Арабша Каллиграфия көрмесі

Пост өзімнің жеке пікірім ;) егер қандай да бір қателік болса кешірім өтінемін :)

Өзіміздің, яғни Ғаламарттың Каллиграфиясын жазғанмын. Бүгін 10.00де Парасат қонақ үйінде, арабша Каллиграфия көрмесіне қатысып келіп отырмын. Арабша каллиграфия
Әрі қарай

Ресейде күнэнергиясынан қуатталатын қуаттаушы құрылғы пайда болды... (еріксіз тавтология :-) )

08:00 | 29 апреля 2011
Ресейде Oyama сауда маркісіндегі қуаттағыштар жарық көрді. олардың арасында күннен қуатталатындарыда бар...
Әрі қарай

Пілді де біреу піл дейді-ау...

Біраз жыл бұрын «Аллалап» ақырған арыстан, азан шақырған қораздар ұялы телефондардың флешкасынан жиі орын алушы еді. сонау Сәбет дәуірінде Қарағанды зоопаркінде Батыр атты сөйлейтін пілдің болғанын біреу білсе, екеу білмес.

Әрі қарай

Ұлытауда болдыңба...

ҰЛАР

Құстар жайлы деректерге қарасақ, ұлар – салмағы үш келідей, түсі тас өңдес, тауыққа ұқсас, жергілікті құс. Биік тау шыңдарын мекендейді. Көбіне 5-10-нан топтасып жүреді де тек көктемде ғана жұптасады. Олар өте сақ келеді. Тау бөкте­рінде
Әрі қарай

Ергежейлі керіктер(жираф)

Бір естіген адамға бұл сөз күлкілі болуы мүмкін. Тіпті, самайына сұқ саусағын апарып әлгі сөздің иесін жындылардың қатарына қосуы да мүмкін. Бірақ, бұның еш өтірігі жоқ.Краснодар өлкесіндегі «Сокобловский» фермасына жолыңыз түссе кішкене керіктерді
Әрі қарай

Махаббат элегиясы-2

Мектеп жайына қалып, сабақтан қашып енді екеуміз жиі-жиі киноға баратын болдық. Екі айдан соң Махаббаттың әке-шешесі «Қазақстан» кинотеатрына жақын жерден үй алып, көшіп кетті. Енді бұрынғыдай күнде болмаса да, әр жексенбіде кездесіп тұруға уағдаластық. Екеуміз де аптаның соңын тағатымыз таусылып күтуші едік. Сирек кездесу бір-бірімізге деген ынтызарлығымызды одан сайын арттыра түсті. Сәл кешігіп қалсам Махаббат бұртиып, маған өкпелеп қалатын. Бұртиғанда бетінде болмашы бір шұңқыр пайда болып, онысы бет-әлпетіне әдемі көрік беретін.
Жексенбі сайын Махаббаттың үйінің жанындағы «Қазақстан» кинотеатрына киноға бару үйреншікті әдетімізге айналды. Және қандай кино екені екеумізге де бәрібір еді. Үнді киносы ма, Батыстың киносы ма.., талғамаймыз. Кино тек сылтау ғана. Шындығында бір-бірімізді көру үшін ғана оған кіріп жүргенімізді екеуміз де үнсіз түсінеміз. «Қазақстан» кинотеатрында болатын фильмдердің билеті де аса қымбат емес. Бар-жоғы 20 тиын. Екі сериялы киноға кірсек Махаббат екеумізге 80 тиын ғана кетеді. Оның үстіне сол жылдары мен Торғай облысы, Жангелдин ауданының «Жаңа өмір» газетіне әңгіме жіберіп тұратынмын. Газеттен кейде маған 10-15 сомдай қаламақы келеді. Мұндай ақша Махаббатты қалай қыдыртсам да емін-еркін жетеді. Не деп бара жатырмын мен, дәл осындай бақыт құшағында жүргенімде, тиын-тебен деген де тәйірі сөз болып па.
Кинодан шыққан соң Пастер (бүгінгі Мақатаев) көшесіне жақын жердегі саябаққа барып, қыдырып, күн батқанша әңгіме соғамыз. Әңгімеміз де таусылмаушы еді-ау! Махаббат орыс мектебінде оқығанымен қазақшаны да жетік біледі екен.
Әрі қарай

Джонатан да сөйлейді, Сөйлегенде бүй дейді!



Жамилә деген қыз баланың Джонатанмен қазақша сөйлескен видеосы естеріңде болар. Осыдан екі-үш күн бұрын сол Жамиләмен де Джонатанмен де, әрі Джонатан жайлы фоторепортаж жасаған Қарлығашпен де кездесудің сәті түскен.
Әрі қарай

Cүйдім сені (МузАрт)

Махаббат — мәңгі көктем, әні — дастан,
Жалынды жүректерді тәңір қосқан.
Аяулы арманымды аңсағанда,
Көңілдің көгершіні алып-ұшқан.
Құралай көздеріңнен сыр ұққандай,
Жанарың жүрегімді жылытқандай.
Жарқ етсең жарты әлемге, боламын мен,
Есімімді ұмытқандай.
Әрі қарай

Балқаш көлі

Балқаш көлі — Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі атап келген.

Ақ теңіз деп көлдің батыс жағалауын мекендеген жұрт атаған. Оған себеп: негізгі өзендер Іле, Ақсу, Көксу, тентек және толып жатқан жер асты сулар көлге батыс жағынан құяды да, ондағы көл суының жартысы тұщы болып келді және сырт көрінісі мөлдір ақ түсті болды. Ал, көлдің оңтүстік-шығысын мекендеген ел «Жұмбақ көл» деп ат қойған. Бұл тұстан көлге Лепсі, Аягөз өзендері құяды, ал жер асты сулары бұл жағынан көлге қосылмайды. Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар.
Әрі қарай