20 шілде күні Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда «Орда», «Ринго», «Ninety one», «Renzo», «Аюми» топтары және Ернар Садырбаевтың қатысуымен қайырымдылық концерті өтеді. Билет құны 2000 теңге. Басталуы 20.00
Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы Дін істері жөніндегі басқармамен бірлесіп «Дінаралық татулық – тәуелсіздіктің тірегі» шығармашылық байқауын өткізеді. Шараға гуманитарлық және шығармашылық мамандықтардың орта білімнен кейінгі деңгейінің студенттері, журналистер мен кәсіпқой дизайнерлер қатысады.
Шараның мақсаты – діни емес ағымдардың әсер ету қауіпінің алдын алу саласындағы өзекті мәселелер жөнінде ақпарат тарату бойынша жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және қолдау, еліміздің дәстүрі мен мәдениетіне сай діни сана-сезімді қалыптастыру. Сонымен қатар, дін мәселелеріне қатысты оқиғаларды әділ және қасақана емес жариялайтын БАҚ өкілдері ынталандырылатын болады.
Байқау үш номинация бойынша өтеді: «Ең үздік мақала, мақалалар топтамасы», «Ең үздік көрнекті туынды», «Ең үздік бейнешығарма немесе сценарий». Әр номинацияда жүлделі үш орын болады.
Байқауға қатысуға өтінімдер 2016 жылдың 20 қыркүйегіне дейін baiqau@mail.ru электронды поштасына қабылданады. Толық ақпаратты + 7701 173 23 76, + 7747 666 27 04 телефондары бойынша және religii.kz сайтынан алуға болады.
Астана қаласының Қоғамдық кеңесі 27 шілдеде сағат 16.00-де қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту, көше-жол желісін және тұрақ инфрақұрылымы объектілерін дамыту бойынша атқарушы органдардың қызметі жөніндегі мәселе бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді.
Аталған мәселе бойынша ескертулер мен ұсыныстарыңызды жазбаша түрде Қоғамдық кеңеске (Бейбітшілік к-сі, 11) немесе 32-03-95, 55-74-56 телефондары бойынша жолдауларыңызды сұраймыз.
Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, су қоймаларында төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Рейдтер әр демалыс сайын тұрақты түрде ұйымдастырылады. Құтқарушылар жазғы шомылу маусымын қауіпсіздік техникасын түсіндіруден бастайды. Өткен демалыста 1,5 мыңға жуық қала тұрғыны қамтылды.
Жыл сайын шомылатын жерлерде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің іс-шаралар жоспары әзірленеді. Елордалық құтқарушылардың мақсаты елорда тұрғындарын судағы қауіпсіздік шараларымен таныстыру, сонымен қатар, суға түсетін орындарда тәртіп ережелерін сақтауға шақыру болып табылады.
Шара барысында Қазақ ГЗУ аумағындағы көпірлер мен «Газмашаппаратура» бақша қоғамдастығының ауданы тәуекел аймаққа жататыны анықталды. Осыған байланысты тыйым салатын және ескертетін 30 жуық белгі қойылды.
Рейд кезінде құтқарушылар оқушыларға баса назар аударды.
Апта сайын жұмадан жексенбіге дейін елордада Астана қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстары тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді.
Осы аптада 36-шы жәрмеңке ұйымдастырылады. Осы күнге дейін 670 тоннаға жуық өнім сатылды, оның бағасы базардағыдан 10-15% арзан.
Жәрмеңке барысында бақылаушылар баға мониторингін жүргізеді. Бағалардың негізсіз көтерілуіне жол бермес үшін әрбір алаңда бақылаушы таразылар қойылады. Сатылатын тауарлардың, әсіресе ет өнімінің сапасына баса назар аударылады.
«Біздің тараптан өнімнің сапасын бақылау бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда. Күнде таңертең ет өнімдері арнайы тексеруден өткізіледі, қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік мақсатында ветеринарлық бақылаудан өткен етті ғана сатып алуларын сұраймыз», — дейді Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.
