ЗD принтер
Испанияның (blablablab) компаниясы туристерге арнап жаңа ұсыныс түрін ойлап тауыпты – тапсырыс берушінің 3D көшірмесінің миниатурасын жасау:
Әрі қарай
Әңгіменің ашығы...
Жер домалақ, монитор төртбұрышты деген осы екен. Мына әлемнен тура өз ауылдасымды табамын деп кім ойлаған! Қарағанды емес, Майқұдық емес өзіміздің Жаңаарқаның адамы! Ол ауылдасым -a63a1 екен! Общым, мен ол үшін тұрам! Оған минус қойғандарың маған минус қойғандарың, маған плюс қойғандарың маған плюс қойғандарың… Не боп кетті өзі. Негізі ол менсіз де жүре алады да. Жәй, қолтыққағыс құлаққағыс қылып жатырмын да))))
Әрі қарай
Флешка - диктофон
Назарларыңызға аты тым ұзақ «2GB Flash Drive Memory Spy Audio Digital Voice Sound Recorder» цифлік флешка диктофонды ұсынбақпын. Бұл флекшканың ішінде шпиондық цифрлік диктофон бар. Гаджеттің 2Гб жадысы бар, бұл тек аудиожазуға ғана емес құжаттар сақтауыңызға болатын ыңғайлы құрал.Бағасы $19.99 екен. Стол үстінде жатып 5 метлік аумақтағы дыбыстарды сапалы жаза алады. Барлық дыбыстық файлдар WAV форматында жазылады. Ішкі жадының көлемі 4,5 сағаттық әңгімені сыйғыза алады. Жалғыз айыбы оның ішкі 120mAH Li аккумуляторы 1,5 сағатқа ғана жетеді екен.
...келе жатыр...
Алдымызда ғарышкерлер күні келе жатыр. Біздің ғарышкерлеріміздің де ғарыш саламыздың да оңып жатпағаны белгілі. Бірақ, тойшыл қазақ осы күнге орай мерекелік шара өткізбесе ішкен асы бойына сіңбейді. Бәрі дұрыс қой. Айтатын әндерге келсек… дені орыс тілінде. Гагариннан бастап әйтеуір Олжастың «Адамға табын жер ендісімен» аяқтап жатамыз. Менің өтінішім, ғарыш жайлы, ғарышкерлер жайлы қазақша әндер бар ма? Саят Қамшыгердің сөзіне жазылған балаларға арналған " Мен ғарышкер боламын" атты ән бар деп естідім. Бар болса бөлісе отырсаңыздар.
Әрі қарай
Қазақстан ЖІӨ-нің қазіргі қауқары...
Қытай осыдан бірнеше күн бұрын өзінің ЖІӨ-ін (ВВП) 23 провинция, 5 өзін-өзі басқаратын өлке, тікелей орталықтан басқарылатын 4 ірі қала және 2 арнайы әкімшілік аймақтары ( Гонкгонг, Аомынь) бойынша жіктеп, оларды әлемнің басқа мемлекеттерінің бір жылдық ЖІӨ-мен салыстырып көрсетті. Бұл салыстырмалы көрсеткіштерді Англия экономистері де келтірген екен. Қазақстанның ЖІӨ Қытайдың қай аймағының ЖІӨ-мен пара-пар келетінін төмендегі кескіннен көре аласыздар. Аударманы қажет етпейтін бұл кескіндер тізбегі сондай-ақ ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көрсеткішімен жалғаса келіп, сыртқы экспорт және халық санының тығыздығы бойынша салыстырған кескінмен аяқталады. Алайда Қазақстанның халқының санының Қытайдың бірде-бір провинциясының халқына тең келе алмағандықтан болар, бұл кескіндемеге ілінбепті. Жалғасы
Критериі не болды екен?
мына жерде Жители Казахстана по итогам американского исследования признаны самым красивым народом на планете — депті амрикостарың. Бір жерімізге(Көк Өрік Таусылды) май шелпекті төсей төсей келе ар жағынан не ойлап тұрғанын бір аллам білер. Қонақжай ақжарқын пейілімізді ұтымды қолданып кетпесін пәлелерің. Жер шарын онсызда шаршатып бітірді :-(
Негізінде, тектілік ұлтымыздың мақтанышы — сондықтан сұлу халық шығармыз, оған себеп
Әрі қарай
Негізінде, тектілік ұлтымыздың мақтанышы — сондықтан сұлу халық шығармыз, оған себеп
Шақшаның мәні...
Біздің ауылда Құсайын деген шал бар (шалбар емес кәдімгі ақсақал). Сол кісінің қалтасында екі шақша жүреді екен. (Шақша-насыбай салуға арналған ыдыс, мүшеқаппен шатастырмаңыз).
Бір күні құрдасы Құсекеңнің шақшасын атып отырып, «Осы сен мынаны айтшы. Біз насыбай сұрасақ басқа шақшадан бересің,өзің басқасынан атасың?» деп сұрапты. Сонда Құсекең «мынау менің өзім ататын насыбайымның шақшасы, ал екіншісі атылған насыбайымды салатын шақшам»десе, анау «Е, бәсе! Құсекеңнің насыбайы неге „слабый“ деп ойлап жүрсем»депті.
Әрі қарай
Бір күні құрдасы Құсекеңнің шақшасын атып отырып, «Осы сен мынаны айтшы. Біз насыбай сұрасақ басқа шақшадан бересің,өзің басқасынан атасың?» деп сұрапты. Сонда Құсекең «мынау менің өзім ататын насыбайымның шақшасы, ал екіншісі атылған насыбайымды салатын шақшам»десе, анау «Е, бәсе! Құсекеңнің насыбайы неге „слабый“ деп ойлап жүрсем»депті.
.......................
Бір күні Ордабасы, Атырау және Локомотивтің тренерлері әңгімелесіп отырса үстеріне бір адам кіріп келеді. Әлгі адам: Мен шайтанмын, мәңгі жасаймын және барлығын білем дейтін көрінеді. Сөйтсе Ордабасының тренері: Білсең айта қойшы, командам қашан чемпион болады?-деп сұрайды. Шайтан: 2045-те деп жауап береді. Анау: "Құрып кетсін, мен көре алмаймын ғо",-деп жылай бастайды. Сосын Атыраудікі сұрапты.Оған: 2053-те деп жауап береді. Ол да жылайды.
Локомотивтікі: Жәррррааааайды, ал менікі қашан чемпион болады?
Шайтын: Құрып кетсін, мен де көре алмаймын оныыыыыыыыы…
Әрі қарай
Локомотивтікі: Жәррррааааайды, ал менікі қашан чемпион болады?
Шайтын: Құрып кетсін, мен де көре алмаймын оныыыыыыыыы…
