Ето'о Анжиде


Махачкаланың Анжиі Камерундің шабуылшы Самуэль Это'оны Интерден сатып алды. Бұл туралы Интердің сайтында жарияланыпты. Это'Оның құны 36 млн евроға бағаланса керек. Ол алдағы 3 жылда Анжиден 30 млн евро жалақы алады екен. Ол 99 нөмірмен өнер көрсетеді. Анджи бұл жылы трансфер маркетінде үлкен қадамдар жасады. Бұған дейін олар Роберто Карлосты, Юрий Жирковты сатып алған болатын.
Әрі қарай

Бір іскердің ескертуі

Шаблоннан көп нәрсе жоқ қой қазір. Тіпті ағылшынтілді бір ресурста… қызға жазатын хаттың шаблонын көргенмін! Иә, қыздың атын енгізсең — бітті: «О, менің… махаббатым!» деп басталатын өлең де жазып тастайтын )))
Ал енді түйіндеме, арыз жазудан бастап, бизнес-жоспарға дейін көшіріп алып
Әрі қарай

Соғыста өлген әже

Шал мен кемпірдің қолында немересі тұрыпты. Бала неме бірдеңені түсініп қалмасын деп шалы «Кемпір соғысайық» дейді екен. Содан екеуі соғысып алады екен. Күндердің күнінде ойнап жүрген немересін шақырып алған әжесі «Барып атаңа айтып келе қойшы, әжем соғысайық деп жатыр де».содан немересі атасына келіп, «Ата,әжем соғысайық деп жатыр»депті.сонда шал "Әжеңе айтып бар, атам кешегі соғыста өліп қапты де" деген екен.
Әрі қарай

WordPress видеокурсы "Мен блог аштым" #3

Алдыңғы видеосабақты көру үшін мұнда басыңыз>>>



Сұрақтарыңызды посттың астына жазсаңыздар болады. Тек қана менен емес, осындағы WordPress мамандарынан кеңестер ала-аласыздар!
p.s. Түсірілім барысында кішігірім кемшіліктер болып қалды! Кешірім өтінем!
Әрі қарай

Халықтық Спорт ойындары

Біздің облыста 9 Дәстүрлі халықтық спорт ойындары басталды
Маусымның 13-нен 17-не дейінгі аралықта Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығына халықтық спорт және «Сәулетай» балалар ойындарынан 15-ші дәстүрлі жарыстар басталды. Күштілер, батылдар мен ептілер бақ сынасуда.
Әрі қарай

Бір-екі шумақ

Адамзат сезімі…

Жүрекке әмір жүрмейді

Сұраулы жүзбен қарайсың маған.
Жақындасам жалтардың.
Көңілім, неге болды екен алаң,
Жаныңа батты-ау,
шаңшар мұң…
Айтқызбай-ақ,
сездің бе, әлде,
іштегі сырын сезімнің.
Жүргенім де меңіреу халде,
Жетегінде төзімнің.
Мұз еді жүрек көргеннен сені,
Шуағың тиіп еріп еді…
Қайтейін бірақ,
Мен емес теңің.
Ойласам қайғы төгіледі.
Аңсаған күнім алыста тегі,
Білемін, қайта келмейді.
Түсінсең жаным кешірші мені,
Жүрекке әмір жүрмейді

(Жаңғырық Бестәңірі)

Келе берем

Бардым. Тостым.
Сен жоқсың,
сезіндің бе?
Сезіндің бе, шегі бар төзімнің де.
Білесің бе?
Мен сені шын сүйемін,
Келе бергім келеді кезігуге.
Тосып тұрмын,
Уақыт өтіп барады.
Бір көруге өзіңді кетіп тағат.
Ойыңа да келмеді-ау,
бәлкім сенің,
Мен келер деп кешігіп,
тосып қалады.
Айыға алмай түйіткіл жебелерден.
Қайтып барам,
Күдікті ой себелеумен.
Болма мейілі,
Болмағың мен келгенде,
Келе берем,
бәрі-бір келе берем.

(Жаңғырық Бестәңірі)
Әрі қарай

Автокөліктің бағасы күн сайын көтеріліп жатыр

Қазақстанның автонарығында қарбалас кезең басталған сыңайлы.
Өйткені, 1 шілдеден бастап Қазақстанға автокөліктерді әкелудің жеңілдік мерзімі аяқталады. Дәл сол күннен бастап жеке тұлғалардың шет елдік автокөліктерді кедендік рәсімдеуі кезінде
Әрі қарай