Оның айтуынша, қала әкімдігі тұрақты эпизоотикалық жағдайды сақтау үшін қажетті іс-шараларды қабылдап жатыр. Соның ішінде, қала маңындағы мал бақылауға алынды. «Рубеж» бекеттерінде тұрақты түрде рейдтер өткізіледі. Тұрғын үй алаптарын аралап, халық арасында мониторингтеу және түсіндіру жұмыстары, сырттан әкелінген жануарларды вакциналау жұмыстары қолға алынды. Сауда нысандары мен мал сою алаңдарында ет өнімдері ветеринарлық бақылауға алынып, зертханаларда міндетті түрде ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өткізіледі. Күмәнді өнім анықталған жағдайда, оны алу және жою шаралары қабылданады.
Елордалық билік қала тұрғындарына ет сатып алу кезінде тиісті сәйкестік сертификатын немесе сынақ хаттамасын талап етуге кеңес береді.
Астанада Елорданың туған күні қарсаңында «Атамекен» кешенінде 30 жұптың салтанатты неке қию рәсімі өтті.
– Үйлену тойын ерекше форматта өткізудің керемет мүмкіндігі. Жас жұбайлар паркте жиналып, осы алаңда некелерін қию туралы куәліктерді табыстадық. Қалыңдықтарға гүл шоқтарын тарту еттік. Ресми неке қию салтанаты осылай өтті, содан кейін «Думан» қонақ үй кешенінде сыйлықтар ұтысы, торт кесу, вальс және басқа да көп қызықтар болады, – дейді Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының м.а. Рыскүл Қауғабаева.
Қос жүректің жанында күйеу жігіттер мен қалыңдықтар ант берді. Салтанатты шарадан кейін жастар ең биік тутұғырына көтерілді. Бәрі де суретке және бейнеге түсіріліді.
– Мерекеге жаңбыр да кедергі болған жоқ, – дейді жас жұбайлар Бауыржан мен Сымбат Сұрапбай. – Бұл тағдыр шығар, үйлену тойын осы күні өткіземіз деп ойламаған едік. Бәрі де керемет. Үш жыл бойы кездесіп, биыл үйленуге шешім қабылдадық.
Жастарды танымал тележүргізуші Айгүл Мукей және актер, музыкант, продюсер Әнуар Нұрпейісов құттықтады.
Елорда күнін мерекелеу аясында «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда «Арқайым – күннің қаласы» 3D интерактивті ойын-сауық қалашығы ашылды. Мұнда қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен астаналықтар мен қала тұрғындары өткеніміздегі және болашақтағы атмосфераны сезінеді.
Қалашық төрт аймақтан тұрады. Бірінші сферада «Ұлы дала жетістіктері» мультимедиялық галереясы орналасқан, онда Тас тәуірінен 17-19 ғғ. дейінгі даму эволюциясы көрсетілген. Ата-бабаларымыз қолдан жасаған күнделікті тұрмыстағы заттар, зергерлік бұйымдар, әшекейлер ұсынылған.
Жүздеген жыл бұрын Шығыс Қазақстанда табылған алғашқы «Ақ бауыр» обсерваториясымен «Ашық ғарышқа саяхат. Астана» проекциялық театрында таныса аласыздар. Бұл сферада елорданың орталығынан ғарышқа сапар шегесіз, негізгі ірі планеталардың жанынан ұшып, олар туралы ақпарат алуыңызға болады. Саяхат «Жұлдыздар соғысы» стиліндегі би жарысымен аяқталады.
Фестивальдің ерекшеліктерінің бірі – Айша бибі мен Қарахан батырдың трагедиялық оқиғасы жайлы сыр шертетін голографиялық театр.
Төртінші аймақ — жаңаша әрленген этникалық музыка ұсынылатын «Welcome to Astana city!» концерттік ойын-сауық алаңы. Сонымен қатар, тақырыптық интерактивті аймақтар да жасалған. Аниматорлардың этно-футуристік костюмдері мен осы стильдегі әдеттен тыс кәдесыйлар қалашықта айырықша атмосфера қалыптастырады. Концерттік бағдарлама сағат 19.00 басталады.
— Бұл этно және жаңа технологиялардан – проекция мен голографиядан құрылған бірегей жоба. Қалашық екінші рет жасалып отыр. Былтыр голографияны жай технология ретінде көрсетсек, енді тұтастай театрландырылған қойылым ұсынбақпыз. Бұл үшін режиссерлер, хореографтар, музыканттар шақырылды. Өткен жылы мультимедиялық галерея арт-стильде болса, биыл тарихымызға арналады. Орта есеппен сфераларды орнатуға және оларды құрастыруға үш апта уақыт жұмсалды, ал жобаның өзі бір жылдан астам уақытта әзірленді, — деді жобаның үйлестірушісі Ринат Кутдусов.
