СӨС-ті дамытамыз деп жүрміз...

Cалауатты өмір салтын қалыптастыру — елбасымыздың басты назарға қойған мәселелерінің бірегейі. Осы орайда түрлі бағдарламалар қабылданып, жыл сайынғы жолдауда да қадап тұрып айтылатыны белгілі. Осы шара төңірегінде түрлі жұмыстардың атқарылып жатқаны да рас. Бірақ көңілді көншітпейтіні — тасбақаның жүрісіндей баяулық. Жақында Оралға бір жұмыстарыммен барып келе жатқанымда пойызда спортшылармен, күреспен шұғылданатын жасөспірімдер мен олардың жаттықтырушыларымен жолымыз бір болып, екі күндік жолды әзілдеп, түрлі тақырыпта әңгіме өрбіткенбіз. Ұққаным: спортшылардың өмірі қызық та қиын екен. Мектеп жасындағы жас балалардың күрестің әр түріне соншалық құмартып, ынтығатындығын көріп қатты қуандым. Түрлі байқауларға қатысып республикаға танылып жүрген балалар екен. Менің есте сақтау қабілетім нашар ма білмедім, толық аты-жөндері есімде қалмапты. Айтайын дегенім, сөз арасында жаттықтырушының айтқандары олар межелі жерден түсіп қалғаннан кейін біраз уақыт жадымнан кетпеді. Не айтты деп ойлап отырған боларсыз, күнделікті естіп жүрген қарапайым мәселе, бірақ адамға түрлі ой салады екен… Сонымен жаттықтырушының жанында 16 жасар орыс баласы болған, әкесі ішімдікке салынған, анасы екінші рет тұрмысқа шыққан. «Спортқа деген талабы зор балалар кішкентай ауылымызда өте көп, солардың бірі — осы бала»- деді. -Бұрын жаман жолға түскен баланың арасында жүрген жерінен арашалап, балаларды спортқа алып келгем, осылай ара-тұра жарысқа шығарып тұрамын, ел-жер көріп, додаға түсіп шыңдалсын деген ниетім еді,- деп сөзін жалғады. Бес уақыт намазын қаза қылмаған адамның иманжүзді келбетінен шын жанашырлық танытқандығы айқын көрініп тұрды. Шағын кабинетті мектеп ішінен арнайы күреспен шұғылданатын орынға айналдырған қарапайым мұғалімнің жалғыз назы — бізге жарыс, түрлі турнирлер туралы хабардың кеш жетуі екендігін айтты. Шалғайдағы ауылдан ат терлетіп жеткенше уақыты өтіп кететіндігін немесе өз қаражатымызбен баруға тура келетіндігін жеткізді. СӨС-ті дамытып, өрлетеміз деп жүрген жоғарыдағы ағайынға спортқа құмар ауыл жастарының үні әлі де жетпей жатқаны жолаушылап жүріп кездейсоқ жолыққан мені де алаңдатпай қоймады. Біраз сырласқан «вагондастарым» пойыздан түсіп кеткеннен кейін де көп ойландым. Дені сау халық боламыз десек, бұғанасын спортпен қатайтқысы келетін балдырғандарды, алыс ауылдардағы қаракөздерімізді қолдаудан бастайық! Естелікке сыйлаған мына бір дүниенің суретін жіберуді жөн көрдім.Керек тілші: СӨС-ті дамытамыз деп жүрміз...
Әрі қарай

Садақа. Риясыз көмек дилеммасы

Сана мен сезім: Садақа. Риясыз көмек дилеммасы

Садақа беру — көп діндерде ерікті түрде көмек көрсетуді білдіреді. Дарвинизм тұрғысында, адамдардың қиын-қыстауда бір-біріне көмек қолын созуы — бізді жер бетінен жойылып кетуден құтқаратын әлеуметтік қорғаныс инстинкті.
Садақа беруді өзім рефлекс деңгейінде жүзеге асуы тиіс әрекет санайтынмын. Тек, көшедегі қайыр тілегендердің ұйымдасқан мафия екенін, ал интернеттегі қайырымдылық шарасына сеніп, шұғыл жіберген садақаң кезекті алаяқтың қалтасына кеткенін білгенде, ішің «суиды». Әділ де болғың келеді, шын мұқтаждың жан айқайына үнсіз де қалғың келмейді. Күмәншіл адамның садақаны жүрегіне емес, ақылына жүгініп беруі не бермеуі қаншалықты орынды? Адамның шын ниетін анықтауда айып бар ма?
Әрі қарай

Ән тыңдайық

Шахаризат Сейдахметтің жаңа бейнебаяны сәтті шыққан деп ойлаймын.


