Елордада алғаш рет үшсайыстан жарыс өтті

Астана жаңалықтары: Елордада алғаш рет үшсайыстан жарыс өтті
Жексенбі күні Астаналық саябақта 200 астам адам Super sprint triathlon Astana – 2016 жарысында шеберлік байқасты. Жарыс үш кезеңмен өткізілді: 350 метрге жүзу, велосипедпен 20 шақырымды бағындыру және 2,5 км жүгіру.

Паркке жарысқа қатысушыларды қолдау үшін жанкүйерлер де жиналды. Спортшылар Есіл өзенінде жүзген соң велосипедке отырды. Белгіленген қашықтықты бағындырғаннан кейін жүгіруге қатысты.

Астана қаласының спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Берік Маржықпаев елорда тұрғындары мен қонақтарына алғыс айтып қана қоймай, өзі де жарысқа қатысты.

— Жарысқа қатысқандықтан оның не екенін білемін, бұл спортта денеге ерекше талаптар қойылады. 350 метрге жүзу оңай емес екен. Бүгінгі спорт мерекесі жақсы өтті. Көңіл күй керемет. Қатысушылардың 147-сі әуесқой, 27-сі кәсіпқой спортшы, меніңше, бұл үлкен жетістік, баршаға қатысқандары үшін алғыс айтамын, — деді Берік Маржықпаев.

Үшсайысқа 18 жастағы және одан асқандар қатысты. Мәреге жеткенде жеңімпаздар бірнеше санат бойынша анықталды. Әрбір қатысушының уақыты тіркеу кезінде берілген жеке чиптің көмегімен белгіленді.

Ерлер арасында үш қашықтықты 54 минут 48 секундта бағындырған Александр Автушко абсолютті жеңімпаз атанды. Әйелдер арасында 1 сағат 9 минут уақыт көрсеткішімен оның жұбайы Анастасия Автушко үздік атанды. Кәсіпқойлардың спорттық әулеті триатлонннан жарысқа Шымкенттен келді.

— Триатлоннан бұрыннан айналысып келеміз, мен 2002 жылдан бері, жұбайым 2008-ден бастап. Бала кезімде достарым шақырған, уақыт өте келе бұл спорт түрімен етене таныстым. Үш түрлі спорт, өте қызық. Бәрі жақсы өтті, ұйымдасқан. Бүгін ауа райы өте жақсы, — дейді Александр Автушко.

Айта кетейік, ұйымдастырушылар үшсайыстан жарысты дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11090
Әрі қарай

Астанада көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша қоғамдық тыңдау өтті

Астана жаңалықтары: Астанада көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша қоғамдық тыңдау өтті
Елорда әкімдігінің ғимаратында Астана қаласының қоғамдық кеңесі елорданың көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі бойынша тыңдау өткізді. Қоғамдық көлік жүйесін, электронды жолақы төлеу жүйесі (ЭЖТЖ), қалалық такси, ақылы тұрақтар енгізу, сондай-ақ, көше-жол желісін ұйымдастыру, соның ішінде біржақты көлік қозғалысын енгізуге қатысты мәселелер қоғам талқылауына ұсынылды.

Кеңес барысында Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун, қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Еділ Сүлейменов, қалалық Автомобиль жолдары басқармасының басшысы Сымбат Мырзағұлов және «Астана LRT» ЖШС Басқарма төрағасы Талғат Ардан сөз сөйледі.

Сергей Хорошунның атап өтуінше, бүгінгі таңда Астанада жыл сайын көлік құралдарының саны 10% артады. Қазіргі кезде елордада 1 миллионнан астам адам тұрады, 340 мыңнан артық көлік құралы тіркелген, яғни, қаланың 1000 тұрғынына шаққанда 340 автомобильден келеді. Салыстырып көрейік, Лондонда 1000 тұрғынға шаққанда — 320, Бакуде — 330, Берлинде — 360, Мәскеуде — 380, Варшавада — 580 және Лос-Анджелесте – 600 көліктен келеді. Көлік санының артуы қаланың көлік жүйесіне теріс әсерін тигізеді. Бұл мәселеге барлық мегаполистер тап болады.

Осы мәселені егжей-тегжейлі зерттеу үшін өткен жылы елорда әкімдігі Typsa, PriceWaterhouseCoopers, Systra, UITP сынды халықаралық кеңесшілерді тарта отырып, көлік жүйесі мен инфрақұрылымы, көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайту, балама көлік құралдарын дамыту бағыттары бойынша көлік кешеніне толық талдау жасады.

