Елордада қоғамдық көліктердің қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді

11-13 маусымда Астанада қалалық қоғамдық көліктердің қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Бұл Орынбор көшесінің Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты жүзеге асырылады.
Қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілетін бағдарлар төменде көрсетілген:
— №№12, 28 маршруттар: Қонаев к-сі – Түркістан к-сі – Достық к-сі, одан әрі сызба бойынша. Орынбор көшесімен жүрмейді;
— №№18, 52 маршруттар: Сарайшық к-сі – Түркістан к-сі – Достық к-сі, одан әрі сызба бойынша. Қонаев және Орынбор көшелерімен жүрмейді;
— №№ 19, 60 маршруттар: Орынбор к-сі – Қонаев к-сі – Түркістан к-сі – Достық к-сі – Орынбор к-сі, одан әрі сызба бойынша.
— №№21, 70 102э маршруттар: Қонаев к-сі – Түркістан к-сі – Достық к-сі – Орынбор к-сі, одан әрі сызба бойынша.
— №32 маршрут: Достық к-сі – Орынбор к-сі, одан әрі сызба бойынша. Түркістан және көшелерімен жүрмейді;
— №35 маршрут: Сарайшық к-сі — Орынбор к-сі – Қонаев к-сі – Түркістан к-сі –Достық к-сі – Орынбор к-сі, одан әрі сызба бойынша.
— №№40, 51, 56, 60, 101э маршруттар: Орынбор к-сі – Қонаев к-сі – Түркістан к-сі – Достық к-сі, одан әрі сызба бойынша.
— №№46, 50 маршруттар: Достық к-сі – Түркістан к-сі – Сарайшық к-сі – Орынбор к-сі – Қонаев к-сі – Түркістан к-сі — Достық к-сі, одан әрі сызба бойынша.

Айта кетейік, қалалық қоғамдық көліктің бұрынғы қозғалыс кестесі Астана қаласының көше-жол желісінде жөндеу жұмыстарының аяқталуына қарай қалпына келтіріледі.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Абай, Кенесары және Янушкевич көшелерінде біржақты көлік қозғалысы енгізілді

Маусымның 11 күнінен бастап елорданың көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайту мақсатында үш көшеде біржақты көлік қозғалысы енгізілді: Абай даңғылы (Сарыарқа даңғылынан Пушкин көшесіне дейін), Кенесары көшесі (Пушкин көшесінен Сарыарқа даңғылына дейін) және Янушкевич көшесі (Абай даңғылынан Иманов көшесіне дейін). Біржақты көлік қозғалысы енгізілген көшелердің жалпы ұзындығы – 9,6 км.

Астана жаңалықтары: Абай, Кенесары және Янушкевич көшелерінде біржақты көлік қозғалысы енгізілді

Бастапқы кезеңде жол полициясының қызметкерлері біржақты қозғалыс енгізілген көшелерде жүргізушілерді жол жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпайтын болады. Бірақ апатты жағдайларды болдырмау үшін Әкімшілік полиция басқармасы мен жергілікті полиция қызметінің өкілдері он күн бойы біржақты көлік қозғалысы енгізілген көшелермен жүру ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ал 20 маусымнан бастап тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Айыппұл мөлшері – 5 АЕК.

Еске салайық, 28 мамырда Әуезов көшесінде (Республика даңғылынан Молдағұлова көшесіне дейін) және Желтоқсан көшесінде (Мәскеу көшесінен Кенесары көшесіне дейін) біржақты көлік қозғалысы енгізілген болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол желісіне түсетін жүктемені азайту есебінен көлік ағынының жылдамдығы аталған көшелерде 30% ұлғайған, қиылыстарда тұрып қалу уақыты 78-ден 40 секундқа дейін төмендеді, көлік құралдарының қозғалыс қарқыны 20% өсті.

Ескерту. 11-13 маусымда Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейінгі жол бөлігінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Орынбор көшесі толығымен жабылады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астанада өтетін дуатлоннан жарысқа қатысыңыздар!

26 маусымда Елорда күнін мерекелеуге орай Астанада дуатлоннан ашық қалалық турнир екінші рет өткізілетін болады. Биыл жарысқа қатысушылар 25 шақырым қашықтықты бағындырмақ. Жолдың жалпы ұзындығы кездейсоқ таңдалып отырған жоқ – ол Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орайластырылған.

«Астана-дуатлон — 2016» жарысына 16 жастан асқандардың бәрі де қатыса алады. Бірақ 18-ге толмағандар тіркелу үшін ата-анасының жазбаша рұқсатын әкелуі керек. «Астана-дуатлон — 2016» жарысына қатысушылар өздерімен бірге жеке куәліктерін ала келуі қажет.