3D-қалашық бүгін және шілденің 5-і мен 6-сы күндері сағат 11.00-21.00 аралығында жұмыс істейді, кіру тегін.
Астана күніне байланысты өтетін іс-шаралар кестесі
4 шілде
10:00 Қалалық саябағат фестивалі «Astana park land»
10:00 Неон және прекциялық технологияларды пайдалана отырып 3D ойын-сауық интерактивті қала «Аркаим — город Солнца»
11:00 «Astana Art fest»
11:00 Кітап және поэзия мерекесі
11:00 Халықаралық суретшілер бианелесi
11:00 Автокараван «Астана-шаттық»
11:00 Хореографикалық фестивалі «Биле Астана»
11:00 Балалар шығармашылық фестивалі «Шаттық»
11:00 «Тысячелетия вокруг Астаны» көшпелі өркениет фестивалінің ашылуы
14:00 «Мастерство кулинаров – любимому городу»" аспаздық фестивалі
15:00 «Тәуелсіздік жыры — Астана» Көшпелі өркениет фестивалі
16:00 Ертегі-шоуы «Снежный король 2»
16:00 Международный фестиваль циркового искусства «Эхо Азии»
17:00 Халық аспаптар оркестрінің IV халықаралық музықалық фестиваль «Серпер»
18:00 Сейдолла Бәйтерековтің шығармашылығына арналған ән кеші
19:00 Дәстүрлі түркі музыкасы фестивалі «Астана-Арқау»
19:00 Астанаға тарту
20:00 Rock Fest
20:00 «Астана Самалы» ұрмелі аспаптар фестивалі
20:00 Rock Fest
20:00 Ертегі-шоуы «Снежный король 2»
20:00 "Қайырлы кеш, Астана!"
21:00 BRODWAY мюзикл
5 шілде
10:00 Қалалық саябқтар фестиваль «Astana park land»
10:00 «Айналайн Астанам, асқақ әнім»
11:00 „Astana Art fest“фестивалінің ашылуы „Қымызмұрындық“
11:00 Халықаралық суретшілер бианелесi
11:00 „Астана Самалы“
11:00 Хореографиялық фестиваль „Биле Астана“
11:00 Автокараван «Астана-шаттык»
11:00 Балалар шығармашылық фестивалі „Шаттық“
11:00 „Астана аспаны“ жаландар фестивалі
11:00 «Тысячелетия вокруг Астаны» көшпелі оркениет фестивалінің ашылуы
12:00 Салтанатты неке қию рәсімі
13:00 «Мастерство кулинаров – любимому городу» аспаздық фестивалі
14:00 „Серпер“ халық оркестор аспаптары
16:00 Международный фестиваль циркового искусства „Эхо Азии“
16:00 Мұз шоу „Снежный король“
16:00 „Астана самалы“
16:00 Караоке бойынша екінші қалалық „Поют все“ чемпионаты
18:00 Әзіл-сықақ кеші «Көңілді Астана»
19:00 «Астана – Арқау»
19:00 Көше би фестивалі «International street dance session in Astana»
20:00 DJ Fest
20:00 „Қайырлы кеш, Астана!“
20:00 Ертегі-шоуы „Снежный король 2“
21:00 «Көңілді Астана»
6 шілде
10:00 Қалалық саябқтар фестиваль „Astana park land“
10:00 Неон және прекциялық технологияларды пайдалана отырып 3D ойын-сауық интерактивті қала „Аркаим — город Солнца“
10:00 „Сәлем, Астана!“
10:00 Халықаралық суретшілер фестивалінің жабылуы
11:00 „Astana Art fest“
11:00 Автокараван «Астана-шаттык»
11:00 Балалар шығармашылық фестивалі „Шаттық“
11:00 „Астана аспаны“ жалындар фестивалі
11:00 «Тысячелетия вокруг Астаны» көшпелі оркениет фестивалінің ашылуы
11:00 „Астана Самалы“
11:00 Этнофестиваль „Қымызмұрындық“
12:00 Хореографиялық фестиваль „Биле Астана“
13:00 «Мастерство кулинаров – любимому городу»» аспаздық фестивалі
14:00 Караоке бойынша екінші қалалық «Поют все» чемпионаты
15:00 Ақындар айтысы
16:00 Международный фестиваль циркового искусства «Эхо Азии»
16:00 Мұз шоу «Снежный король»
16:30 «Серпер» халық оркестор аспаптары
18:00 «Астана – Арқау»
19:00 Қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерт "Ұлытау ұлы" (Музарт тобы, Төреғали Төреәлі, Тұрсынбек Қабатов)
19:00 Көше би фестивалі «International street dance session in Astana»
19:00 Мюзикл Broadway band
20:00 Ертегі-шоуы «Снежный король 2»
20:00 "Қайырлы кеш, Астана!"