Қоғамдық көлікті дамыту, жол қозғалысын ұйымдастыру, көше-жол желісін салу мен қалпына келтіру бағыттары бойынша барлық ұсыныстарды ескере келе, 20 іс-шарадан тұратын Астананың көлік саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені әзірленді.

Қала әкімінің бірінші орынбасарының атап өтуінше, барлық бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, нақты нәтижелер де бар. Қабылданған шаралардың міндеті қоғамдық көлікпен жүретін адамдар санын 33-тен 45%-ға дейін арттыру және көше-жол желісінің өткізу қабілеттілігін 37,5 мыңнан 43 мың кқ/сағ дейін ұлғайту болып табылады.

Тыңдау барысында елорда әкімдігі Астана қаласының көлік кешенін дамыту тұжырымдамасын қыркүйек айында талқылауға шығаратыны мәлім болды. Бұл қаланың көлік саласын дамыту стратегиясын, саясатын, сондай-ақ барлық аспектілер қарастырылған алғашқы құжат.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11069
Әрі қарай

«CZАстана» мобильді қосымшасы арқылы Астанада жұмыс іздеуге болады

Астана жаңалықтары: «CZАстана» мобильді қосымшасы арқылы Астанада жұмыс іздеуге болады
Бүгін Жұмыспен қамту орталығы елорда тұрғындарына мекеменің базасындағы бос орындар туралы білуге мүмкіндік беретін «CZАстана» мобильді қосымшасын іске қосты. Мобильді қосымша тегін және оны Google Play мен App Store дүкендерінен алуға болады.

Сонымен қатар, қосымшаны жүктегеннен кейін адамдар кәсіби бағдар бойынша тест тапсыра алады. Астана қаласының әкімдігі Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омардың айтуынша, жұмыс іздеушілер әңгімелесуден өткен кезде өзін-өзі ұстану, сұрақтарға жауап беру, түйіндеме жазу бойынша ақпаратты таба алады. Ал жұмыс берушілер үшін жұмыспен қамту туралы заңнаманың нормаларына қатысты пайдалы ақпарат ұсынылады. Әрине, мұндай ақпаратты өз бетінше табуға да болады, бұл жерде біз қолайлы жағдай жасап отырмыз, себебі барлық ақпарат бір дереккөзге жиналған, тек CZAstana қосымшасын ғана жүктеп алу қажет»,- дейді ол.

Айта кетейік, елордалық Жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілердің үлкен базасына ие жалғыз мемлекеттік орган болып табылады. Ол жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуға, ал жұмыс берушілерге – білікті мамандарды табуға септігін тигізеді. Жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналасу, жастар практикасынан өту, әлеуметтік және қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз ету, мамандарды даярлау және қайта даярлау бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынатын бірегей алаң ретінде дамып келеді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11060
Әрі қарай

Керек-Ринг ойынына сұрақтар қабылданады

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг ойынына сұрақтар қабылданады

Керек-Ринг ойынына және жақында басталатын жаңа жобамыз IQas (Айқас) үшін сұрақтар қабылдаймыз. Яғни, сіздер жолдаған сұрақтарды ойыншыларға қоямыз. Сұрақтарыңызды iqas@kerekinfo.kz адресіне жібере аласыздар. Ол үшін аты-жөніңізді, қалаңызды, сұрақ мәтінін, жауабын, түсініктемесін және қайдан алынғанына сілтеме немесе ақпарат көзін (кітап/газет т.б) көрсетсеңіз болғаны. (Егер баспа өнімінен алынған сұрақ болса, кітап авторы, атауы, баспа, жыл, беті. газет-журнал: атауы, жылы, нөмірі, беті.)

Мысалы, былай:

Аршат Ораз (Астана)
Сұрақ: 20-ғасыр басындағы темекі фабрикасындағы жұмысшылар бейнеленген. Ортадағы мінберде Лектор деп аталатын қызметкер отыр. Лектор жұмысшылар монотон жұмыстан жалықпасын деп күнделікті жаңалықтарды оқиды. Алайда фабрика басшыларына лекторлардың солшыл бағыттағы саяси мәтіндерді жиі оқуы ұнамайтын. Сондықтан лектор мамандығы біржолата жойылды. Осылайша 20-жылдары лекторлардың орнына не келді?