Қатысушыларды тіркеу шара өтетін күні «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда таңғы сағат 7-ден басталып, турнирге 15 минут қалғанда аяқталады. Дуатлон таңғы сағат 10.00 басталады.

Турнир үш кезеңнен тұрады: алдымен қатысушылар 5 шақырым жүгіріп өтеді, содан кейін 15 шақырымды велосипедпен жүреді, ал соңғы кезеңде – тағы да 5 шақырым қашықтыққа жүгіреді.

Астана жаңалықтары: Астанада өтетін дуатлоннан жарысқа қатысыңыздар!

Астана жаңалықтары: Астанада өтетін дуатлоннан жарысқа қатысыңыздар!

Былтырғыдай әрбір қатысушының уақыты жеке белгіленеді, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады. Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда дуатлонға қатысушылар мен шара қонақтарының назарына концерттік бағдарлама ұсынылады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

ХІІ Дельфий ойындарына 200 астам астаналық қатысады

13-15 маусым аралығында елордада өнерлі жастар өмірінің басты оқиғасы — XII Дельфий ойындары өтеді. Биыл өнер додасы «Тәуелсіздікпен болашаққа!» ұранымен ұйымдастырылады.

Қалалық конкурсқа қатысушылар бірнеше номинацияда бағын сынайды: фортепиано, скрипка, домбыра, прима-қобыз сияқты халық аспаптары. Сонымен қатар, халық биі, эстрадалық және академиялық ән салу, қысқаметражды фильм және бейнеролик, фотосурет, бейнелеу өнері. Әртістер, киім дизайнерлері мен ди-джейлер де шеберлік байқасады. Биыл «ым-ишарат тілінде ән айту» номинациясы енгізілді. Оған 16-25 жастағы азаматтар қатысады.

Астана жаңалықтары: ХІІ Дельфий ойындарына 200 астам астаналық қатысады

Жалпы, Дельфий ойындарына қатысушылардың орташа жасы 10-нан 25 жас аралығында, конкурста оқушылар мен студенттер, басқа да жастар өз өнерлерін ортаға салады. Дельфий ойындары жас дарындарды анықтауға және одан әрі дамытуға, өскелең ұрпақты эстетикалық тәрбиелеуге, тұлғаның рухани қалыптасуына қолдау көрсетуге көмектеседі.

Шараның салтанатты ашылуы 13 маусымда сағат 11.00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өтеді.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астанада қоқысты пайдаға асырудың жаңа технологиялары енгізіледі

Қазіргі кезде қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі оны жинау, тасымалдау, сұрыптау, өңдеу және көмуден тұрады. Қалдықтарды басқару бағдарламасына сәйкес, алдағы бес жылда Астанада жаңа технологиялар енгізіледі, оның ішінде метан алу мен «жасыл» энергия өндіру. Сонымен қатар, қоқысты қайта өңдеу мен өртеуді ұлғайту мүмкіндіктері қаралуда.

Астана жаңалықтары: Астанада қоқысты пайдаға асырудың жаңа технологиялары енгізіледі

– Біз алдағы бес жылда пайдаланатын технологияларды белгіледік. Атап айтқанда, полигондағы қоқыстан газ шығару және сағатына 5 МВт дейін «жасыл» энергия өндіру. Ал 2020 жылға дейін қол жеткізуді мақсат етіп отырған басты көрсеткіш — қайта өңдеу тереңдігін 50% дейін ұлғайту болмақ, – деді «Астана қаласында қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны талқылау» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында қалалық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әділбек Сәрсембаев.

2020 жылға дейін елордада қалдықтарды жинаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану үшін контейнерлерді жаңарту және қоқыс таситын машиналар паркін әлдеқайда үнемді және экологиялық тұрғыдан тиімді көліктермен алмастыру жоспарланып отыр.

«Қазақстандық МЖС орталығы» АҚ вице-президенті Айдос Көбетовтың атап өтуінше, әлемдік тәжірибеде қоқысты жартылай өңдеу және өртеу қолданылады, тек 10–15% ғана көміледі.

– Біз ұсынысымызды ҚР Энергетика министрлігіне жолдадық. Бұл жерде экология жағынан мәселелер бар, бірақ қазіргі кездегі технологиялар оның салдарын барынша азайтуға мүмкіндік береді, – дейді Айдос Көбетов.

Шара барысында 2019 жылға қарай елімізде құрамында сынап бар шамды, құралдарды, түсті және қара металлды, өңделген автомобиль майы мен сұйықтықтарды, батареяларды және т.б. полигондарда көмуге тыйым салынатыны белгілі болды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Жан Нұрбеков мәлім етті.