21:00 Турецкий хоры қатысуымен өтетін Халықтық караоке
23:00 Мерекелік фейрверк
«Дәулет» ұлттық теннис орталығында екінші Халықаралық жауынгерлік өнер фестивалі өтеді. Шара барысында Қазақстан, Ресей, Қытай, Италия, Филиппин және Жапония мемлекеттерінің үздік жекпе-жек өкілдері бір аренада өз өнерлерін ортаға салады.
Фестиваль бағдарламасы бойынша көрермендер назарына 11 дисциплинадан көрнекі ұрыстар көрсетеді, соның ішінде джиу-джитсу, киокушинкай-кан каратэ, қоян-қолтық ұрыс, сумо, таэквандо, муай-тай (тайс боксы), вин-чун, қазақ күресі, бразилиялық джиу-джитсу, шаолинь-цюань, пекити-тирсия кали.
Биыл шараға аралас стильдегі кәсіпқой спортшы Хабиб Нурмагомедов, кәсіпқой ресейлік тайбоксер және кикбоксёр, тай боксынан Ресейдің Еңбек сіңірген спорт шебері Артем Левин сынды әйгілі тұлғалар қатысады. Өткен жылғы фестивальге қатысқан актер, кәсіпқой спортшы, жауынгерлік жекпе-жек бойынша әскери нұсқаушы Сергея Бадюк спорт сүйер қауым үшін тосын сый болмақ. Маңызды спорттық шарадан қазақстандық спортшылар да тыс қалмайды.
Сонымен қатар, 29 маусымда екінші Халықаралық жауынгерлік өнер фестивалінің қатысушылары Астана қаласының спорт мектептерінің шәкірттеріне арналған шеберлік дәрістерін өткізеді. Олар тай боксының ерекшеліктері мен артықшылықтарын іс жүзінде көрсетіп, жаңа бастап отырған спортшыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап береді.
Астанада Оқушылар сарайында жыл сайынғы IV «Аялаған Астана – 2016» республикалық конкурсы басталады, оған Қазақстанның өңірлерінен кастингтен өткен 7-13 жастағы 12 талантты бала қатысады. Конкурс 2 шілдеде сағат 13:00 «Қазақстан» телеарнасында тікелей эфирде өтеді. Жобаның бас продюсері Лина Арифулина бастаған қазылар алқасы балалар шығармашылығына өз бағасын беретін болады. Сонымен қатар, ұнаған қатысушыға оның тиісті номері бойынша СМС арқылы дауыс беруге болады.
Айта кетейік, балалар музыкалық ұжымның сүйемелдеуімен жанды дауыспен ән айтады.
Қатысушылар Астанаға келді және Қазақстан мен Ресейдің үздік педагогтарымен дайындалуда. Конкурсқа қатысушылардың бос уақыттары жоқ. Олар қаланың көрікті жерлерін аралап, «балапан» телеарнасының түрлі балаларға арналған шараларына қатысады.
«Аялаған Астана – 2016» конкурсының гран-при иегері белгілі «Артек» лагерінде өтетін «Балалар Жаңа толқыны — 2016» халықаралық байқауына қатысуға жолдама алады.
Аталған жобаны ұйымдастырушылар – Астана қаласының әкімдігі, «АРС» компаниясы (Ресей), «Қазақстан» РТРК және «Нұр Отан» партиясы.