«Меломен» тобы мен Алтынбек Қоразбаевтың орындауындағы "Әке мен бала" әні


Гүлнұр Оразымбетов пен «Азия» тобының орындауындағы «Мереке» әні
Әрі қарай

Бесқарагер

Әбіләкімнің  ауылы: БесқарагерӘн тақырыбында тыңнан түрен салу қиынының қиыны. «Ән» сөзін түрліше ойнатып, жапырақ сыбдырынан да, боранның уілінен де ән тауып, әңгімеге арқау етуге болады. Дегенмен, табиғатыма жақын дәстүрлі ән төңірегінде әңгіме қозғауды жөн санадым.
Ән… Ән жайлы таңды-таңға ұрып әңгіме айта беруге болады. Әрине, егер айтушысын, орындаушысын таба алсаңыз. «Әннің де естісі бар, есері бар» дегендей, есті әндердің орындаушысы айтқан әңгімеден де, орындаған әнінен де ләззат ала аласыз.
Кезінде халық композиторларының әндері ел ішінде керемет танымалдыққа ие болып, ауыздан-ауызға көшіп, бүгінгі бізге келіп жетті. Әлемді таңқалдырамыз десек ұлттық бағыттағы өнерімізбен ғана таңқалдыра алатын шығармыз. Сөзімізге дәлел ретінде Әміре Қашаубаевтың Парижде ән шырқап, қазақ халқының әнін әлемге паш еткенін айта аламыз. Стөлді жағалай отырған он адамнның барлығы Әміренің Париж сахнасында ән салғанын білуі мүмкін. Сол онның ішінен бір адам Әміренің қандай әндерді орындағанын білсе мен ол адамның алдында бас киімімді шешер едім. Иә, Әміре Парижде бірнеше әндерді орындады. «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қос балапан», тағы басқа әндерді орындап екінші орын алып, күміс медаль иемденеді. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикль» журналы Әміре Қашаубаевтың сирек кездесетін талант екенін жазса, Сарбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған. Осылайша Әміре Қашаубаев шет елде өнер көрсетіп қазақ елін танытқан тұңғыш әнші болды.» — деп жазыпты Қазақпарат (Кейінірек жазған ғой. Ол кезде «ҚазАқпарат» болмаған).
Міне, осы жерде аты аталмаған, көпшілік біле бермейтін бір-екі ән бар. Соның бірі «Бесқарагер» әні. Қарағанды облысы аумағында жеке концертін беріп жүрген республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, президент стипендиясының иегері, әнші Ерлан Құжиманов ағамыздан осынау әнді орындап беруін өтінген едім. Тамашалап, бағасын беріңіздер.

Бонус
-Ереке, бір отырғанда қанша ән айтып тастай аласыз?
-Қазір 15-17 ән айтып жүрмін. Жеке концерттерімде көбіне осы шамадағы әндерді орындаймын. Халық жалықпасын деп арасына бірер әнші-күйшіні қосып қоятын болып жүрміз ғой қазіргі күні. Жасырақ кезімізде, отырыстарда қызды-қыздымен 3 жарым сағаттай ән орындаған кездеріміз болды.
-«Ән айтыс» деген болған екен кезінде. Сол жайлы бір айтып өтсеңіз.
-1921 жылдары «Ес-Аймақ» деген ағартушылық ұйым құрылған екен. Бұған біраз әншілер де мүше болса керекті. Нақты қай жерде екені есіме түспей тұр. Әйтеуір осы клуб аясында Манарбек Ержанов пен Жүсіпбек Елебеков айтысыпты деседі. Әрқайсысы 100 ән шамасында орындаған деп жатады. Бұл дегеніңіз 4 сағаттан артық ән орындау деген сөз.
Әрі қарай

Жедім.kz

Менде бір керемет сюжет емес, сайт идеясы бар…

Бұл идеяны қазіргі интернет қолданушыларының өздері беріп отыр. Олардың орналастырған контенттеріне қарап сондай тұжырымға келіп отырмын.

Жедім.kz — тамақ суреттері, тамақ жеу видеолары, тамақтану гифкалары, қалай тамақ жегендері туралы хикаялар…

Сайт категориялары мынадай болар еді: Қазақша тамақтар, Азия, Еуропа, Латин, Тин, Араб, Жапон, Топтық тамақтану, Қарттармен тамақтану, Қырттармен тамақтану, Жігіт жігітпен, Қыз қызбен.

Видео бөлімінде Лайв камералар да болар еді. Видеосыз да тез ләззат алғысы келетіндерге гифкалар. Ал әдебиетсүйерлерге тамақты кіммен, қалай ішкендері туралы әңгімелер.

Жасаймыз ба? Идея қоса отырыңыздар.

Менде бір керемет сюжет бар...: Жедім.kz

Менде бір керемет сюжет бар...: Жедім.kz

Менде бір керемет сюжет бар...: Жедім.kz

Менде бір керемет сюжет бар...: Жедім.kz
Әрі қарай

Ескендір Литвиновски. "Қастандық теориясы"

Хард-әдебиетімізде өзінің өлімі туралы бірінші жақтан жаза беретін хайуандар бар. Оларды қисын тікпейд. Ал: «Адам өліп қалғаннан кейін өзі туралы қалай жазад?» дейтін оқырмандар — олардың жаназығы деуге де болады. Олай деген оқырмандардың фотоларын әлеуметтік желілерден көшіріп алып, принтерден басып шығарып, бетіне бітіру — өзінің тұзы таусылған сәтін суреттеушілердің әлде хоббиі, бәлкім ауруы. Солардың бірі — Ескендір. Спам жәшігін тазартып жатқанда табылған, осыдан екі жыл бұрын жіберілген мынабір қуындысын жариялауды жүн көріп отырмыз. Шешесстің.



Ескендір Литвиновски. "Қастандық теориясы"
Әрі қарай

Чемпиондар Лигасы: нағыз тартыстар енді басталады

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы: нағыз тартыстар енді басталады

Қазақ қоғамының Рубин Гуды саналған Алдар Көсенің туған күнімен қатар тағы бір ерекше мейрам келіп жетті. Бұл араға аз уақыт сала отырып, сарғайта күттірген Чемпиондар Лигасының алғашқы ширек финал ойындары болып оытр. Әрине бұл біздер үшін, яғни футболсүйер қауым үшін, соның ішінде кейбір адамдар түсіне алмайтын жанкүйер деп аталатын қоғамның ерекше тобы үшін айтулы мереке. Бұл Чемпиондар Лигасының ширекфиналы, бұл дегеніміз финалға дейін бар-жоғы екі қадамның алғашқы баспалдағы, бұл жерде қателесуге жол жоқ, бұл жерде тек мықтылар мен іріктелген таңдаулылар ойнайды, бұл ұйқысыз түндер, бұл бар эмоцияңды сыртқа шығаруға(әрине жанкүйерлер үшін) мүмкіндік, бұл, бұл… тізе берсек өте көп. Бұл жердегі матчтар бұрынғыдан әлде қайда өзгеше, тартысы басқаша болатынын командаларға қарап ұға беруге болатын секілді, сонымен бізді екі күн бойы көгілдір экран алдында телміртетін қай командалар екен:
Әрі қарай

"Еркінмін" деп айта аласызба?!

Ақпарат тарату арқылы бұқараның санасына әсер ету процесінің басталғанына бірнеше жүзжылдықтар өтті. Ол сонау алғашқы болып шыққан газеттерден бастау алып, одан кейін радио, теледидар көмегімен іске асырылса, 21 ғасырда ғаламтордың ғаламат күшін сезіндік.
Қазір басым топ өкілдері бұқара халықты өз қалауына қамшылап, арбауына айдап отыр. Стереотиптер салу арқылы адамдарды алдап қана қоймай, құлша құрдымға қуып, организмді ғана емес, сананы улауда. Дегенін істетіп, қарапайым халықты аузына қаратып отыр. Және бұның бәрі күш қолдану емес, адамның ойлау жүйесіне әсер ету арқылы жүзеге асырылуда. Ал адамның ойлау жүйесіне әсер ету бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен(газет, теледидар, интернет жүйесі, әлеуметтік желілер) істелуде.
Адам өз таңдауын жасаудан қалған сияқты. Мысалы, киім таңдауды алайық. Киімді әрине қай кездегідей сән үлгісіне («мода») қарап алады. Ал, сол моданың мода екенін кім шешеді?! Сол брендтің иесі немесе жарнамашылар. Біздің таңдауымызды әлде әр сезонға «моданы» анықтап, таңдап беретін соларғой. Олар өздеріне ұнағанын не қалағанын «мода» десе болды сол киім үлгісі әлемге тарайды. Айнала бәрі киіп жүргеннен кейін біз де сол жақсы екен деп сатып алып, киюге ынтызар боламыз. БАҚ-нан күнде жарнамалап жатқаннан кейін біздің миымызға, санамызға орнығып алатыны соншалық біздің таңдауымыз соған тартады да тұрады.
Менің мамандығым — PR (Public relations) Қазақша қоғаммен байланыс. Қысқаша мазмұндайтын болсақ: PR — бұл бұқараның санасын бұғаулап бағындыру. Яғни, қарапайым халықтың санасын, ойын басқару, сол арқылы ыңғайлы іс-әрекеттерге итермелеп, қалаулы таңдаулар жасату. Бұл жаңағы айтқан тауар таңдауға да қолданылады. Манипуляциялау деуге де болады. Таңдау туралы тағы бірер мысал келтірсек, ыдыс жуу керек болғанда не керек? ойыңызға алғаш келетіні — FAIRY. түгелдей болмаса да көпшілігі солай. Санамызға құйып тастағаны соншалық басқа жуғыш заттардың бар екені, олардың сапасы fairy ден артық болуы мүмкін екені ойымызға кіріп те шықпайды. Жаңа жыл жақындаса ойға тағы да бірінші келетіні «Соса соla» сусыны ия?
Жарайды, тауардан алшақтайық. Теледидардан көретін, интернеттен оқитын жаңалықтарға келсек. Қандай жаңалық көрсек соны рас деп есептейміз. Әрине, өтірік дей алмаймын. Бірақ жалпы осы «шынайы» мен «шынайы емес» дегенді кім қалай түсінеді?(«реально», «не реально») иә, сіздердің араларыңызда мен интернеттен көрген барлық жаңалыққа бірден сене кетпеймін, бірінші оқимын, содан кейін ойланып, анализ жасаймын дейтіндер кездесуі мүмкін. БІрақ сол анализді жасау үшін де салыстыратын ақпарат керек яғни екінші ақпарат көзі. Оның рас екеніне кім кепіл? Бұл жағдай тек интернеттегі ақпаратқа емес, жалпы бұқаралық ақпарат құралдарының бәріне байланысты.
Бір PR маманы лекциясында мынадай ой айтқан болатын: «Мен, ЕШҚАШАН, ЕШКІМГЕ 100%-ға сенбеймін! Маған Панама мойнағы Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американың арасын бөліп тұр десе сенбеймін. Фотодан. бейнероликтен көрсетсе 90% сенермін, ал, панама мойнағымен өткізіп, көзбен көрсетсе 99,9% сенермін. Бірақ көзбен көргенге де 100% сенбеймін. Себебі, көз де кей кезде алдамшы.» Бұл сөздерден кейін «Секрет» документалды фильміндегі «көзбен көрген шынайы емес, адамның ойындағы нәрсе шынайы» деген ой келді.
Адам басқалардан ерекше ойлағанның өзінде ойлау жүйесі — қоршаған ортасының, бұқаралық ақпарат құралдарының сол адамның ойына, санасына салып қойған стереотиптерінен, былайша айтқанда «шекарасынан» немесе санаға салған «шеңберінен» шыға алмайтындай.
Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен ғасырлар бойы адамдарды алдау туралы ойымның соңғы жағында ең толғандыратын нәрсе туралы жазғым келді. Ол адамзат тарихында ашылған ең ірі жаңалықтардың бірі АЙҒА ЕҢ АЛҒАШ ҚОНҒАН НАСАНЫҢ (АҚШ) қонуы. Алдауы мүмкін деген күдіктердің ең ірісі осы, біртүрлі көрінсе де)
«Иллюминаттар» деген сөз таныс шығар. Құпия символдардың шешімін іздеп табушыларды осылай атайды. Иллюминаттардың зерттеулеріне көңіл аударсақ НАСА-ның алғашқы айға қонуын жоққа шығарады. Сонда НАСА бүкіл адамзатты алдағаны ма? Бір қызығы менің бұлай ойлауыма әсер еткен ақпараттар да интернеттен алынған бұл менің ойым ғана.
Сонымен не шынайы? не шынайы емес?! осыған дейін айдан анық болып көрінген, көзбен көргеніміз, құлақпен естігеніміздің бәрі өтірік шығар? Бізді алдаған шығар деген ой тек мені ғана алаңдатады дегенге сенбеймін. Бұның бәрі менің ойларым және ойландыратын нәрселерді мысалға келтірсек өте көп. Сіздер қалай ойлайсыздар?!Сана мен сезім: Еркінмін деп айта аласызба?!Сана мен сезім: Еркінмін деп айта аласызба?!Сана мен сезім: Еркінмін деп айта аласызба?!
Әрі қарай