Пілді де біреу піл дейді-ау...

Біраз жыл бұрын «Аллалап» ақырған арыстан, азан шақырған қораздар ұялы телефондардың флешкасынан жиі орын алушы еді. сонау Сәбет дәуірінде Қарағанды зоопаркінде Батыр атты сөйлейтін пілдің болғанын біреу білсе, екеу білмес.

Сөйлеген кезде де қазақша сөздерді де айта алған. Ұзақ жылдар бойғы күтушісінің қазақ болғандығынан болар. «Су», «Батыр», «Бер, су бер», «Жақсы» деген секілді сөздерді айта алған. Батыр жалпы жиынтығы 20дан аса орыс-қазақ сөздерін айта алатын болған. Тіпті боғауыз сөздерді де жаттап алған сыңайлы.
Өзін теледидарға түсіріп жатқанын біліп я білмей бір рет «Иди на ху*» дегенді де айтып қалыпты. Бұл сөзді кейін қайталамаған екен.
Мақала себепшісі мына жер. Бала кезімде бір газеттен оқып, сол есіме түсіп бүгін іздеген түрім.
Бөлісу:

7 пікір

Janasil
Піл құрлы жоқпыз ау!!!
Abilakim
Боқтағанда алдымызға піл салмаймыз шыны керек)))
Janasil
қызығы қай пілде /тілде/ екен?