Жауап: Радио
Түсініктеме: Радионың кеңінен тарала бастауына және ресми ақпарат таратуына байланысты фабрика басшылары жұмысшылар жалықпасын деп радио қоса бастады.
Сілтеме: www.lookatme.ru/mag/live/inspiration-lists/211631-jobs-obsolete

Керекрингке Астанада қатысып көрген адамдар сұрақ жолдамауы тиіс.
Сұрақтар білетін-білмейтін нәрседен емес, ойын барысында талқыланып жететін логикаға қүралған болуы тиіс, жалпы эрудиция тек ортадағы құрал ғана болып қалуы керек.
Сұрақтарды ойынға таңдау-таңдамау — редакторлардың құқығындағы нәрсе.
Әрі қарай

27 шілдеде «Астана» - «Селтик» кездесуі кезінде көлік қозғалысы жартылай шектеледі

Астана жаңалықтары: 27 шілдеде «Астана» - «Селтик» кездесуі кезінде көлік қозғалысы жартылай шектеледі
Сәрсенбі күні, 27 шілдеде сағат 18.00-ден 23.00-ке дейін УЕФА чемпиондар лигасының үшінші біліктілік раунды аясында «Астана» футбол клубы шотландиялық «Селтик» командасымен кездеседі. Матч кезінде Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейін жабылады. Қала тұрғындарына Орынбор арқылы айналып өтуге кеңес береміз.

Жанкүйерлерге ыңғайлы болуы үшін арнайы трансфер ұйымдастырылады. Автобустар «Қазақстан» СК, Астаналық цирк, Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион, «Әзірет Сұлтан» және «Нұр Астана» мешіттерінің жанындағы (шығыс жағынан) тұрақтардан жүреді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11056
Әрі қарай

Елордалық жастарға жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі

Астана жаңалықтары: Елордалық жастарға жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі
27 шілдеде «Жастар» сарайында сағат 10:00-13:00 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Шара барысында ЖОО түлектері мен жастарға сауда және экономика саласындағы бос жұмыс орындары ұсынылады.

Жәрмеңкеге 40 астам жұмыс беруші қатысады.

Шара жұмыссыздық деңгейін азайтуға және жұмысқа орналасуға көмектесуге, мамандарға кәсіби бағдар беруге бағытталған. Бұл ЖОО түлектеріне қызмет саласын зерттеуге және лайықты жұмыс табуға мүмкіндік береді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11054
Әрі қарай

Астанада «Қауіпсіз жол» акциясы өткізіліп жатыр

Астана жаңалықтары: Астанада «Қауіпсіз жол» акциясы өткізіліп жатыр
Жергілікті полиция қызметі мен Астана қаласының Ішкі істер департаментінің қызметкерлері жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті жақсартуға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған бірқатар рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізеді.

Рейдтер барысында көлікті алкогольдік немесе есiрткiлік мас күйде басқару, қарсы қозғалыс жолына шығу, жаяу жүргіншілер өткелінен өту, қауіпсіздік белбеуін тақпау, сондай-ақ, жол жүру кезінде ұялы телефонмен сөйлесу сияқты жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтау және жолын кесу жоспарланған. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің жол жүру ережесін сақтауына баса назар аударылатын болады.

Жедел алдын алу шарасы барысында жол үстіндегі тәртіпті қадағалауға Жергілікті полиция қызметі мен Астана қаласының ІІД әкімшілік полициясы аппараты қызметкерлері тартылып, патрульдік нарядтар саны ұлғайталады.

«Қауіпсіз жол» акциясы 27 шілдеге дейін жалғасады.

Айта кетейік, жыл басынан бері Астанада жол-патрульдік полициямен 77 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайы тіркелген, соның ішінде жүргізушілер 70 мыңнан артық бұзушылыққа жол берген. Сондай-ақ, жеті мыңға жуық жаяу жүргінші жолдан қауіпсіз өту ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11051
Әрі қарай

Елордада «Яркокросс» қайырымдылық марафоны өтті

Астана жаңалықтары: Елордада «Яркокросс» қайырымдылық марафоны өтті

«Яркокросс» қайырымдылық марафоны елордада төртінші рет өткізіліп жатыр. Орталық паркте өткен шараға түрлі жастағы 1200 астам адам қатысты.

Марафон ұзындығы 5 шақырымды құрады. Шараға қатысушылар басты бес нүктені бағындырды, ал еріктілер болса, оларға бояу ұнтақтарын шашты. Мақсат — мәреге бірінші болып жету емес, шараға қатысу.

Марафон астаналықтарға керемет көңіл күй сыйлап қана қоймай, қаланың экологиясының дамуына да септігін тигізеді. Қайырымдылық шарадан жиналған қаржы Асананы көгалдандыруға жұмсалады.

— Биылғы жоба елімізде су үнемдеуге бағытталған. Болашақ ұрпаққа да суды қажет екендігін жеткізуге тырысамыз, — дейді Астана қаласындағы «Посади дерево» қоғамдық бірлестігі директорының орынбасары Земфира Низамутдинова.