Айта кетейік, қазіргі кезде елордада қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару көлемі тәулігіне 1000 тоннаны құрайды. Елордалық қоқыс өңдеу зауыты тәулігіне 200 тоннаға жуық қоқыс қабылдайды, өткен жылы жалпы 73 мың тонна қоқыс жиналды. Оның 93% полигонда көміледі. 2015 жылы бұл көрсеткіш 360 мың тоннаға жуық болды.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Жаңа бағдарлама: Франциядағы футбол тойы

Қазақстан Ұлттық арнасында кеше Еуро-2016 алғашқы матчымен қатар сараптамалық «Франциядағы футбол тойы» бағдарламасы басталды. Тележоба әр ойынның басында және кейін болады. Әр матчқа байланысты қызықты деректер, статистикалар, жаңалықтар айтылады. Бағдарлама қонағымен ойынды бірге талқылайды. #eurokaztrk хэштегімен түскен қызықты пікірлерді, посттарды эфирде оқитын болады. Қонақ ретінде танымал футбол жанкүйерлері, сарапшылары, саясаткерлер, өнер жұлдыздары шақырылады. Кеше түнде спорт блогері ретінде алғашқы қонақтары болып барып қайттым.

Еуро-2016: Жаңа бағдарлама: Франциядағы футбол тойы
Жүргізушілер Нұржан Еркінұлы және Еркін Шәкірұлы

Еуро-2016: Жаңа бағдарлама: Франциядағы футбол тойы
"Қақпашы" Нұржан дайындалуда.

Еуро-2016: Жаңа бағдарлама: Франциядағы футбол тойы
Еркіннің интерактив экраны ұнады. Басып қалса — түрлі ақпараттар шыға келеді.

Еуро-2016: Жаңа бағдарлама: Франциядағы футбол тойы
Алғашқы қонақпын, эхэхэй! ;)

Еуро-2016: Жаңа бағдарлама: Франциядағы футбол тойы
Ойынға командалар дайын, ал студияда Павел Цыбулиннің командасы дайын.

Еуро-2016: Жаңа бағдарлама: Франциядағы футбол тойы
Комментаторлар мына кішкентай бөлмеден жүргізеді.

Еуро-2016: Жаңа бағдарлама: Франциядағы футбол тойы
Асхат Сағынаевпен матчты бірге талқылап қарап шықтық.

Еуро-2016: Жаңа бағдарлама: Франциядағы футбол тойы
Матчтан кейін ұйқы қысса да түнгі 03:00-де ойынсоңы ойларымызды айтып, бағдарламаны аяқтадық.
Әрі қарай

Астана әкімдігі Uber компаниясымен меморандум жасасты

Астана қаласының әкімдігі, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және Uber компаниясы ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды. Әлемнің 70-тен астам мемлекетінде қызмет көрсететін халықаралық компания қазақстандық нарыққа елордадан бастап кірмек.

Меморандумға сәйкес, Uber тек кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретінде тіркелген Серіктестермен (заңды тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен) ғана жұмыс істейді. Автоматтандырылған есеп айырысу жүйесі мен заңды қызметінің арқасында Uber қазақстандық нарықта сервис серіктестері-жүргізушілердің кірісінің айқын болуына және салықтардың бюджетке толық төленуіне жағдай жасайды.

Астана жаңалықтары: Астана әкімдігі Uber компаниясымен меморандум жасасты

«Әрине, бұл біз үшін айтулы оқиға. Uber компаниясымен көптен бері келіссөздер жүргізіп келеміз, оның Қазақстан нарығына осы Астанадан бастап кіретініне қуаныштымыз. Жүйенің айқындылығының арқасында шағын және орта бизнесті дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашылып, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер ұлғаяды, ал ең маңыздысы, нарықта тағы да бір әлемдік бренд болады», — деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова. Оның айтуынша, жолаушылар тасымалы нарығына жаңа компанияның енуі елордалық бизнестің дамуына үлкен серпін бермек.

Uber – пайдаланушылар мен жүргізуші-серіктестерді байланыстыратын технологиялық платформа. Мобильді қосымша арқылы тапсырыс беруші жүргізуші мен машинаға резерв қойып, оның белгіленген жерге дейінгі қозғалысын бақылай алады, төлем банктік картамен жасалады. Uber қолданыстағы қарапайымдылығымен, қауіпсіздік талаптарының жоғары болуымен, сондай-ақ, қолма-қол ақшалай төлемдердің жоқтығымен танымал. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожиннің атап өтуінше, нақ осы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу салық түсімдерінің ұлғаюына ықпал етеді.

