Джеки Чан өзінің 100-ші фильмінің тұсауын кеспек


Жақында ғана оның өлімі жайлы Интернет біраз шулап еді, қытай жұлдызы, шүкір, аман-сау, тіпті өзі түскен 100-ші фильмінің тұсауын кеспекші екен, оның көбінде өзі басты рөлдерде ойнаған. Фильм 70-ке жуық танымал кино-жұлдыздардың басын қосып, «1911» деген атпен әлемге ұсынылады.

Әрі қарай

Қына. Қорғасын сақа.

Ауылдың баласы болсаңыз қынаны білетін шығарсыз. Білмесеңіз айтайын. Қына- таулы -тасты жерде өсетін өсімдік.Тастың беткі жағына қабыршық болып өсе береді. «Сөз бас жарады, қына тас жарады» деген сөз осының дәлелі іспетті.Жиып әкелген қынамызды суға қайнатып асық бояйтын кездеріміз қазір тәтті бір естелікке айналыпты.Қынадан қалған асықты әжелеріміз киіз басқанда бір бояп мәз болып қалушы едік. Ауылдың қарасирақтары (қазіргілерді бұлай атауымның өзі ерсі секілді)қына термек түгілі асықта ойнамайды бұл күні.

Әрі қарай

Балаңды берер ме едің?


Менің әкемнің анасы 28 жасында дүние салған. Тым жас кеткен соң, әрі өзім көрмеген соң әжем деп те жаза алмай отырмын. Сол 28 жасқа дейін 4 баланы дүниеге әкеліпті.
Тұңғышы — менің әкем. Қазақ салтына сәйкес, ол, әрине, әжесінің баласы болған. Екіншісін, қызын, бәлендей қатаң дәстүр болмаса да, нағашыларына беріпті. Үшіншісін туған бойда бала сүйе алмай жүрген қайнысына ырым қылып «сыйға тартыпты», ол баласы 5-6 жасқа жеткенде ауырып қайтыс болған. Келіннің салтқа беріктігі сондай, ұлы өлім алдында қиналып жатқанда, оның маңдайынан да сипамаған көрінеді.
Әрі қарай

КерекКонтент байқауына қатыс, қазақша контентке өз үлесіңді қос!



Gastarbaiter контент байқауын жасайық деген ұсыныс айтты. Сол идеямен КерекКонтент атты байқау жариялаудамын. Мақсат қазақша пайдалы контентті көбейту, КерекИнфода сапалы пост жазуды дамыту, бірігіп бір команда болып жұмыс істеп көру.

Байқау қалай өтеді?
Бірнеше тақырыпта материалдар дайындалады. Байқау бірнеше турдан тұрады. Әр тақырып өзінің тур күнінде жарияланады. Кейін барлығының жалпылай қортындысы шығарылып, үздіктер анықталады.

Тақырыптар қандай?
Әрі қарай

Сіз білмейсіз бе?

— Кения кофесінің түйіршіктерін кениялық зейнеткер кемпірлер өз қолдарымен іріктейді.
— Роллтон лапшалары ұзақ сақталуы үшін маймылдың іш майына батырылады.
— Діни жамағат құрамындағы жас жігіт жамағат құрамында емес жігітке қарағанда 2,65 есе жиі мастурбация жасайды.
— Темекіні сол қолмен шегетіндер оң қолмен шегетіндерге қарағанда көп өтірік айтады.
— Ерін далабына қосылатын бақа майы тек қана өзен бақаларынан алынады. Өйткені өзен бақалары ағыстың әсерінен көл бақаларына қарағанда таза болады.
— Шаштарын жиі боятатын әйелдерде менопауза ерте басталады.
— Кока Кола тұнбаларына текила өндірісінде қолданылатын Мексика жауынқұрттары қолданылады. Олардың денесіндегі ақуыз колаға ерекше дәм береді.
— Мастурбация еркектерде көздің нашар көруіне әкеліп соқтырса, керісінше қыздарда көз жақсы көре бастайды.
— Велоспорт қарауды ұнататын еркектер гомосексуализмге бейім келеді.
— Өкпе ракына темекі құмарлардан гөрі газетті көп оқитындар көбірек шалдығады. Газет беттеріндегі қорғасын денеге тері арқылы тез жетеді.
Әрі қарай