шығардық, ол барлық аула клубтарын қамтиды. Олардың әрқайсысының өзіндік стилі, қызықты дизайны болады. Бірінші кезеңте, ең үлкен клубтар өзгертіледі, жыл соңына дейін барлық жұмыстар аяқталмақ, – деді «Астана жастары» КММ ақпаратты талдау және мониторингі мен әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Аида Санат.

Астана жаңалықтары: Астанада AULA CLUB-тар жұмыс жасайды

Оның айтуынша, қазіргі кезде аула клубтарына негізінен балалар ғана барады, ал алдағы уақытта жастар жиналатын, түрлі үйірмелер ұйымдастырылатын орталықтар құру жоспарланған.

Жаңартылған «Жас қанат» аула клубында қазіргі заманғы скауттар қозғалысының жастар орталығы ашылды.

– Балалар лагерьге барады, тауға, ашық далаларға шығады, от жағып үйренеді –жастар үшін мұның бәрі қызық нәрсе. Сондай-ақ, жас астаналықтар театр өнерімен, йогамен, техникалық шығармашылықпен танысады, – дейді Аида Санат.

Астана жаңалықтары: Астанада AULA CLUB-тар жұмыс жасайды

Бүгінгі таңда клубтарда түрлі секциялар өткізіледі, соның ішінде каратэ, бокс, еркін күрес, қоян-қолтық күрес, дзюдо, үстел теннисі, шахмат, дойбы бар. Сонымен қатар, би, музыка, бейнелеу өнері және қолданбалы өнер сияқты шығармашылық үйірмелер де жұмыс істейді. Әр клубта жастарға өз идеяларын іске асыруға мүмкіндік беретін дербес бағдарламалар әзірленген. Атап айтқанда, спортты, ұлттық өнерді, хореография мен музыканы, қолданбалы өнерді дамыту, денсі сау жастарды тәрбиелеу бойынша бағдарламалар.

Астана жаңалықтары: Астанада AULA CLUB-тар жұмыс жасайды

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай