Диагноз

Бір кісі ойнап-күліп жүріп, денсаулығына шағым айтпастан ана дүниеге кете барыпты. Көз шырымын алып алмақ болған, содан оянбай кете барған. Мәйітті дәрігер келіп тексеріпті. Марқұмның бала-шағасына мемлекеттен көмек көрсету үшін тексертпесе болмайды. Содан еш аурудың белгісін таба алмапты. Әйелінен " соңғы кезде денсаулығы бойынша шағым айтып жүр ме еді?" деп сұрапты. Анау «Жоқ» деген. Сондағы дәрігердің қойған диагнозы, заключениесі «Аңдамай сөйлеген, сондықтан да ауырмай өлген» болыпты
Әрі қарай

Хан,сурет һәм суретші

Баяғы бір заманда Қарахан атты хан болыпты. ағын ғана мемлекетті басқарып отырсада өз маңайындағы басқа елдерді шошытып, ара-тұра шабуылдар жасап ықтырып алады екен. күндердің күнінде бір патшаның қызы Қараханнан өз суретін беріп жіберуді өтініпті. Хан өз еліндегі суретші атаулының бәрін жинапты. Қарахан оң жақ қолы кеміс, бетінде ақтаңдақ дақтары бар жәнеде ақсақ адам екен(соғысып жүріп жаралады ма,әлде туайы солай ма білмеймін.Әйтеуір екінші топтағы мүгедек болған ғой). Кімде-кім суретін өзі ойлағандай салып берер болса соған ат басындай алтын беретінін жариялапты. Суретші біткен ханның суретін салуға кірісіпті. Жарқыратып, асқақтатып, айбынын асырып, кемдігін жасырып салған суретшілерді де, өз кейіпі қалай болса суретке де солай салған суретшілерді де жазалапты.Бірін асыпты, енді бірін ат құйрығына байлап сүйретіп өлтіртіпті. Ханың ауласы қан сасыпты. Не керек елде суретші қалмады-ау деген шақта «Мен салып беремін» деп он үш-он төрт жасар түбіт мұрт бозбала келіпті. Мұны естіген ел-жұрт "Өледі-ау байғұс бала"-дан басқа түк айтпапты. Содан бала суретін салуға кірісіпті. Бір сағат салды ма, бір күн салдыма,әлде бір апта ма нақты дерек жоқ (анығы ешқандай фотошоп пайдаланбағаны). «Суретіңіз дайын, хан ием!». Қарахан бала салған суретті қолына алып, бір бозарып, бір қызарып қарапты. Арғымаққа мінген ханның қыстың көзі қырауда аңға шыққаны бейнеленіпті. Оң қолының кемісін садақ тартып тұрғанымен білдірмей жіберіпті. Кемсітті деуге де келмес. Бетіндегі ақтаңдақтарды жапалақтап жауған қармен жасырыпты (қар бетке жабысады ғой енді). Атта отырғандықтан сол аяғының қысқалығы да білінбей кетіпті. еш әсірелеу де, кемсіту де жоқ. сөйтіп Қарахан өнерлі өренге ат басындай алтынын беріп шығарып салыпты. Қызын бермепті. Соған қарағанда үйленбей жүріп қалған ханға ұқсайды.

ПыСЫ: Аңыздың желісі ақын Жұматай Жақыпбаевтың «Хан суреті» атты өлеңінен алынды. Өлеңнің сөңында бұл аңызды оқысаң, басқаларға айта жүр делінген екен. Ақынның басқа өлеңдерін оқып жүргеніммен, мына өлеңін оқымаппын.
Әрі қарай

Не деген Қызықстан!

қазақтардың фэнтези жанрындағы телеканалы

© @Jacqabaies_Chirac


Баяғыда әлеуметтік желілер, мессенджерлер жоқ кезде қызық жаңалық, приколдарды пошталарымызға жіберуші едік. Қызық еді. Күлуші едік. Шынымен күлуші едік. Тіке мағынасында. Қазір де бөлісеміз қызық ақпараттармен. Бірақ, қарасам қазір бұрынғыдай емес приколдар. Шын болып жатқан оқиғалар, жаңалықтарға күлеміз. Яғни абсурдтарға! Күлеміз. Ызадан. Топастықтан. Кім топас? Кім ақымақ? Жариялаушы ма? Оқушы халық па? Қажыдым анассгин…
Әрі қарай

Пойыздың шопыршысы...

Барлық қазақ ауылдарының үстінен темір жол өтпейтіні белгілі. Бірақта көп аудандарда темір жолдардың бары рас. Біздің Қарағанды облысының кей аудандарында темір жол жоқ.Сол себепті ауылдардың балалары пойызға әскерге кетіп бара жатып бірінші рет мініп жатады(Разъездердің баладары мектепке пойызбен баратынын айтпай-ақ қояйын). Мектептен кейін оқуға түскендері «общий» вагондар арқылы пойыздың не екенін біліп алады. Не оқуға түспеген, не басқа жаққа пойызбен қыдырып бармаған бір ағамыз (1975-ші жылғы) өзін әскерге шығарып сап тұрған жігіттерге :«Жігіттер, пойыздың шопыршысы қай жерінде отырады, жолда дәрет қысса...» десе керек…
Әрі қарай

Шәмші ұнатқан дүнген қызы ...

Талас өзенінің жағасында Дүнген қызына ғашық жүректен туындаған әнге бүгін назарым ерекше болды. Көп есітіп жүрген болсам да әннің шығу тарихы қызықтырды. Білетіндер әңгімелеп берсе нұр үстіне нұр болар еді…
Әрі қарай

Іріп-шіріп бара жатқан капитализм -1. Дәс-дәс, Kapital !

"Қоғам болып көрмек ой болып еді бізде..." © Тоныжасыл, Херарық қорғанынан таыблған көне бұтақтағы жазбалардан.

Бір қатын айтад та нақ. Назарбаударып оқыңдар. Очм со қатын былай дейд:
«Банкте оператормын. Ма*мааа, кейде картасының нөмірін ұмытып қалған клиенттер телефонмен
Әрі қарай

Шұғыла - Стивен Кингтің үрейлі экранизациясы

Фильмнің 1980 жылдары түсірілгенін ескерсек,«тіптен жаман емес» деген баға беремін. Стэнли Кубриктің «The Shining» (Шұғыла) триллері көруге тұрарлық, айтуға тұрарлық дүние екеніне көз жеткіздім. Ең үрейлі фильмдердің түрлі чарттарында бұл өзі алдыңғы қатардан көрініп жүр.

Әрі қарай

Әлем хуйлықтарының хертегілері: Үнді хуйлық хертегісі

Шалқарабад ғибадатханасында 4 соқыр кәрі ғұлама соматиге түсіп, нирвана сүріпТ. Бірінің аты Қотаджи болыпты, екіншісі Бұтаджи, үшіншісі Тасаджи, төртіншісі Әбдрәзақ бопты (ол не ғып жүр дешиш, мал әкеңңң).

Варкрафттың 62 деңгейін детсатта өтіп
Әрі қарай