Ledi Gaga - шатыры кеткен қатын!


Мынау өзбектің рэпірлері Шахрух пен Сәруардың «Give it up!» деген әшуләсі вә клипі.
Жаңа көріп/тыңдап отқам, 1:48 минутында бір гәпқа елең ете қалдым, клипті артқа қайтарып тыңдасам, Сәруар балақай пресс-конфиде журьелердің сұрақтарына жауап беріп, рэп арасында «Lady Gaga — шатыры кеткен қатын. Гуси, гуси. Гага, гага» деп әлгі ледидің масқарасын шығарып тыстады.
Әрі қарай

Ғаламдық риск рейтингіндегі кибер шабуыл 4-ші орында



Кестеде көрсетілгендей, 2012 жылға деп берілген шкала бойынша, желілік қауіп 4-ші орында тұр:
1) кіріс мөлшерінің тұрақсыздығы 2) бюджеттердің дефициті 3) көмірқышқыл газының бөлінуі 4) кибер шабуылдар 5) ауыз су тапшылығы

Дереккөз: осында
Әрі қарай

Жезекше және "Үнсіз жүрек"

Қайрат Нұртас орындап жүрген "Үнсіз жүрек" немесе "Үнсіз махаббат" әнінің алғашқы нұсқасын тауып алдым инет беттерін шарлап жүріп. Марқұм Ержан Серікбаев ағамыздың орындауында, сөзі мен әні де сол кісінікі деп ойлаймын. Салыстыра отырыңыздар:


Әрі қарай

Youtube интерфейсін жаңалады



Youtube жаңарды. Енді видео іздеу оңайырақ. Жазылған каналдағы видеолар да оңай көрінеді. Сондай-ақ Google+ пен Facebook аккаунттарыңызды байлап қойсаңыз, сол желілерде достарыңыз бөліскен видеоларды да көре аласыз.
Әрі қарай

Көк шаңғы мен көк шана

Коньки туралы жазба балалық шағыма саяхатқа тағы бір жіберіп алды мені. Әйтеуір бір туған күніме аудан орталығында жұмыс істейтін әкемнің інісі шаңғы алып кеп берді.Әлі есімде, бас жағында аққаланың суреті бар болатын. Кішкене ғана шаңғы.Кішкене таяқшалары бар. Сол шаңғыны 7-ші класқа дейін тепкен болармын. Теледидардан көргенімді істемек болып, төбешіктің орта тұсына фанерді бір шетін көтеріңкіреп қойып қоятынмын. Әлгінің бетін қар басқанда кәдімгідей секіріп қызықтаушы едім. Көрші Ербол атты бала екеуміз тауға да шығатынбыз шаңғыларымызды сүйретіп.Талтаңдап шығып, жүйіткіп түсуші едік.Шаңғымен жүгіру, анау-мынау жүрістерін меңгеру дегенді ешкім үйретпепті, солай білмей кеттік қой.
көк шанам болып еді. Жаны берік өзінің.Үстіне екі «фләк» қойып алып су да тасимын. Таудан да сырғанаймыз. Ақыры бір күні бұты талтайып кетті.Сырғанасаң бір жағына қарай қисая беруші еді.
Суретке сілтеме
Әрі қарай

Еске түскен мультфилм

Баяғыда шамалы болса да қазақша мультфилмдерді беріп тұрушы еді көк жәшіктен. Есімде мына бір мультфилім қалып қойыпты. Бір шалдың неше ұлы болатынын білмедім. Әйтеуір бір ұлына ашуланған шал басың ауған жаққа кет деп етігін лақтыра ма әлде қолын сілтей ме әйтеуір сондай бірдеңе болады. Содан Бекболат атты әлгі кейіпкер әкесі нұсқаған жаққа тартып отырады. Жолай түрлі оқиғаларға кезігуші еді.сондай қызығушылықпен көрілетін мультик еді дә. Соны тауып алып ауылдағы іні-қарындастарыма көрсетсем деп едім…
Әрі қарай