Uber B.V. ТМД мемлекеттері бойынша бас менеджері Алексей Стахтың атап өтуінше, компанияның жобаны Астанада дамыту перспективалары зор.

«Үлкен перспективалар бар. Стартап аса қарқынды дамып келеді, біз әлемнің 70 мемлекетінде 400 астам қалада жұмыс істейміз. Қазақстанға келіп, елордадан бастайтынымызға қуаныштымыз. Біз үшін бұл өте маңызды. Бүгінгі таңда биліктің қазіргі саланы жақсартуға мүмкіндік беретін инновацияларды қолдайтынын көріп жүрміз. Өз тарапымыздан қазақстандықтар күткен сервисті ұсынуға барлық шараларды қабылдайтын боламыз», — деді А. Стах.

М. Бектұрованың айтуынша, елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына жайлылық пен қызметінің заңдылығын қамтамасыз ететін, дамытылып жатқан басқа да жобалар бойынша ынтымақтастық орнатуға дайын.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Көлік қозғалысы уақытша шектелетін көшелер

Елордада кейбір көшелерде көлік қозғалысы жартылай шектеледі

Елордада жол жөндеу және асфальтбетон жабынын профилактикалық қорғау бойынша жұмыстар жалғасын табады. Осыған байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы жартылай шектеледі:

— 11-30 маусымда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Сейфуллин көшесі Уәлиханов көшесінен Сембинов көшесіне дейін жартылай жабылады;

— 11-15 маусымда Уәлиханов көшесінің Кравцов көшесінен Абай даңғылына дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі;

— Кравцов – Уәлиханов көшелерінің қиылысы 10-12 маусымда жартылай жабылады.

Сонымен қатар, 9-12 маусымда Достық көшесінің Тұран даңғылынан Орынбор көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты автобустардың қозғалыс сызбасы да уақытша өзгереді.

2016 жылғы 11 маусымнан бастап №102 экспресс маршруттың қозғалыс бағыты жартылай өзгереді: бастапқы пункт – Көктал-2 т/а — Орынбор мен № 31 көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі – Орынбор к-сі – Орынбор к-сі мен Қабанбай батыр даңғылында бұрылады (Family Town т/к) – Орынбор к-сі (№ 31 көшеге кірмейді) – одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.

Астана жаңалықтары: Көлік қозғалысы уақытша шектелетін көшелер

11 маусымнан бастап № 39 бағдардағы автобустың қозғалыс сызбасы: бастапқы пункт – «Астана инерт», одан әрі – Көктал к-сі – Оқжетпес к-сі – Бәйсейітова к-сі – Фахд бен Абдулл Әзиз к-сі – Ақан сері к-сі – Бөгенбай батыр даңғылы – Алаш тасжолы – соңғы пункт «Шарын» базары.

Астана жаңалықтары: Көлік қозғалысы уақытша шектелетін көшелер

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Түлектерге жұмыс табылады

Астанада техникалық және кәсіптік оқу орындарының түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Өнеркәсіптік өндіріс, қызмет көрсету, медицина, құрылыс және т.б. салаларда қызмет ететін 50 астам компания бос жұмыс орындарын ұсынды. Оқу орындарының түлектері әлеуетті жұмыс берушілермен әңгімелесуден өтіп, елордадағы ең қажетті мамандықтармен танысты.

Сонымен қатар, студенттер мемлекеттік бағдарлама аясында жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес алды.

Астана жаңалықтары: Түлектерге жұмыс табылады

«Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасын іске асыру аясында жұмыс тәжірибесі жоқ орта арнайы, жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған жастар практикасы бағыты іске қосылған. Оларға бастапқы тәжірибе жинау үшін алты айға уақытша жұмыс беріледі, еңбекақы мемлекет тарапынан төленеді. Диплом алған түлек Жұмыспен қамту орталығынан жұмыс берушімен әңгімелесуге жолдама алады, егер оң жауап алатын болса, құжаттар тізімін жинап, бағдарламаға қатысады, — деді Астана қаласының әкімдігі Жұмыспен қамту орталығының кәсіптік оқыту бөлімі басшысының орынбасары Азамат Байтасов.

Бағдарлама аясында кәсіби оқыту да іске асырылады. Мамандықты игеріп, жұмыс таба алмағандар немесе сұранысы жоқ кәсіпті меңгергендер даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша тегін курстарға жіберіледі.

Елордада бос орындар жәрмеңкелері тұрақты түрде өткізіледі, бос жұмыс орындарын іздеу мәселелері бойынша Бейбітшілік к-сі, 25 мекен жайында орналасқан Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығына жүгіну керек.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай