Бесқарагер

Әбіләкімнің  ауылы: БесқарагерӘн тақырыбында тыңнан түрен салу қиынының қиыны. «Ән» сөзін түрліше ойнатып, жапырақ сыбдырынан да, боранның уілінен де ән тауып, әңгімеге арқау етуге болады. Дегенмен, табиғатыма жақын дәстүрлі ән төңірегінде әңгіме қозғауды жөн санадым.
Ән… Ән жайлы таңды-таңға ұрып әңгіме айта беруге болады. Әрине, егер айтушысын, орындаушысын таба алсаңыз. «Әннің де естісі бар, есері бар» дегендей, есті әндердің орындаушысы айтқан әңгімеден де, орындаған әнінен де ләззат ала аласыз.
Кезінде халық композиторларының әндері ел ішінде керемет танымалдыққа ие болып, ауыздан-ауызға көшіп, бүгінгі бізге келіп жетті. Әлемді таңқалдырамыз десек ұлттық бағыттағы өнерімізбен ғана таңқалдыра алатын шығармыз. Сөзімізге дәлел ретінде Әміре Қашаубаевтың Парижде ән шырқап, қазақ халқының әнін әлемге паш еткенін айта аламыз. Стөлді жағалай отырған он адамнның барлығы Әміренің Париж сахнасында ән салғанын білуі мүмкін. Сол онның ішінен бір адам Әміренің қандай әндерді орындағанын білсе мен ол адамның алдында бас киімімді шешер едім. Иә, Әміре Парижде бірнеше әндерді орындады. «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қос балапан», тағы басқа әндерді орындап екінші орын алып, күміс медаль иемденеді. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикль» журналы Әміре Қашаубаевтың сирек кездесетін талант екенін жазса, Сарбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған. Осылайша Әміре Қашаубаев шет елде өнер көрсетіп қазақ елін танытқан тұңғыш әнші болды.» — деп жазыпты Қазақпарат (Кейінірек жазған ғой. Ол кезде «ҚазАқпарат» болмаған).
Міне, осы жерде аты аталмаған, көпшілік біле бермейтін бір-екі ән бар. Соның бірі «Бесқарагер» әні. Қарағанды облысы аумағында жеке концертін беріп жүрген республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, президент стипендиясының иегері, әнші Ерлан Құжиманов ағамыздан осынау әнді орындап беруін өтінген едім. Тамашалап, бағасын беріңіздер.

Бонус
-Ереке, бір отырғанда қанша ән айтып тастай аласыз?
-Қазір 15-17 ән айтып жүрмін. Жеке концерттерімде көбіне осы шамадағы әндерді орындаймын. Халық жалықпасын деп арасына бірер әнші-күйшіні қосып қоятын болып жүрміз ғой қазіргі күні. Жасырақ кезімізде, отырыстарда қызды-қыздымен 3 жарым сағаттай ән орындаған кездеріміз болды.
-«Ән айтыс» деген болған екен кезінде. Сол жайлы бір айтып өтсеңіз.
-1921 жылдары «Ес-Аймақ» деген ағартушылық ұйым құрылған екен. Бұған біраз әншілер де мүше болса керекті. Нақты қай жерде екені есіме түспей тұр. Әйтеуір осы клуб аясында Манарбек Ержанов пен Жүсіпбек Елебеков айтысыпты деседі. Әрқайсысы 100 ән шамасында орындаған деп жатады. Бұл дегеніңіз 4 сағаттан артық ән орындау деген сөз.
Бөлісу:

5 пікір

zholantai
кескінді кісі екен
zholantai
инет жылдамдық нашар болып, видеоны дұрыс көре алмай отырм, үш ішекті домбыра туралы біраз ақпар: оның ерекшелігі, дыбыс шығаруы, және тағы басқа айырмасы туралы білгім келген еді, жазылмапты ғо, видеода айтылады ма?
Abilakim
Видеода ақпарат бар. сондықтан жазбадым. Жазбауыма тағы бір себеп, ол ақпаратым музыка аспабы жайлы ақпарат болып кетер еді. Бонус қостым айтқандай))))
patick
Қазақтың бұрынғы әндерін тыңдасаң денең шымырлап кетеді. Неткен музыка, неткен иірімдер, неткен сөздер!!!
ken
Шертер деген аспап осы ма?