Шара соңында флешмоб ұйымдастырылды. Астаналықтар бас сахнаның жанында ашық түсті бояуларды көкке шашып, түрлі түсті бұлт жасады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11041
Әрі қарай

Астанада «Не? Қайда? Қашан?» ойыны бойынша II Еуразия кубогы өтіп жатыр

Астана жаңалықтары: Астанада «Не? Қайда? Қашан?» ойыны бойынша II Еуразия кубогы өтіп жатыр
Елордада «Не? Қайда? Қашан?» ойыны бойынша ІІ Еуразия кубогы өтуде. Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь, Украина, Нидерланды, Эстония, Израиль, Чехия, Германия, Түркменстан мемлекеттерінен, сондай-ақ, еліміздің түрлі қалаларынан келген қатысушылар түрлі интеллектуалды дисциплиналарда сайысқа түседі.

Жоба елордада, жалпы, Қазақстанда зияткерлік ойындарды дамытуды ынталандырмақ. Ойындарға басқарма мүшесі, «Не? Қайда? Қашан?» халықаралық клубтар ассоциациясының вице-президенті Александр Рубин, екі дүркін «Хрусталь үкі» иегері, «Гауһар үкі» иегері Илья Новиков, Әзербайжандағы «Не? Қайда? Қашан?» телеойынының жүргізушісі және бас продюсері, «Хрусталь үкі», «Гауһар үкі» иегері Балаш Касумов, «Не? Қайда? Қашан?» телевизиялық клубының команда капитаны Елена Потанина, екі дүркін «Хрусталь үкі» иегері Елизавета Овдеенко және т.б. қатысады.

Көпшілікке кеңінен танымал «Не? Қайда? Қашан?» телеойынының спорттық нұсқасынан басқа, қатысушылар брейн-ринг турнирлеріне, Хамса ойындарында сайысады. Сондай-ақ, кубок аясында қатысушылар Қазақстанның мәдениеті мен тарихына арналған «Бешбармақ-party» турнирінде елімізбен етене танысатын болады.

Айта кетейік, спорттық «Не? Қайда? Қашан?» ойыны бойынша Еуразия кубогы алғаш рет 2015 жылы Алматыда ұйымдастырылған. Ойын қозғалысы елімізде 10 жылдан бері қызмет етіп келеді, осы күнге дейін қазақстандық зияткерлер түрлі турнирлер өткізді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11042
Әрі қарай

Елордалық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Астана жаңалықтары: Елордалық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Астанада түнде 14 мм жауын-шашын жауды. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан коммуналдық қызметтер тәулік бойғы режимде жұмыс істеп жатыр.

Қазіргі кезде тиісті жұмыстарға 117-ден артық арнайы техника тартылған, соның ішінде екеуі өрт сөндіру станциясы. Астанада үш жол бөлігін су басқан: Б. Момышұлы ескерткішінің жаны, Қалдаяқов к-сі және Тұран даңғылы, қосымша орнатылған сорғылардың арқасында нөсер салдары жақын арада жойылмақ.

«Біз сол жағалауға толық қызмет ететін тазарту құрылыстарындамыз. «Хан Шатыр» СОО ауданында орнатылған қосалқы сорғылардың есебінен Орынбор көшесін су басудың алды алынды. Жыл соңына дейін Керей мен Жәнібек хандар көшесі мен Тұран даңғылы, № 31 – Хусейн бен Талал көшелеріндегі №27 тазарту құрылысы пайдалануға беріледі», – деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов.

Оның айтуынша, суды бұру жүйелеріне қарағанда қаламыз тез дамып келеді, су басу жағдайларының орын алатыны да сондықтан. Бұдан басқа, су басудың себептерінің бірі нөсер кәрізі коллекторларының өткізу қабілеттілігінің төмендігі болып отыр. Осы сияқты жағдайларды болдырмау үшін нөсер кәрізі жүйелерін дамыту жөніндегі жобаларды іске асырудың 2019 жылға дейінгі кестесі қайта қаралды.

Биыл екі тазарту құрылысын салудан басқа, Кіші Талдыкөлден Есіл өзеніне су жіберетін коллектордың және Сауран көшесіндегі Рысқұлов көшесінен №31 көшеге дейінгі нөсер кәрізінің құрылысын аяқтау, Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы дренажды-сорғы станциясын қайта жөндеу жоспарланған.

Тиісті шаралар қаланың қарқынды дамып келе жатқан сол жағалауын су басу мәселелерін толық шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылы қайта салынып жатқан аумақта су бұру жағдайларын жақсарту үшін Бейсекова көшесінде, Пригородный кентінде тазарту құрылыстары салынып жатыр, сондай-ақ, Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы тазарту құрылысы қалпына келтіріліп, 2018 жылы пайдалануға беріледі.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11037
Әрі қарай