Eat-shit-sleep-work-internet

Осындай режимде жүрмін. Наурыздың 22 не дейін солай болатын сияқты. Айдалада кен орнында үздіксіз айлап істеген өмірдің бар қызығы сол екен.
Басқа жаңалығым жоқ. Қыздардың мейрамдары жақындап қалды. Әйелім елден ерек бірнәрсе сыйла деп мазамды алған емес, бірақ ұят боп жүр. Қатнишкама әбден қарыздар болдым.

Әкеміздің бір жылдық асын, соңғы саудасын аманшылықпен өткізіп алсақ, туған күнінен де, мереке -перекеден де құтылам ғой деп жүрмін өзімше.
Бас аман болса, Будда жеткерер.

Келе жатқан мейрамдарың құтты болсын қыздар!
Әрі қарай

Біз оқыған оқулық

Қазіргі оқушылардың қандай оқулықтар оқып жүргенінен хабарым жоқ. Біз кезінде Чапай болып Щорс болып ойнаған соңғы ұрпақ шығармыз бәлкім. Біздің «Ана тілі» кітабымызда Тоқаш Бокин, Ғани Мұратбаев, Әліби Жангелдин сынды қаһармандар жайлы әңгімелер болушы еді. Қазіргі оқушылар бұл кісілер жайлы біле ме екен?Әлде бұл кісілер оқулық тұрмақ тарихтан ысырылып тасталды ма екен? Мүмкін мен шатасып отырмын ба,үйлеріңізде мектепте оқитын оқушы балалар болса оқулықтарында бар ма екен қарай салыңыздаршы.
Әрі қарай

Испанияға баратындардың есіне!

Испанияға баратындар болса, Вилларибо әлде Виллабаджо кентіне соғып, әлгі жарнамадағы үлкен табақты жуып болып, мәз бов тұрған мал әкесстің тұмсығын бұзып келулеріңізді аяқтарыңызға жығыла отырып сұраймын. Неге?
Тәлібтің, әлеуметтік мал болғасын жерде бір қой жарнамаға сеніп қала береді екенсің, нақ! Бүгін Fairy алып, түнгі пирден қалған ыдыстарды жусам — майы кетпейд лібә! Соңғы кездері осы сауда белгісі тым нашарлап жүр әкесстің. Бір айға жетпейд нақ! Бұрын шошқаның майын табақтан сылып түсуші еді, қазір өзі майланып, жуған кезде ыдыстарды майлай түсетін болыпты! «Сөзім жоқ уж» ©Айко, нақтар кілең!!!
Әрі қарай

Бесік тойға бардым...

ОҒМ жазбалары: Бесік тойға бардым...Әріптесіміз баласының бесік тойына шақырған. Межелі уақытында сыйлыққа алған бесік-арба, әдемі костюм және шай сервизімізбен арқаланып кафеге бардық. Бір қызығы, сәбиге 40 күн толып қойғанына қарамастан, олар бұл тойды "қалжа" деп атап жүр. Білуімше, "қалжа" деген жас босанған әйелге әл жинауы үшін мал сойып, сорпасын ішкізу сияқты еді.
Ұнағаны, шара еш ішімдіксіз, қымызбен өткізілді. Сәбидің атын Ислам қойыпты, осыған байланысты діни тақырыпта викторина өткізіліп, сұраққа жауап бергендерге сыйлықтар таратылды. Оған қоса, қолымызға бір-бір «Ақ бата» атты кітапша ұстатылып, әркім тілегіне қосымша, баталар жинағынан шумақтар оқып отырды. Соңында өрнектелген әдемі қоржындар сөгіліп, жиналған қыз-келіншектерге шашу таратылды.
Үстіне бархат фрак киіп, мойнына бабочка таққан Ислам (щанем-ау, кіп-кішкене размерін қайдан тауып алған десеңші) бесік-арбада ештеңемен ісі болмай ұйықтап жатты)))
Әрі қарай

Патриоттық ән

ІБзде патриоттық әндер жетіспейді деп жатамыз көбіне. Әскердегі сарбаздарымыздың "Қызыл гүлім-айды" сапта орындап жүргендері де жалған емес." Алтын күн аспаны"-латушы еді, оны да Әнұран қылып жібердік. Төмендегі әнге пікір жаза отырыңыздар!
Досымжан Таңатаров пен «Аламан» тобы

Әрі қарай

Ой бөлісу: American History X

Киностан: Ой бөлісу: American History X
Жасағаң зұлымдығың тым қысқа ғұмырыңа татымайды

Әр түрлі ұлттардан құралған Америка үшін нацизмнің үлкен мәселе екенін білмеппін. Ұлтшылдық болғанда анау-мынау емес, кәдімгі нәсіл аралық қақтығыстар деңгейіне жеткенін біреу білсе, біреу білмес. "Американдық оқиға Х" фильмі осы жайында.
Әрі қарай

Универсиадада 1 алтынымыз бар



Бәріміз Азиада деп жүргенде Түркияның Эрзурум қаласында болып жатқан Универсиада көпшілік назарынан тыс қалған сияқты.
Қазақстан әзірше 1 алтын, 4 қола медальмен жалпы есепте 13-ші орында келе жатыр. Алтын медальды Фристайлдан Дария Рыбалова алыпты.
Универсиада 6 ақпанға дейін жалғасады.
Ресми сайты: http://www.universiadeerzurum.org/english
Әрі қарай